Асыл аналар


«Мен оны Мәриям деп атадым, Өзіңнен оны және оның



Pdf көрінісі
бет41/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   200
Asyl-analar

«Мен оны Мәриям деп атадым, Өзіңнен оны және оның 
ұрпағын қуылған шайтаннан (сақтауың үшін) пана 
сұратамын»
1
, – деп дұға етті. 
Көптеген риуаятқа қарағанда, шайтан Адамның (аләйһис-
сәләм) бүкіл ұрпағын жек көретіндігінен кез келген нәресте 
туылғанда, оны қолымен нұқиды екен. Міне, осы үшін 
Мәриямның анасы дүниеге әкелген сәбиі мен келер ұрпағына 
алаңдап, шайтанның жәбірінен оларға пана сұрап, Раббысына 
дұға қылған. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисінде айтылғандай, 
Мәриям және оның ұлы Иса (аләйһис-сәләм) шайтанның 
нұқуынан аман болған. 
Аллаһ тағала Мәриямның анасының айтқан шағымдарын 
көркем даналықпен қабыл алып, ер бала мен қыз баланың арасын 
айырмай, Өз үйі Бәйтул-Мақдисте ер балалармен қатар қыз 
баланың қызмет етуін жүзеге асырды. Бұл қалай жүзеге асқан 
еді? Сол ғасырдың ғұламалары бас қосып, «Қыз бала Аллаһ 
үйінде қызмет ете ала ма?» деген мәселені талқылап, қыз 
баланың мешітте қызмет етуіне ешқандай кереғарлық таппай, 
Мәриямды Бәйтул-Мақдиске қабылдауға шешім қабылдады.
«Оны Раббысы көркем түрде қабылдады және оны көркем 
түрде бойжеткізді (өсірді)»
2

Бәйтул-Мақдисте қалыптасқан тәртіп бойынша нәзірге келген 
әрбір балаға белгілі бір ұстаз кепіл болып, оны өз тәрбиесіне 
алатын. Кішкентай Мәриям ғибадат үйіне қабылданғанда, оны өз 
кепіліне алуға ниет білдірген ұстаздар өте көп болады, тіпті оны 
бәрі де тәрбиелеуге құштарлық танытады. Олардың бұл сәбиге 
қызығушылығын арттырған нәрсе Мәриямның пайғамбарлармен 
қатар аталған текті отбасынан шыққандығы еді. Әкесі Имран
1
«Әлі Имран» сүресі, 36-аят. 
2
«Әлі Имран» сүресі, 37-аят. 


52
 
 
анасы да тақуа, діншіл әйелдерден болатын. Ақыр соңында көп 
талас-тартыстан кейін бір келісімге келе алмаған олар: «Біз бұл 
ісімізге Аллаһты төреші қылайық», – деп бәрі бір-бір қаламнан 
алып, өзенге лақтырады. Аллаһ тағала Құранда:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет