Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет6/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

Тілдік даму ортасы 
ФАКТОРЛАР 
 
 
 
Ішкі 
 
Сыртқы 
 
Психикалық, тілдік, танымдық
даму жағдайлары
(баланың жеке басына
ықпал ететін) 
Ішкі 
Сыртқы 
Мотивациялық 
еріктік жағдайлар 
Әлеуметтік 
институттар 


18 
Тілдік даму ортасының негізінде баланың жан-жақты және тұлғалық 
дамуын қамтамасыз ететін, жеке басының ерекше мүмкіншіліктерін ашып, 
тілдік белсенділігі арқылы рухани-адамгершілік сезімін қалыптастырамыз. 
Ана тіліне деген сүйіспеншілікті ояту үшін, алдымен «ана тіліне деген 
сүйіспеншілік» сезім ата-аналардың, үлкендердің өзінде болуы керек. 
Жүректен шықпаған сөз жүрекке жетпейді.
Баланың қарым-қатынас жасауы, өмірді тануы, өзінің іс-әрекетін 
жоспарлауы мидың дамуына байланысты қалыптасады, ал даму процесі 
меңгерген сөздеріне үнемі көңіл аударуына байланысты. Тіл адамды 
қоршаған шындықты бейнелейтін белгілер жүйесі. Тілдік белгілерді дұрыс 
меңгерген бала дұрыс сөйлей алады: өз ойын емін-еркін жеткізіп, қарым-
қатынасқа түседі. 
А.М. Леушина, А.А. Пеньевская, Л.П. Федоренко, Г.А. Фомичева, 
В.К. Лотарев сынды ғалымдар сөздің эмоциялық бояуын балалар жалпы 
тілді үйренгеннен бастап сезіне бастауының, оларға әсіресе ырғақтың 
мәнерлігі түсінікті және әлі бір сөзді түсінбей тұрып, бала үлкендердің 
сөзінен еркелету, құптау, ашулану ырғақтарын ажыратып, жауап беретінін 
атайды. А.П. Федоренко баланың тілді үйренуі тілді сезінуінің дамуына 
байланысты екендігін көрсетті [9]. 
Тілді дер кезінде және сапалы меңгеру баланың жоғарғы психикалық 
функцияларының дұрыс қалыптасуымен және оның кейін жақсы 
дамуының алғашқы аса маңызды шарты. Үлкен ми сыңарлары 
қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы 
орталықтардың бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу 
жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дер 
кезі дегеніміз бала дүниеге келген алғашқы күннен бастау, сапалы 
дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың әрбір 
жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалану.
Алғашқы жас сатысында баланың тілін дамытуға назар аудару ерекше 
маңызды, өйткені осы кезде баланың миы жедел өсіп, оның қызметі 
қалыптасады. Орталық жүйке жүйесінің қызметі оның табиғи қалыптасуы 
кезеңінде жаттықтыруға оңай бейімделетіндігі физиологтарға белгілі. 
Жаттықтырусыз бұл қызметінің дамуы тежеліп, тіпті мәні тоқтап та 
қалады. 
Т.М. Әбдікәрімова сөйлеуді – адам психикасының шығармашылық 
қасиеті деп тұжырымдаған. Бірақ психиканың шығармашылық қызметі 
белгілі бір анатомиялық – физиологиялық негізде ғана дами алады. Тілді 
жүйелі дамыту, даму - ойлау аппаратының құрылымдары, сөзді айту 
механизмдері әбден толық қалыптасып болғаннан кейін ғана қолға алуға 
болатын процесс. 
Қорыта айтқанда, тек қана ұйымдасқан түрде жан-жақты жүргізілетін 
жұмыстың арқасында ғана көздеген мақсатқа жетіп, нәтижесін сезіне 
білуге болады. Педагогикалық - психологиялық талаптарға сай іріктелген
әдіс – тәсілдер, көрнекіліктер, оқу тәрбие ісінің түрлері, ата – ана, ұстаз – 


19 
бала ынтымақтастығы негізінде ғана баланың тілі жан-жақты дамып, өз-
өзіне сенімі артып, сана-сезімі, талғамы қалыптасады.
Мектепке дейінгі балалардың тілін жан – жақты терең де, сапалы
дамыту арқылы тілдік сезімі, ұғымы, талғамы, қажеттілігі тәрбиеленеді. 
Тілдік даму сезімдер негізінде қалыптасатындығын сипаттай келе, тәрбие
мен тілдік дамудың ұқсастығын, үндестігін байқау қиын емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет