Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


Интербелсенді тақтамен жұмыс істеудің мұғалім үшін



Pdf көрінісі
бет30/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   189
bilimdi akparattandyru

58
Интербелсенді тақтамен жұмыс істеудің мұғалім үшін 
артықшылығы:
1. 
 
Мұғалімге жаңа материалды сынып ортасында тұрып 
түсіндіруге мүмкіндік береді;
2.  Кез келген қосымшалардың үстіне сурет салуға жəне жазба 
жазуға мүмкіндік береді;
3.  Артық уақыт, күш-жігер жұмсамай тақтадағы кескінді, сабақ 
уақытында жасалған жазбаларды сақтауға жəне баспаға беруге 
жəне материалды қабылдау деңгейін тексеруді жеңілдетеді;
4. 
 
Мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кəсіби 
шеберлікке ынталандырады;
Оқушылар үшін интербелсенді тақтамен жұмыс істеудің 
артықшылығы:
1. Сабақты қызықты етеді жəне оқушының ынтасын арттырады;
2. Ұжымдық жұмысқа қатысуға, жеке жəне əлеуметтік дағдыларын 
дамытуға көп мүмкіндік береді.
3. Оқыту материалының түсінікті, тиімді жəне өзгермелі 
берілуінің арқасында оқушылар қиын сұрақтарды жеңіл жəне 
тез қабылдайды.
4. Оқушылар шығармашыл түрде жұмыс істей бастайды жəне 
өздеріне деген сенімі арта түседі.
Бірақ тақта – тек қана құрал, ал оқыту үдерісінің тиімділігі 
көбінесе мұғалімнің шеберлігі мен арнаулы программалық 
қамсыздандырудың сапасына байланысты екенін естен 
шығармағанымыз жөн. Осылайша, интербелсенді тақтаны 
қол-дану оқу үдерісін кемелдендіруге жаңа мүмкіндік береді, 
оқушы мен мұғалімнің өз бетінше атқаратын жəне бірлескен 
жұмыстарын шығармашыл етеді. Бағдарламалық-ақпараттық жиын-
тық «Интербелсендік тақта» дегеніміз бұл дəстүрлі мектеп 
тақтасының барлық сапасына ие жəне мынадай кең мүмкіндіктері 
бар тақта:
–  экрандық кесікіндердің графикалық түсініктемелерін беру;
– бір мезгілде сыныптың барлық оқушыларының істеген 
жұмысына сараптама жүргізуге жəне тексеруге мүмкіндік 
туғызады;
– табиғи амалмен (ұсынылатын ақпарат ағынын арттыру 
есебінен) сыныпта оқушылардың оқу жүктемесін арттырады;
–  оқытуға жаңа құлшыныстың алғы шарттарын дайындайды;
–  сұқбатқа құрылған оқытуды жүргізеді;


59
– кей əдістерді пайдаланып, қарқынды əдістеме бойынша 
оқытады.
Интерктивті тақтамен жұмыс жасау тəжірибесі стереометрия 
сабақтарында, функциялар мен олардың графиктеріне арналған 
алгебралық сабақтарында, мектеп оқулығынан тыс сабақтарда 
қолдануда көрініп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет