Аяпбергенова гульсум сагындыковна



бет39/48
Дата11.04.2024
өлшемі4.5 Mb.
#498402
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
ayapbergenova-g-s-phd-s-sp (2)

ҚОРЫТЫНДЫ

Жоғары оқу орны түлектерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін оқу жоспарының барлық пәндерін оқу барысында ең қарапайым проблемалы міндеттерден бастап, кәсіптік білім беру және өндіріс мекемелерінің тапсырысы бойынша айтарлықтай күрделі нақты жобалармен аяқталатын жобалардың арнайы құзыретілігін кең қалыптастыру негізінде олардың жобалық іскерліктерін қалыптастыру қажет.


Жоғары оқу орны түлектерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін, оқу жоспарының барлық пәндерін оқу барысында, ең қарапайым проблемалық тапсырмалардан бастап, кәсіптік білім беру және өндіріс мекемелерінің тапсырыстарына сәйкес мейілінше күрделі нақты жобалармен аяқтай отырып, жобалау іскерліктерін қалыптастыру қажет.
Психологиялық және педагогикалық әдебиетті талдау болашақ мұғалімді дайындауда жобалардың арнайы құзыреттілігін қалыптастыру ерекшелігін зерттеудің теориялық алғышарттары болып табылатын бес жұмыс тобын бөліп қарастыруға мүмкіндік берді: бірінші топты жоғары оқу орны жағдайында; колледжде; жалпы білім беретін мектепте жобалар әдісін қолданудың сипаттамасын қамтитын зерттеу еңбектері құрайды; екінші топтағы зерттеулерде жалпы білім беретін мектепте; қосымша білім беру мекемелерінде жобалар әдісі пайдалану бойынша ұсыныстар берілген. Аталған топқа болашақ педагогті, студенттерді және техникалық модельдеуді үйренудегі шетел тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жобалар әдісін жүзеге асыруға арналған зерттеулер кіреді; үшінші топ жеке - бағытталған оқыту контекстінде, сондай-ақ оқушылардың және студенттердің жобалау іс-әрекеті әдістерінің түрлі аспектілерін қарастырады; жұмыстардың төртінші тобы кәсіби қалыптастыру мәселелеріне; ақпараттық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру; болашақ педагогты оқушылардың жеке білім траекторияларын жобалаудың, электронды білім беру ресурсын жобалау, интернет-жобалау, телекоммуникациялық жобалау, интегративтік-жобалау және т.б. жобалаудың әдіс-тәсілдерін зерттеуге арналған; бесінші топқа болашақ мұғалімдердің ақпараттық технологияларды қолдану мен іске асыруға дайындығын қарастыратын зерттеу жұмыстарын енгіземіз.
Міне, сондықтан бүгінгі таңда жоғары мектепте жобалар әдісі негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің күш-жігерінің арқасында кәсіптік білім беруді жаңғырту процесі мүмкін болатын арнайы құзыреттілігін қалыптастыруды жүйелі зерттеу объективті қажеттілік болып табылады.
Жоғарыда аталған жұмыстар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің күш-жігерінің арқасында кәсіби білім беруді модернизациялау процесі мүмкін бола алатын жоғары мектептегі жобалар әдісін қолдану негізінде арнайы құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін жүйелі түрде зерттеу қажеттілігін өзекті етеді.
Аталған мәселені шешудің көкейкестілігі әлеуметтік-педагогикалық, ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік деңгейдегі келесі себептермен анықталады.
Сонымен қатар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптпастырудың көкейкестілігінің қарқынына қарамастан, мақсаттар мен нақты нәтижелер арасында; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың қажеттілігі мен қазіргі қолданыста жобалар әдісін бұл мәселені шешудегі мүмкіндіктерінің толыққанды пайлаланылмауының арасында; тұжырымдалған мәселенің теориялық тұрғыдан жеткіліксіз әзірленуі және оны шешудің практикалық маңыздылығы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастыруды теориялық негіздеумен, оны тәжірибеде жүзеге асырудың оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеуі арасында қарама-қайшылықтар байқалады.
Бұл қарама-қайшылықтар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мәселенің теориялық тұрғыдан жеткіліксіз әзірленуі және оны шешудің практикалық маңыздылығы және жаңартылған білім беру тәжірибесінде сұранысқа байланысты өзектілікті айғақтайды.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру келесі төрт зерттеу міндеттерінің шешімін іздестіруді қарастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет