Аяпбергенова гульсум сагындыковна


АНЫҚТАМАЛАР Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған: Құзырлық



бет4/48
Дата11.04.2024
өлшемі4.5 Mb.
#498402
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
ayapbergenova-g-s-phd-s-sp (2)

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:


Құзырлық (лат. competentis қабілетті)-құзыреттілікке, яғни белгілі бір мәселелерді шешуде қандай да бір нәрсе туралы айтуға немесе өкілеттілікке ие болуға мүмкіндік беретін білімге, тәжірибеге ие болуды көрсетеді.
Құзыреттілік (латынның competentis-бейім сөзінен) - қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі, сонымен қатар ол күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік.
Арнайы құзыреттілік - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігі ұғымын пәндік, әдістемелік, жобалау компоненттерінің жиынтығымен сипатталатын және нақты пәндік немесе пәннен тыс саласының ерекшелігін көрсететін бәсекеге қабілетті даярлығы ретінде қарастырамыз.
Қалыптастыру – жеке тұлғаның даму нәтижесі және оның тұрақты қабілеттері мен қасиеттер жиынтығының пайда болуы, қалыптасуы.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің арнайы құзыреттілігін қалыптастыру пәндік, әдістемелік, жобалау компоненттерінің жиынтығымен сипатталатын және нақты пәндік немесе пәннен тыс саласының ерекшелігін көрсететін бәсекеге қабілетті даярлығы.
Ақпараттық технология - ақпаратта жинау, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері мен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқылы қоғамның инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталады.
Білім беру бағдарламасы – білім беру мазмұны мен оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайтын білім беру мекемелерінің нормативтік – басқару құжаттары.
Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты – жоғары білім беру құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының көлемін анықтайтын құжат.
Кәсіби дайындық – белгілі кәсіп бойынша арнаулы білім, дағды, шеберлік, еңбек тәжірибесін қалыптастыру. Кәсіби дайындық кәсіби біліктілігінің күрделілігі мен әзірлік деңгейіне қарай жоғары, арнайы, орта немесе төмен білім түрлерінебөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет