Абдуллина г. К


- екінші сигналдық жүйенің жүйке орталығында әр түрлі орналасуына;  -



Pdf көрінісі
бет8/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

екінші сигналдық жүйенің жүйке орталығында әр түрлі орналасуына; 
адамның бейімделу ісінде оң қолдың алымды үстемдігі болуына.
Ми сыңарларының өзара қатынасы симметрия мен доминантты 
қасиеттеріне негізделген. Екі ми сыңары екі түрлі ойлау үрдісін 
ұйымдастырады. Сол ми сыңары талдау ісіне қатысып, қисынды ойлауды, 
индукциялық амалды, ал оң ми сыңары нақтылы, бейнелі ойлауды, 
дедукция амалын басқарады. Сол ми сыңары сөйлеу іс- әрекетін: оны түсіну 
және құрастыру, сөз символдары мен жұмысты қамтамасыз етеді. Оң ми 
сыңары кеңістік сигналына жауапты заттарды көру және сипап сезу арқылы 
таниды. Оған жеткен ақпараттар бір мезгілде және жалпы тәсілмен 
өңделеді. Оң ми сыңарымен музыкалық қабілеттер байланысты.
Сөйлеу орталығы үлкен ми жарты сыңарларының сол жақ бөлігінде 
орналасады. Ол оң қолдың қимыл белсенділігінен қалыптасады. Солақай 
адамдардың да 70% - де сөйлеу орталығы, оңқай адамдардағыдай сол ми 


22 
сыңарында, солақай адамдардың тек 15%- де сөйлеу орталығы оң ми 
сыңарында орналасады. 
Мидың кейбір әрекеттерге ерекше жауапты болып, белгілі үстемді 
орталыққа айналуы латерализация деп аталады. Адамның жоғары жүйке іс-
әрекетінің типтік ерекшеліктері қандай ойлау аппаратын иеленетіндігіне 
байланысты болуы мүмкін. «Көркемпаз» типтер - бірінші сигналдық жүйесі 
басым адамдар, олардың оң ми сыңары жетік, көбінесе бейнелі ойлайды. Ал 
«ойшыл» типтер - екінші сигналдық жүйесі үстем адамдар. Бұлар сол ми 
сыңарына тән дерексіз ойлауды иемденеді. Аралық тип екі сигналдық 
жүйенің әрекеттік теңдесуімен сипатталады, адамдардың көбісі осы типке 
жатады. 
Жалпы мидың бір сыңарының басым болуы туа пайда болады, алайда 
тәрбие мен тәлім де ерекше маңызды орын алады. Сондықтан солақай 
адамдарды қайта үйрету кезінде, олардың ойлау қабілетінің ширақтығы 
тоқырап қалуы ықтимал. Сөз жоқ, адамның қалыпты психикалық іс- әрекеті 
мидың екі сыңарының біріккен жұмысының нәтижесі. Олардың тек бір 
мезгілдегі жұмысы мен бейнелік және дерексіз ойлау тетіктерін бірлестіру 
ғана сыртқы әлемнің құбылыстарын жан- жақты (нақтылы және теориялық) 
қамтиды. Ми сыңарларының өзара қатынасына сыртқы ортаның әр түрлі 
құбылмалы ықпалдары себепші болады. Сонымен ми сыңарының қарым- 
қатынасының екі жақты сипаты психикалық іс - әрекетті және әрекет- 
құлықты тиімді бағытта өзгертуге мүмкіндік туғызады [15]. 
Сөз бір-бірімен тығыз байланысқан тілдік аппараттардың: орталық 
тілдік аппарат пен перифериялық (орындаушы) тілдік аппараттар 
негіздерінде жүзеге асады.
Орталық тілдік аппарат бас мида орналасқан. Оған бас ми қыртысы 
(сол жақ бөліктері), қабықасты түйіндері, өткізуші жолдар, ми бағанасы 
ядролары (сопақша мидағы) және жүйке жолдары (афферентті-эфферентті) 
жатады. Сөз жоғарғы жүйке жүйесінің басқа көріністері сияқты рефлекстер 
негізінде дамиды. Сөздік рефлекстер мидың барлық бөліктерімен тығыз 
байланысты.
Перифериялық тілдік аппаратқа тыныс алу органдары, дауыс бөлімі
артикуляциялық органдар жатады. Сөз тыныс алумен тығыз байланысты, 
тыныс шығару фазасында сөз жүзеге асады. Перифериялық тілдік аппарат 
үш жүйенің арқасында (тыныс алу органдары, дауыс бөлімі, 
артикуляциялық органдар) сөздің пайда болуына әсер етеді: 
- энергетикалық жүйе - дыбыстардың пайда болуына маңызды әсер етуші 
тыныс алу жолдары (өкпе және ең негізгі тыныс алу бұлшық еті — 
диафрагма); сөз тыныс алумен тығыз байланысты, тыныс шығару 
фазасында сөз жүзеге асады. 
генераторлық жүйе— дыбыс толқындарының пайда болуына әсер ететін 
дыбыс тербілістері (вибраторлары: көмей, жұтқыншақ ауыз қуысы). 
Дыбыстық сөйлеу генерациясының алғышарты эволюция үрдісінде 


23 
дыбыстық генерацияның шеткі аппаратының – жұтқыншақ, көмей, дауыс 
желбезегі, төменгі жағының өздігінен жетілуі болып табылады. 
- резонаторлық жүйе (мұрын қуыс, бас ми қаңқасы, жұтқыншақ және 
кеуде қуысы). 
Сөздің жасалуына бас ми қыртысының барлық бөліктері қатысады. 
Әсіресе доминанттық бөлікте орналасқан ми қабықасты аймақтары: көру, 
есту, қозғалыс. Егерде адам дыбыстарды қалай болса солай шығара беретін 
болса, ешкім оны тіл деп санамас еді. Сондықтан сөйлеу мүшелерінің 
қозғалыстары дәл, белгілі заңдылыққа бағынып отырады. Адамда сөйлеуге 
арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, 
ерін, ұрт қатысады. Дауысқа негізі ауыз қуысы мен мұрын қуыстары 
қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан 
бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық 
бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін 
сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет