Абдуллина г. К


Бала сөйлеу тіліндегі кемістіктерді диагностикалау



Pdf көрінісі
бет39/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

Бала сөйлеу тіліндегі кемістіктерді диагностикалау 
жұмысын жүргізу
Диагностикалық жұмыс логопедиялық тексеруден басталады. 
Логопедиялық тексеру төмендегі кезеңдерден тұрады: 
- артикуляциялық аппаратты тексеруден
- балалардың дыбысты дыбыстауын тексеруден, 
- фонематикалық қабылдауын тексеруден. 
Артикуляциялық аппаратты тексеру дыбыс шығаратын барлық 
мүшелерді: ерінді, тілді, тістерді, астыңғы және үстіңгі жақтарды, таңдайды 
тексеруден басталады. Логопед тексеру барысында артикуляциялық 
аппараттардың құрылысында кемістіктердің бар немесе жоқ екендігіне 
көңіл аударады. Тексеру барысында қозғалатын және қозғалмайтын 
артикуляциялық аппараттардың құрылымдық мүшелеріндегі аномалиялық 
жағдайдарды анықтауы мүмкін: 
- ерін: толық, бұлшықетті, қысқа, қозғалысы шектелген; 
- тістер: сирек, қисық, ұсақ, жақ сүйектеріндегі орналасуы ретсіз, ірі әрі 
бір-бірімен байланысы жоқ-тұтас, тістерінің арасы өте алшақ, үстіңгі және 
төменгі тістерінің қосылмауы; 
- үстіңгі және астыңғы жақтарының қосылмауы (прикус) тістің алдыңғы 
жақтарының ашық болуы, оң және сол жақтарының ашық болуы


85 
- жақ сүйектері: астыңғы немесе үстіңгі жақтарының алға қарай тым 
шығыңқы болуы; 
- таңдай: жіңішке, биік немесе төмен әрі жалпақ орналасуы; 
- тіл: үлкен, кішкентай немесе тым үлкен, тіл астындағы байланыстың -
үзеңгінің (уздечка) қысқа болуы. 
Балалардың дыбысты дыбыстауын тексеру барысында кез-келген 
дыбыстың жеке айтылуын; буында, сөзде, сөйлемде, сөздің бастапқы 
буынында, сөздің ортасында, сөздің соңында дыбысталуын тексереді. 
Тексеру барысында дыбысты дыбыстауда, тілдің грамматикалық 
құрылымында, сөздік қорының төмендігінде және сөйлеу қарқыны мен 
қалыптылығында байқалады. 
Фонематикалық қабылдауын тексеру балалардың дыбысты дыбыстауын 
тексерген соң жүргізіледі. Логопед баланың кез-келген дыбысты қалай 
еститінін, естіген дыбыстарды қалай ажырататынын және сөздердегі 
дыбысталуы мен айтылуына қарай қалай ажырытатынын анықтап тексереді. 
Нәтижесінде балаларда кездесетін дыбыстық (дислалия мен ринолалия) 
кемістіктерді ажыратады. Белгілі бір топтағы дыбыстардың айтылуындағы 
ерекшеліктеріне қарай дислалия мынандай түрлерге бөлінеді: 
1. Сигматизм гректің «сигма» деген әрпінің дыбысталуымен ысқырық (с,с, 
э,з,ц) және ызың (ш,ж.ч, щ) дыбыстарының айтылуындағы ең көп тараған 
түрлері, сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы ең көп тараған түрлері. 
2. Ротацизм гректің «ро» деген әрпі «р» дабысын білдіреді, «р» 
дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын мүкістік. 
3. Ламбдацизм гректің «ламбда» деген әрпін «л» дыбысын білдіреді, «л, л1» 
дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын мүкістік. 
4. Сөйлеу тіліндегі айтылуында болатын таңдай дыбыстарының 
ақаулықтары; 
каппацизм – «к,к»дыбыстары; 
гаммацизм – «г, г»дыбыстары; 
хитизм –«х, х» дыбыстары; 
йотацизм«й» дыбысы; 
(гректің капп, гамма, хи, йота деген әріптері «қ,г,х,й» дыбыстарын білдіреді). 
5. Ұяң дауыссыз дыбыстарының ақаулығы-сөйлеу тіліндегі ұяң дауыссыз 
дыбыстардың 
айтылуындағы 
ақаулықтар. 
Бұндай 
ақаулықта 
ұяң 
дауыссыздар өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырада: в-
п, д-т, в-ф, з-с, ж-ш, г-ғ, к-қ. Бұндай ақаулықтар құлағы нашар еститін керең 
балаларда жиі кездеседі, 
6. Жіңішке дауыссыз дыбыстардың ақаулықтары. Сөйлеу тіліндегі жіңішке 
дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастыру 
ақаулықтары: д-д, п -п, кх к# р -р.Өздерінің жіңішке сыңарлары жоқ ш,ж,ц 
дыбыстары мен қатаң сыңарлары жоқ ч,щ,й дыбыстарында бүтіндей 
ақаулықтар кездеспейді. 


86 
Қарапайым тілдік кемістіктерді коррекциялау жұмысы екі кезеңнен 
тұрады: - даярлық кезеңі, - дыбыстарды дұрыс дыбыстаудың іскерлігі мен 
дағдыларын қалыптастыру. 
Күрделі тілдік кемістіктерді медициналық-клиникалық, психикалық
логопедиялық 
тексерулер 
арқылы 
анықтайды. 
Күрделі 
тілдік 
кемістіктердің шығу себептері эндогенді және экзогенді болып бөлінеді. 
Әйел адамның екіқабат кезіндегі токсикоздық жағдайлар; әртүрлі 
инфекциялар 
аурулар, 
интоксикацияның 
ықпалынан 
оттегінің 
жетіспеушілігі және басқада бірқатар жәйттердің нәтижесіндегі құрсақтағы 
зақымданудан туылған балада орталық жүйке жүйесінің органикалық 
зақымдануы; асфиксия пайда болуы, баланың шала тууы және т.б. күрделі 
ауытқулар мен кемістіктер кездеседі. Бас мидың құрсақтағы және дамып 
қалыптасу барысындағы зақымдануына байланысты тілдік кемістіктер де 
әртүрлі деңгейде көрініс береді.
Дыбысты дұрыс айтуын түзету-қалыптастыруда логопедиялық түзету 
жұмыстарының маңызы өте зор. Түзету жұмысының басталу кезінде 
сөйлеу 
мүшелерінің 
қимыл-қозғалысын 
анықтайтын, 
дамытатын 
жаттығулар жасалады. Жаттығулардың негізгі мақсаты – дыбысты дұрыс 
айтуға қажет сөйлем мүшелерінің қалпын анықтап, қимыл-қозғалысын 
дамыту. Сондықтан, тек қана қойылатын дыбысқа байланысты жаттығу 
ғана пайдаланады. Дағдылар тез қалыптасу үшін дайындық жаттығуларын 
күніне 3 - 5 минуттан бірнеше рет қайталау керек. Жаттығуларды, әдетте, 
айнаның алдында отырып жасайды. Балаларға қызықты болу үшін ойын 
түрінде өткізу тиімді. Әр жаттығу төмендегідей кезекпен жүргізіледі: 
- жасайтын жаттығу туралы балаларға түсіндіру, ойын түрінде әңгімелеу
(мысалы «көңілді тіл туралы ертегі»); 
- жаттығуды балаларға көрсету; 
- айнаның алдында баланың жаттығуды жасауы; 
- жаттығуды қалай жасағанын тексеріп, қателерін көрсету; 
- жаттығуды айнасыз орындау.
Жаттығуды орындау кезінде логопед балалардың қимыл-қозғалысын, 
жылдамдығын, бір қимылдан екінші қимылға ауысуын, толық дұрыс 
орындауын қадағалап отырады. Балалар қызыға түсу үшін жаттығуларды 
ойын түрінде ұйымдастыра жүргізу тиімді. 
Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудедегі 
логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылған. Мысалы, Ф.Ф. 
Рау екі кезеңге бөлсе, О.В. Правдина мен О.В. Токарева үш кезеңге, ал 
М.Е. Хватцев төрт кезеңге бөлді. Ғалымдар көрсеткен кезең саны әртүрлі 
болғанымен олардың негізгі мақсаты бір болып келеді.
Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты 
төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді болып саналады: 
- Дайындық кезеңі; 
- Дыбысты қою кезеңі; 
- Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі


87 
- Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі 
Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ, бірінің аяқталуы 
екіншісінің басталуына ұласып кетеді. Дайындық кезеңнің негізгі 
мақсаттары: баланы түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде 
тапсырмаларды орындауға үйрету; зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін 
дамыту; арнайы логопедиялық міндеттерге артикуляциялық дұрыс 
қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату жатады.
Логопедиялық тексеріс жүйелі түрде әр түрлі көрнекі-құралдардың 
көмегімен, логопедтің басшылық етуімен жүзеге асады. Әр оқушы жеке-
дара тексеріледі. Логопедиялық тексерісте оқушының артикулляциялық 
аппараты, сөздік қоры, дыбысты айтуы мен ажыратуы, фонематикалық 
есту қабілеті, тілінің грамматикалық құрылысы, сөйлеу тілін түсінуі, 
жалпы тіл байлығы тексеріледі. Тексеріс барысында оқушының мінез-
құлқына, тіл байлығына, тілінің дамуына ерекше назар аударылып, 
логопедиялық қорытынды жасалады.
Логопедиялық тексеріс – логопедиялық жұмыстың негізгі бастауы, 
көзі болып табылады. Мысалы, «Инеше» Мақсаты: Тілді жіңішкертіп, осы 
қалыпта ұстауды үйрену. 
Сипаттамасы: Ауызды ашып, тілді шығарып, тілді жіңішкерткен 
қалыпта 1- ден 5 – 10 ға дейін ұстап тұру. Мыналарға назар айдару керек: 
Тіл ерінде жатпайды, ерінге тимейді, алға қарай созылады. 
«Кеме» Мақсаты: Тілді үстіңгі тістердің артына қоюды үйрену. Тілдің 
бұлшық еттерін бекіту. Сипаттамасы: Күлімсіреу, ауызды кең ашып, тілдің 
ұшын үстіңгі тістердің артына тіреп қою. 5-10 секунд ұстап тұру. Назар 
аудару керек: 1. Тілдің екі жақ шеттері «Кесе» жаттығуындағыдай үстіңгі 
шеткі тістерге тимеуі мүмкін. 2. Егер сіз балаға «ы-ы-ы» дыбысын тілдің 
ұшын үстіңгі тістерге аздап батырып әнднтіп айтқызсаңыз «Л» дыбысы 
шығуы мүмкін. 
«Кучер» Мақсаты: Тіл мен еріннің вибрациясын дамыту, «Р р» 
дыбысын айту үшін артикулляциялық мүщелерді дайындау. Дем шығару 
күшін дамыту. Сипаттамасы: Еріндерді қосып, еріндер арқылы қатты 
үрлеу. Еріндер вибрацияланады, «тпру– у-у» деген дыбысқа ұқсас дыбыс 
естіледі. Нұсқа: Еріндердің арасына тілдің жалпақ шетін қойып, үрлеу. 
Тілдің шеттері еріндермен бірге вибрацияланады. Назар аудару қажет: 
Егер бала бұл жаттығуды орындауда қиналса, балаға еріндерді қаттырақ 
қосып, қаттырақ үрлеуді ұсыңыныз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет