71
ды есептеуіш машина əзірше терең жəне жан-жақты теориялық
тұрғыдан түсіндірілмеген, ақыл-ой іс-əрекетіне үлкен
төңкеріс жаса-
ды. ЭЕМ-ді қолдану нəтижесінде қоғамдық тəжірибені сақтау, қайта
өңдеу жəне тасымалдау түпкілікті өзгерді, сондықтан ғалымдардың
компьютерлендіру жəне қазіргі ақпараттық технологиялар адам
психикасының фукционалдық жəне онтогенетикалық даму таби-
ғатында жаңа кезеңді ашады деген тұжырымы дұрыс. Мұның
нəтижесінде ақыл-ой іс-əрекетінің құрылымы
мен стилінің өзгеруі
мүмкін. Мұның салдарынан бір салада жұмыс істейтін мамандардың
өзара қарым-қатынас жағдайларыда өзгереді.
Субъекті іс-əрекетінің «адам-компьютер-мультимедиа-ре-
сурстар» жүйесіндегі кейбір аспектілерін қарастырамыз. Жасан-
ды интеллект мəселелерінің философиялық жəне психологиялық
сұрақтарымен айналысушы, белгілі ресейлік психолог О. К. Тихоми-
ров, адамның іс-əрекетіндегі ЭЕМ-
ның орны мен рөлін талдай келе,
келесідей тұжырымдаған: «біз үшін ЭЕМ басқа машиналар тəрізді,
яғни, адамның қолымен жасалған адам миының органдары. Егер
машинаның двигателін қалыптастыру кезеңінде энергияның үлкен
шығынын қажет ететін жұмыс жасау барысындағы адам іс-əрекетінің
құралдары негізге алынса, онда компьютерлерді дамыту кезеңінде
адамның ақыл-ой іс-əрекетін негізге алынды. Ақыл-ой іс-əрекеті
өзінің құрылымын сақтайды, бірақ құралдың өзі жаңа болып табы-
лады. Олай болса ЭЕМ-ның адамның ақыл-ой үрдісін дамытудағы
əсері туралы мəселе келесідей қайта тұжырымдалуы қажет:
ақыл-ой
үрдісінің компьютердегі белгілерден қандай айырмашылығы бар?
Жаңа құрал ақыл-ой үрдісінің құрылымына жаңа өзгерістер енгізе
ала ма? Басқаша сөзбен айтқанда адамның жоғары психикалық
үрдістерін дамытудағы жаңа кезең деп ерекшелеуге бола ма?» Ол
адам, компьютер жəне мультимедиа ресурстарының ақыл-ой еңбегі
саласындағы өзара қатынасын сипаттауда үш негізгі тұжырымды
ерекшелейді: орналастыру теориясы, толықтыру теориясы жəне
түрлендіру теориясы.
Достарыңызбен бөлісу: