1-тапсырма. Power Point-та презентация құру тәсілдерін үйрену.
MS Power Point бағдарламасын іске қосу.
Ашылған терезенің оң жағында пайда болған Құру өрісінен Жаңа презентация гиперсілтемесін шерту.
Терезенің оң жағындағы Слайдты белгілеу терезесінен Тек тақырып макетін (үлгісін) бір шерту.
1-слайдтағы тақырып енгізілетін орынды бір шертіп, қаріп түрін, мөлшерін, түсін таңдап, Физика және математика тақырыбын енгізу.
Ескерту: Келесі слайдтар құрған кезде әрдайым мәтін енгізетін орынды бір шертіп, қаріп түрін, мөлшерін, түсін таңдауды ұмытпау.
Түр – Слайдтарды сұрыптау әмірін беріп, 1-слайдтың жанына тышқанды бір шертіп, Кірістіру – Слайд құру әмірін орындау.
Слайдты белгілеу терезесінен Тақырып және мәтін макетін таңдап, мегзерді 2-слайд үстіне апарып, тышқанды екі рет шерту.
Ескерту: Слайдты белгілеу терезесі көрінбеген жағдайда Пішім – Слайдты белгілеу әмірін орындау.
2-слайд тақырыбында Факультет кафедралары мәтінін енгізу.
Тақырыпшалар ретінде келесі мәтіндерді енгізу:
Информатика кафедрасы
Бағдарламалау кафедрасы
Физика кафедрасы
Жоғарғы математика кафедрасы
Кәдімгі режимге Түр – Кәдімгі әмірін орындап өту.
Терезенің сол жағында пайда болған 2-слайд соңына бір шерту.
Слайдты белгілеу Слайдты белгілеу терезесінен тақырып, схема немесе ұйымдастыру диаграммасы макетінің үстіне тышқан көрсеткішін қою, төмен бағытталған тілсызықты, одан Жаңа слайд құру гиперсілтемесін шерту.
3-слайд тақырыбына Физика және Математика мәтінін енгізу.
Диаграмма орналасатын орынды екі рет шертіп, ашылған терезеден диаграмма типін таңдап, ОК басу.
Диаграмма тақырыбына Факультет құрылымы мәтінін енгізу.
Диаграмманы көрсетілген түрде толтыру.
4-тікбұрышты қосу үшін, 3-тіктөртбұрышты ерекшелеу, Ұйымдастырушы диаграмма терезесіндегі Фигура қосу батырмасынан төмен бағытталған тілсызықты шерту.
Оның ішінен Коллега стилін таңдап, толтыру және диаграммадан тыс жерге шерту.
1.9.-1.10- тапсырмаларды қайта орындап, келесі слайдқа Титулдық слайд макетін таңдау.
Слайд тақырыбына Ақпараттандыру кафедрасы мәтінін енгізіп, ал тақырыпшаға келесі мәліметтерді енгізу: Кафедра 2002 жылы қыркүйек айында Информатика және есептеуіш техникасы кафедрасының негізінде құрылған. Кафедрада 2 ХҚТУ профессоры, 3 доцент, 8 ғылым кандидаты, 2 аға оқытушы, 1 лаборант, 1 оператор қызмет етеді. Кафедра кабинеттері ең соңғы үлгідегі компььютерлермен және интербелсенді тақтамен жабдықталған.
1.9.-1.10. тапсырмаларды орындап, келесі слайдқа Тақырып және кесте слайд сакетін таңдау.
Слайд тақырыбына Информатика атын енгізіп, кесте кірістіру үстіне 2 рет шертіп, бағын саны 3, қатар саны 4 деп енгізіп, ОК басу.
Кесте түрінде берілген келесі мәліметтерді енгізу:
Достарыңызбен бөлісу: |