Бірінші нәтиже болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзіреттілігінің қалыптасуының мәндік сипаттамасын «құзыреттілік» ұғымын - кәсіби міндеттердің орындалуын, мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін іс-әрекетті сапалы жүзеге асыру қабілеттерінің жиынтығы (жалпы): «кәсіби құзыреттілік» – қоғамда қабылданған нормаларға, стандарттар мен талаптарға сәйкес кәсіби функцияларды орындау қабілеті мен айындығын анықтайтын тұтас кәсіби және жеке тұлғалық сипаттамасы (ерекше); «арнайы құзыреттілік»- кәсіби іс-әрекеттің нақты пәндік немесе пәннен тыс саласының ерекшелігін көрсететін өз жұмысының нәтижелерін дербес іске асыру, басқару, сыни бағалай алуының көрініс табуы (жеке) ретінде философиялық категориялардың ұқсастық теориясында (жеке, ерекше және жалпы) бөлінуіне сәйкес талдаумен және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігінің мазмұнын ашумен байланысты.
Біздің анықтамамыз бойынша- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптасуы пәндік, әдістемелік, жобалау компоненттерінің жиынтығымен сипатталатын және кәсіби іс-әрекеттер (арнайы) саласындағы нақты пәндік немесе пәннен тыс саласының ерекшелігін көрсететін оқу пәні мен кәсіби іс-әрекетті өз бетінше жүзеге асыруға, басқаруға, өз еңбегінің нәтижелерін сын тұрғысынан бағалауға қабілеттілігі.
Яғни болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін олардың кәсіби іс-әрекетін және оның өзіне тән ерекшелігін көрсететін пәндік (жаңартылған білім мазмұны жағдайында бастауыш мектеп курсы мазмұнының ғылыми негіздерін меңгеруге және қолдануға дайындығын); әдістемелік (оқу пәні бойынша оқу материалын жоспарлауға, іріктеуге, синтездеуге және құрастыруға, оқу пәні бойынша әр түрлі сабақ түрлерін ұйымдастыруға, бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастыра білу, оқытудың инновациялық технологияларын қолдануға дайындығы); жобалау (оқу іс-әрекетінің механизмін сапалы өзгерту арқылы инновациялық және шығармашылық сапасын арттыру, педагогикалық іс-әрекеттегі жаңа, күрделі мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін өзара тәуелді рефлексивті дағдылары) компонентердің жиынтығы құрайды.
Екінші нәтиженің шешімін іздестіру болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудағы жобалар әдісі әдісінің мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік берді.
«Жоба» ұғымымен бірге нақты нәтижеге қол жеткізетін, іс-әрекеттердің қатаң реттілігін қамтитын «жобалау» (латын тілінен алынған «projectus») термині қатар қолданылады. Өкінішке орай, осы ұғымдарды пайымдауда әлі күнге дейін біржақтылық болмай келеді.
Біз тәжірибелік-эксперименттік жұмысымызды жобаларды іс-әрекеттің басымдылығына (зерттеу, іздеу, шығармашылық, рөлдік, қолданбалы (практикалық-бағытталған), таныстыру - бағдарлы (ақпараттық); пәндік-мазмұндық саласына (монопроект (бір сала шеңберінде), пәнаралық жоба; үйлестіру түрлеріне (тікелей, күрделі, икемді), жасырын (айқын емес, жобаға қатысушыны имитациялайтын); байланыс сипатына (бір мектептің, сыныптың, қаланың, өңірдің, елдің, әлемнің әр түрлі елдерінің қатысушылары арасында); жобаға қатысушылардың санына; жобаның орындалу ұзақтығына сәйкес ұсынылған жіктемелерді негізге ала отырып ұйымдастырдық.
Үшінші нәтиженің жүзеге асырылуы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың тиімділігі болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мотивациялық (арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға қарым-қатынасы); когнитивті (арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша педагогикалық- психологиялық, технологиялық, және арнайы әдістемелік білімдерінің жиынтығы); іс-әрекеттік (арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша практикалық іскерліктер мен дағдыларды меңгеруі); рефлексивті (арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың нәтижелерін өзіндік бақылау, талдау, барабар баға беру, кемшіліктерін анықтау, жетілдіру жолдарын болжау) компоненттерінің бірлігінде көрініс табады.
Талдауға алынған теориялық ережелері, сондай-ақ өзімізге меншікті диагностикалық зерттеулеріміздің нәтижелерін негізге ала отырып, біздер ең алдымен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптасуының компоненттерін келесідей сипаттадық.
Достарыңызбен бөлісу: |