Зерттеу көздері: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы қаулылары, білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламалары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық бағдарламалары мен білім беру тұжырымдамалары, Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты, жобалар, отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми, оқу және әдістемелік еңбектері, халықаралық және республикалық конференциялар мен мерзімдік басылымдар материалдары, сондай-ақ автордың педагогикалық, зерттеу тәжірибесі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезең (2017-2018 жж.) – Бұл кезең зерттеу мәселесін қою және пайымдаумен, жалпы және арнайы ғылыми әдебиеттерді, оның әдіснамасын анықтау мақсатында зерттеу мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық және ведомстволық актілер базасын кешенді зерттеу және талдаумен, жобалар әдісін қолдану негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың қолданыстағы практикасын зерттеумен, жобалар әдісін қолдану негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастыруды педагогикалық және нормативтік қамсыздандыруды анықтаумен байланысты. Бұл зерттеудің теориялық негіздерін анықтауға және диссертацияның ғылыми аппаратын жасауға мүмкіндік берді.
Екінші кезең (2018-2019 жж.) зерттеудің эмпирикалық негіздерін зерттеуге, жобалар әдісі негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеуге және педагогикалық шарттарын анықтауға, студенттер мен оқытушылар арасында сауалнама жүргізуге, алынған мәліметтерді өңдеу және талдауға арналған.
Үшінші кезең (2019-2020 жж.) жобалар әдісі негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі мен педагогикалық шарттарын апробациялауға және олардың тиімділігін эксперименттік тексеруге бағытталған. Бұл кезеңде тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қорытындылары жасалды, алынған нәтижелер талданып, зерттеу болжамы мен міндеттерімен сәйкестігі салыстырылды. Бұл кезең сонымен қатар зерттеу нәтижелерін жалпылаумен және диссертациялық жұмысты рәсімдеумен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |