«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша семинар сабақтарының үлгі тақырыптарының, ОСӨЖ, СӨЖ тақырыпшаларының мазмұнына енгізілген қосымша материалдар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың қажеттілігін түсінуі, қызығушылығы, арнайы құзыреттіліктерді жобалар әдісі негізінде қалыптастырудағы жауапкершілігі, оларды қалыптастырудың жаңа амал-тәсілдерін меңгеруге ұмтылысы сияқты негізгі бағыттарын қамтитын теориялық және практикалық, әдістемелік даярлаудың сапасын арттыруға қол жеткізді.
Сонымен, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың маңыздылығын түсініп олардың қызығушылықтары, жауапкершіліктері жоғары деңгейде байқалғандығын көреміз.
Эксперименттік топтарда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырды қамтамасыз ететін когнитивтік компонент деңгейлерінің жоғарылағандықтарын кестеде көре көре аламыз. Алдынғымен салыстырғанда эксперименттік топтарда жоғары деңгейдегілердің саны көтерілді: ЭТ-1, ЭТ-2 және ЭТ-3 топтарында 6,06%-ға, 6,89%-ға және 10%-ға дейін.
Кесте 12 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың когнитивтік компонентінің деңгейлері (бірінші кесінді)
Топтар
|
Студенттер саны
|
Төмен деңгей
|
Ортадеңгей
|
Жоғары деңгей
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
БТ
|
28
|
21
|
75
|
7
|
25
|
0
|
0,00
|
ЭТ-1
|
29
|
13
|
44,82
|
14
|
48,29
|
2
|
6,89
|
ЭТ-2
|
33
|
14
|
42,42
|
17
|
51,52
|
2
|
6,06
|
ЭТ-3
|
30
|
13
|
43,34
|
14
|
46,66
|
3
|
10
|
Орта деңгейлердегілерде де бастапқы кесінді нәтижелерімен салыстырғанда 46,66%-ға, 48,29-ға және 51,52%-ға дейін жоғарылағандықтары көрінеді. Бақылау тобындағылардың (БТ) төмен 14,28% және орта деңгейлерінде аздаған өзгерістер бар (кесте 12).
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың мотивациялық компоненті бойынша іс-әрекеттік компонент бойынша бірінші кесіндіні өткізуде келесідей нәтижелер байқалды.
Кесте 13 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың іс-әрекеттік компоненттің деңгейлері (бірінші кесінді)
Топтар
|
Студенттер саны
|
Төмен деңгей
|
Орта деңгей
|
Жоғары деңгей
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
БТ
|
28
|
23
|
82,1
|
5
|
17,9
|
0
|
0,00
|
ЭТ-1
|
29
|
16
|
55,17
|
11
|
37,94
|
2
|
6,89
|
ЭТ-2
|
33
|
14
|
42,43
|
16
|
48,49
|
3
|
9,08
|
ЭТ-3
|
30
|
12
|
40
|
15
|
50
|
3
|
10
|
Алғашқы мен бірінші кесінділердің нәтижелерін талдай отырып, іс-әрекеттік компонент көрсеткіштерінің эксперименттік топтарда төмен көрсеткіш азайғандығын және орта деңгейде аздап өзгергендігін көреміз және орта деңгейдің де аздап өскендігін байқаймыз. Студенттердің жоғары деңгейі орта есеппен 6,89%-ға жеткендігін көрсетеді. БТ –да төмен және орта деңгейлері аз өзгерістерді байқатты. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың рефлексивтік компонентінің деңгейлері келесі кестеде ұсынылады (кесте 14).
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың рефлексивтік компонент деңгейлері алғашқы және бірінші кесінділердің нәтижелерін салыстырмалы талдау жасауда жоғары деңгейдегі студенттерде айтарлықтай өзгеріс көрінбеді. Студенттер жоғары деңгейге қол жеткізген қатары ЭТ-1 тобынан 6,89%-ға; ЭТ-2 тобынан 6,06%-ға; ЭТ-3 – тобынан 6,67%-ға өскен. Осы орайда төмен деңгейді көрсеткен студенттер саны ЭТ-1 – 17,23%-ға; ЭТ-2 – 25,7%-ға, ЭТ-3 – 28,17%-ға азайса, БТ тобында айтарлықтай өзгерістер болмады.
Кесте 14 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың рефлексивтік компоненттің деңгейлері (бірінші кесінді)
Топтар
|
Студенттер саны
|
Төмен деңгей
|
Орта деңгей
|
Жоғары деңгей
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
БТ
|
28
|
22
|
78,57
|
6
|
21,43
|
0
|
0,00
|
ЭТ-1
|
29
|
13
|
44,83
|
14
|
48,28
|
2
|
6,89
|
ЭТ-2
|
33
|
12
|
36,36
|
19
|
57,58
|
2
|
6,06
|
ЭТ-3
|
30
|
11
|
36,66
|
17
|
56,67
|
3
|
6,6
|
Екінші кесінді 3-ші курста 5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша типтік оқу жоспарына сәйкес кәсіптендіру пәндер компонентінде таңдау компонентінде V семестрде «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі», «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі», «Дүниетануды оқыту әдістемесін» жоспарланған пәндерді меңгертумен қатар педагогикалық практикада іске асырылды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі» және «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі курстарын меңгертуде бойынша педагогикалық-психологиялық, технологиялық және арнайы әдістемелік білімдері жүзеге асады.
Аталған әдістемелік пәндерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жеке тұлғалық бағытталған білім берудің мәні және арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру және оларды қолдану мүмкіндіктері жөніндегі қосымша білім көздерін іздестіруге қажеттілігін түсінуге септігін тигізді. Сыналушылар арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу бойынша практикалық іскерліктері мен дағдыларының, арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды жобалау іскерлігінің, арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру шараларын өңдемелеу іскерлігінің, арнайы құзыреттілікті жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды насихаттау іскерлігіне байланысты екендігіне мән берілді.
III курста оқитын болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың мотивациялық компонентінің өзгеру деңгейін анықтау 2018-2019 оқу жылының соңында ұйымдастырылды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың мотивациялық компонентінің деңгейлерінің нәтижелерін салыстырмалы талдау барысында жоғары деңгейде өзгерістер бар екендігі анықталды.
Мотивациялық компонентінің жоғары деңгейіне салыстырмалы талдау өткізу барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда тенденциялар байқалды: ЭТ-1 – 6,89%-ға, ЭТ-2 – 12,12%-ға, ЭТ-3 – 23,24%-ға көтерілген. Яғни, төмен көрсеткіштер айтарлықтай азайған. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың когнитивтік компонентінің қарқынды дамуын екінші көрсеткіште байқалады.
Кесте 15 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың мотивациялық компонентінің деңгейлері (екінші кесінді)
Топтар
|
Студенттер саны
|
Төмен деңгей
|
Орта деңгей
|
Жоғары деңгей
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
БТ
|
28
|
26
|
75,00
|
4
|
25,00
|
0
|
0,00
|
ЭТ-1
|
29
|
11
|
37,93
|
16
|
55,18
|
2
|
6,89
|
ЭТ-2
|
33
|
12
|
36,36
|
14
|
51,52
|
4
|
12,12
|
ЭТ-3
|
30
|
11
|
36,66
|
12
|
40
|
7
|
23,34
|
Жалпы алғанда, сыналушылардың сауалнама сұрақтарының бірінші блогына жауаптарын талдау нәтижелері бойынша біз келесідей қорытынды жасай аламыз:
1. Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру туралы түсініктернің молая түскендігіне назар аударамыз. Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру тәсілдері негізінен жобалу белсенділігін арттыруға бағытталған.
2. Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру туралы түсініктері арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың нәтижелеріне барабар баға беру және арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың кемшіліктерін анықтау, жетілдіру жолдарын болжау қажеттігімен сипатталды.
3. Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың нәтижелерін өздік талдаудың бағаланатындығы анықталды. Оны ЭТ-1 – 17,26%-ға, ЭТ-2 – 9,09%,-ға, ЭТ-3 – 16,67%-ға көтерілгендігі айғақтайды.
Кесте 16 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың когнитивтік компонентінің деңгейлері (екінші кесінді)
Топтар
|
Студенттер саны
|
Төмен деңгей
|
Орта деңгей
|
Жоғары деңгей
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
БТ
|
28
|
21
|
75
|
7
|
25
|
0
|
0,00
|
ЭТ-1
|
29
|
12
|
41,37
|
12
|
41,37
|
5
|
17,26
|
ЭТ-2
|
33
|
12
|
36,37
|
18
|
54,54
|
3
|
9,09
|
ЭТ-3
|
30
|
11
|
36,66
|
14
|
46,67
|
5
|
16,67
|
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың іс-әрекеттік компонентінің нәтижелерін алғашқы және бірінші кесінділермен салыстырмалы талдауда эксперименттік топтағы сыналушылардың деңгейлерінің өзгергендігін байқадық.
Кесте 17 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың іс-әрекеттік компонентінің деңгейлері (екінші кесінді)
Топтар
|
Студенттер саны
|
Төмен деңгей
|
Орта деңгей
|
Жоғары деңгей
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
БТ
|
28
|
23
|
82,1
|
5
|
17,9
|
0
|
0,00
|
ЭТ-1
|
29
|
14
|
48,29
|
12
|
41,37
|
3
|
0,34
|
ЭТ-2
|
33
|
11
|
33,33
|
17
|
51,51
|
5
|
5,16
|
ЭТ-3
|
30
|
10
|
33,33
|
15
|
50
|
5
|
6,67
|
Рефлексивтік компонент деңгейлерін алғашқы және бірінші кесіндіде алынған нәтижелермен салыстырғанда жоғары деңгейдегілердің саны басым. Алынған көрсеткіштерге сәйкес жоғары деңгей студенттердің 52%, орта деңгей 48%, төмен деңгейді аз студент.
Кесте 18 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың рефлексивтік компонент деңгейлері (екінші кесінді)
Топтар
|
Студенттер саны
|
Төмен деңгей
|
Орта деңгей
|
Жоғары деңгей
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
БТ
|
28
|
22
|
78,57
|
6
|
21,43
|
0
|
0,00
|
ЭТ-1
|
29
|
11
|
37,93
|
15
|
51,72
|
3
|
0,35
|
ЭТ-2
|
33
|
10
|
30,30
|
21
|
63,63
|
2
|
6,07
|
ЭТ-3
|
30
|
9
|
30
|
16
|
53,34
|
5
|
6,66
|
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың рефлексивтік компонентінің деңгейлерінің көрсеткіші үшінші курс студенттерінің өздеріне баға беру арқылы анықталды: студенттердің 25,20% – жоғары, 56,6% – орта, 14% – төмен деңгейін көрсетеді.
2019-2020 оқу жылының соңында «Бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру негіздері» элективтік курсын мен өндірістік практика, диплом алды практикадан кейін мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік, рефлексивтік компоненттер бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің дайындық деңгейін үшінші кесінді де анықтадық.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өндірістік практикадан өткеннен соң біз болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға деген ынталарын, жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруге деген құлшынысының қарқындылығын оны педагогикалық іс-әрекетте жүзеге асыруға, қажетті теориялық және әдістемелік білімдерді игеруге белсенділігін және арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға деген сенімділігі артқандығын көреміз. Бұларды нақты мысалдармен сипаттап көрсететін болсақ, «Бастауыш сынып мұғалімі мамандығын сіз саналы түрде таңдадыңыз ба?», – деген сауалнамаға берген жауаптарында, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 64% өз мамандығын жақын туысқандарының кеңесі бойынша, өз қалауы бойынша қызығушылықпен таңдағандықтарын атап өтті, ал 21% арнайы құзыреттіліктер қажет деп түсетіндіктерін білдірді. Сондықтан арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру аса күрделі мәселе болып саналады. Бұндай жауаптар өз кезегінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жобалау жеке адамның ғана емес, тұтастай алғанда қоғамның игілігі болып табылатындығын көрсетеді.
«Сізді бастауыш сынып мұғалімі мамандығы не үшін қызықтырады?» сұраққа болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 46% білім беру мазмұнының жаңартылуымен, 40% сұранысқа ие болатындығымен, 14% қазіргі заман талабына сай қызмет ету үшін қажеттілігін және білім негізі бастауыш мектепте қаланады деп түсіндірді. Өз кезегінде бұл жауаптар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қоғамның игілігін арырумен қатар білімді, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеуде негіз болатындығын санамен пайымдай алуларын көрсетеді. Сондықтан арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру аса күрделі мәселе екендігін көрсетеді. «Бастауыш сынып мұғалімі еңбегінің құндылығы неде?», деген сауалға олардың көпшілігі қазіргі уақыт талабына сай, жан – жақты жетілген,білімді, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім нұрымен сусындату әр мұғалімнің міндеті, болашақ ол біздің балаларымыздың білімі ең құнды деп түсіндірді.
«Болашақ бастауыш сынып мұғалімі арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда уақыт талаптарына сай болу үшін қандай болуы керек?» сауалнамасы бойынша сұралушылардың 38%-ы үздіксіз шығармашылық ізденісте болуы, 37%-ы оқытудағы заманауй жаңа әдіс-тәсілдерді игеруі, 25% өзін кәсіби тұғырдан өсіп-жетілдіру тиіс деп есептейді. «Сіздің көзқарасыңыз бойынша арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға деген пікіріңіз қандай және осыны педагогикалық іс-әрекетте қолдау қажет пе?» деген сауалнамасына болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 35% арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру оңай нәрсе емес деп есептейді, дегенмен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 23% арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру қажетті екендігін, ал 42% арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру тек әдіскер мұғалімдерінің ғана міндеті емес, барша педагогтардың іс-әрекеттері деп есептейді, ал 48%-да арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға көзқарастарының теріс пікір байқалмады, 11% осы істі қолдайтындығын білдірді. «Сіз болашақ педагогикалық іс-әрекетте арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістерін пайдалануды жоспарлайсыз ба?», – деген сұраққа болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 60% міндетті түрде жоспарлаймыз және оны іске асыруда қосымша әдебиеттер, әлеуметтік желідегі қажетті материалдарды қолданамыз деген пікірлер берді. «Сіз арнайы құзыреттілікті педагогикалық іс-әрекете жобалар әдісі негізінде қалыптастырумен байланыстырасыз ба?» – деген сұраққа болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 83% жобалар әдісі негізінде арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыруға дайынмын екендігін көрсетті, сонымен қатар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ішінде теріс жауап бергендер болмады. Алынған мәліметтерді сараптау барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің пікірлерінен біз арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру проблемаларына қызығушылықтарының артқандығын байқадық. Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру туралы түсініктері толық сипатқа ие болғандықтан бұл, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өз ой-пікірлеріне нақты сенімді болуына мүмкіндік беретіндігі көрініс берді. Олардың жауаптары тек шамалаулары мен болжамдары дәлелді болғандықтан білім беру жүйесінде арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру жағдайына дұрыс баға бере алды.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерімен жүргізілген әңгіме барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттелетін мәселеге деген қатынасы туралы олардың шығармаларын талдауда:
«...бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мәселесі –тек білім беру ғана емес, сонымен қатар оқушылардың әлеуетінің дамуына да әсер етеді.
«...арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер шебер-сыныптарын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісуі керек, себебі арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру – мектептің ерекше мәселесі ол тек диплом алған мұғалімдерге ғана қатысты емес деп ойлаймын».
Қалыптастыру экспериментінде «...арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру сапалы оқыту мәселелерін шешеді», «...арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мәселесі тек әдіскерлер мен пән мұғалімдеріне қатысты болуы тиіс» деген қарама-қарсы пікірлер көрінбеді. Сонымен қатар, психологиялық ұстанымдарды мақсатты қалыптастыру үшін білім беру үдерісіне коучинг (ағылшын coaching-тен тәлім беру, жігерлендіру, арнайы мақсаттарға жету үшін жаттығу, белгілі бір міндеттерді шешуге дайындау) енгіздік.
Коучинг-бұл «коуч» деп аталатын адам жүргізетін білім алушыға белгілі бір өмірлік немесе кәсіби мақсатқа жетуге көмектесетін жаттығу әдісі. «Коучинг» термині Ресейде 1997 жылы пайда болды және содан бері бизнес-оқытуда табысты пайдаланылады. Сонымен қатар, оның мәні оны бизнес бағыты бойынша ғана емес, сонымен қатар нақты белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталғандығында [215].
Достарыңызбен бөлісу: |