Аяпбергенова гульсум сагындыковна


Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар



бет10/48
Дата11.04.2024
өлшемі4.5 Mb.
#498402
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
ayapbergenova-g-s-phd-s-sp (2)

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Тұлғалық, ерекшелік және жалпы философиялық категориялардың ұқсастық теориясын (жеке, ерекше және жалпы) ерекшелеуге сәйкес «құзыреттілік» ұғымы - кәсіби міндеттердің орындалуын, мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін әрекетті сапалы жүзеге асыру қабілеттерінің жиынтығы (жалпы): «кәсіби құзыреттілік» – қоғамда қабылданған нормаларға, стандарттар мен талаптарға сәйкес кәсіби функцияларды орындау қабілеті мен дайындығын анықтайтын тұтас кәсіби және тұлғалық сипаттама (ерекше); «арнайы құзыреттілік» - кәсіби қызметтің нақты пәндік немесе пәннен тыс саласының ерекшелігін көрсететін өз жұмысының нәтижелерін дербес іске асыру, басқару, сыни бағалай алуының көрініс табуы (жеке).
2. «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру» ұғымын пәндік, әдістемелік, жобалау компоненттерінің жиынтығымен сипатталатын кәсіби іс-әрекеттер саласындағы нақты пәндік немесе пәннен тыс саласының ерекшелігін көрсететін оқу пәні мен кәсіби іс-әрекетті өз бетінше жүзеге асыруға, басқаруға, өз еңбегінің нәтижелерін сын тұрғысынан бағалауға даярлығы ретінде қарастырамыз.
3. Арнайы құзыреттілігін қалыптастыруда жобалар әдісін қолдану болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінде оқытудың прогрессивті әдістемесін одан әрі дамыту негізінде шығармашылық іс-әрекетінің алгоритмін құруға да ықпал етеді, кәсіби біліктілігінің көрсеткіші ретінде де көрініс береді.
4. Өзара байланысты компоненттердің жиынтығы болып табылатын жобалар әдісі негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік және рефлексивті компонеттерінің, сонымен қатар ұйымдасқан, мақсатты бағытталған, педагогикалық ықпал ету үшін қажетті тұғырлардың, функциялардың, принциптердің, шарттардың жиынтығымен сипатталатын арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі.
5. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзіреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз ететін олардың арнайы құзыреттілікке ие болу алғышарттары және педагогикалық процестің сыртқы жағдайларының жиынтығы ретіндегі педагогикалық шарттар:
- бастауыш сынып мұғалімдерінің жобалар әдісі негізінде арнайы құзыреттілігін қалыптастыруға деген ішкі мотивациясын дамыту;
- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша жұмыстың (оқу және оқудан тыс) әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану;
- бастауыш сынып мұғалімдерін арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша практикалық дағдыларды игеруді қамтамасыз ететін бірлескен жобалық іс-әрекетке жұмылдыру;
- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда профессор-оқытушылар құрамының, біліктілікті арттыру институттарының, қоғамдық ұйымдардың әрекетін үйлестіру және желілік өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету.
6. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі мен педагогикалық шарттарының тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік тексеру нәтижелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет