Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»


Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып



бет34/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің төрағасына

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын

құруға рұқсат алу туралы өтініш

_________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

______________________________________________________________ (құрылтайшы атынан осы өтінішті беруге көрсетілетін қызметті алушының өкілеттігін растайтын нотариат немесе басқадай куәландырылған құжатқа сілтеме)

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орны және лауазымы, тұрғылықты жері)

құрылтай жиналысының___________жылғы ___»________________№_____

шешіміне (хаттамасына) сәйкес

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________ (құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы және орналасқан жері)

құруға рұқсат беруді сұрайды.

Құрылтайшылар өтінішке қоса берілген құжаттардың дұрыстығына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге осы өтініштің қаралуына байланысты сұралған ақпаратты дер кезінде ұсынуға толық жауап береді.

Қосымша (жіберілген құжаттар атауларының тізбесі, даналардың саны және әр қайсысының парақтар саны көрсетілсін):________________________

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының қолы, күні)

________________

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Фото (3 x 4 сантиметр)

 

Құрылтайшы - жеке тұлға туралы мәліметтер

____________________________________________________

(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

20 __ жылғы «___» ___________

 

1. Құрылтайшы___________________________________________________



______________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

2. Туған күні____________________________________________________

3. Туған жері___________________________________________________

______________________________________________________________

4. Азаматтығы__________________________________________________

_______________________________________________________________

5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері____________________

______________________________________________________________

6. Тұрғылықты жері_____________________________________________

________________________________________________________________

7. Жұмыс орны, лауазымы__________________________________________

_________________________________________________________________

8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыстың және үйдің нөмірі)_________

_________________________________________________________________

9. Білімі________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________

(оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)

10. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме

_____________________________________________________________________________________________________________________________________

(жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)

11. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға қолданылатын ақша көздерінің және сомасының сипаты

___________________________________________________________________________________________________________-_____________________

12. Құрылтайшының жарғылық капиталға қатысуы немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын иеленуі жөніндегі мәліметтер:

заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

_________________________________________________________________________________________________________________________________

Қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлері атап көрсетілсін)

________________________________________________________________________________________________________________________________

жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшыға тиесілі акциялар санының жеке әрбір заңды тұлға бойынша дауыс беретін акциялардың жалпы санына ара қатынасы (пайызбен)

__________________________________________________________________________________________________________________

13. Құрылтайшы - жеке тұлға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

 

Қолы _________________ күні _________________


________________

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

Құрылтайшы - заңды тұлға туралы мәліметтер

_________________________________________________________

(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

20 __ жылғы «___» ___________

 

1. Құрылтайшы__________________________________________________



______________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы)

2. Мекенжайы_________________________________________________

_______________________________________________________________

(пошта индексі, қала, көше, байланыс телефоны)

3. Мемлекеттік тіркеу_____________________________________________

_________________________________________________________________

(құжаттың атауы, нөмірі, күні, кім берді)

4. Қызмет түрі___________________________________________________

_________________________________________________________________

(қызметінің негізгі түрлерін көрсету)

5. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан Республикасының резиденті емес (керегінің асты сызылсын).

6. Құрылтайшы - заңды тұлғаның басшысы___________________________

_________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)

Білімі_________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________

(оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)

7. Соңғы үш күнтізбелік жылда құрылтайшы заңды тұлғада ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру болды ма:______________________________________________________________

_________________________________________________________________

(олардың туындау себептері)

__________________________________________________________________________________________________________________________________

(бұл проблемаларды шешу нәтижелері)

8. Банк құрылтайшысы - заңды тұлға ірі акционер болып табылатын немесе жарғылық капиталға қатысу үлесінің он немесе одан да көп пайызына тура және (немесе) жанама ие ұйымдарды көрсетіңіз:_________________________

_________________________________________________________________

ұйымның атауы және орналасқан жері

_______________________________________________________________

ұйымды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер

_________________________________________________________________________________________________________________________________

ұйым қызметінің түрі

____________________________________________________________________________________________________________________________________

осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы

9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген) тізбесі белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұйым рейтингі болған жағдайда, оны көрсетіңіз.

10. Құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және (немесе) оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

____________________________________

 (қолы)


___________________________________

 (күні)


___________________________________

 (мөр)
________________

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымша



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарына қойылатын негізгі талаптар

 

1. Жалпы мәселелер

 

Осы бөлімнің мақсаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының болашақ қызметіне қысқаша шолу беру болып табылады.



1. Сақтандыру ұйымын құру мақсаттары.

2. Қызметтің негізгі бағыттарын қысқаша сипаттау: саласы, сыныптары, түрлері.

 

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы

туралы ақпарат

 

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналасқан жері.



4. Филиалдарды және (немесе) өкілдерді құру.

5. Жалданатын немесе жалдауға тартылатын заңгерлер, бухгалтерлер, актуарийлер (ішкі, тәуелсіз), аудиторлық ұйым туралы ақпаратты, басқа ұйымдардың мамандарымен іскерлік байланыстарды.

6. Ішкі аудит қызметінің қағидаттары.

7. Қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін қамтамасыз етуді.

8. Өндірістік қорларды: бөлменің (жеке не жалға алынған), компьютерлік және басқа да бағдарламалық қамтамасыз ету техниканың болуы.

 

3. Маркетингтік зерттеулер және нарықтың сегменті

 

9. Саланы дамыту болжамдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін жүзеге асыру болжанады.



10. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын дамытуға бәсекелестіктің ықпалы: негізгі бәсекелестерді, өнімдерді, баға стратегиясын, жарнама әдістерін салыстыру, Қазақстан Республикасының барлық аумағына немесе жеке аймақтарға, заңды және жеке тұлғаларға нарықтық сегментінің бағдары.

11. Нарықтағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыныбы бөлшегінде болжанатын үлесі.

12. Мақсатты нарықтың демографиялық талдау: жасы, жынысы, әлеуметтік экономикалық ахуалы, кіріс деңгейі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметті тұтынушыларының өмір (салты) мәні.

 

4. Сақтандыру өнімдерінің түрлері, қызметтері



және оларды бөлу

 

13. Сақтандыру түрлерінің (сақтандыру өнімдерінің) тізбесі.



14. Сақтандыру өнімдерінің мазмұны.

15. Сақтандыру өнімдерін сату кезде көрсетілетін қосымша қызметтер.

16. Сақтандыру өнімдерінің негізгі сатып алушылары.

17. Аймақтар бойынша сақтандыру өнімдерін бөлу.

 

5. Сақтандыру андеррайтингі

 

18. Сақтандыру сыныптарына байланысты сақтандыру андеррайтингі үшін тәуекел деңгейін сипаттайтын қолданылатын критерилері


(қауіпсіздік дерек көздері бойынша және қауіпсіздік дәрежесі бойынша тәуекелдерді топтастыру, сақтандыру өтеудің мерзімін, шарттарын және мөлшерін айқындау, сақтанушы, сақтандыру объектісі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қарауына басқа да критерийлері туралы деректерді талдау).

19. Сақтандыру тарифты айқындаған кезде сақтандыру андеррайтингіне ықпал жасайтын белгіленген сол сияқты ауыспалы шығыстарын көрсете отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығыстарының шектеулі шамалары.

20. Сақтандыру андеррайтингісіне жауап беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары туралы ақпараты.

 

6. Баға стратегиясы

 

21. Статистикалық деректердің немесе оларды сақтандыру нарығының басқа қатысушыларынан алу жөніндегі уағдаластықтың болуы туралы ақпарат.



22. Сақтандыру мөлшерлемелерін есептеу және оларды сақтандыру мөлшерлеме мөлшерінің жоспарланатын диапазоны, статистикалық деректердің көздері, пайдаланатын әдістемесінің қысқаша сипаты жататын сақтандыру сыныбы бойынша экономикалық негіздеу тәртібі.

23. Бағаның нарықтың қажеттілігіне сәйкес болуын негіздеу.

24. Баға стратегиясына және статистикалық ақпаратты жинауға жауап беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары туралы ақпарат.

 
7. Жылжыту стратегиясы және сақтандыру



өнімдерін сату тәсілдері

 

25. Сақтандыру өнімдерін сату жүйесін ұйымдастыру және өткізуді ынталандыру (жарнама, почта, тікелей сату, интернет, сатуды жылжыту және басқалары.)



26. Сақтандыру өнімдерін іске асыру тәсілдері: тікелей сату, сақтандыру агенттері арқылы сату, интернет-сату және басқа тәсілдері.

27. Жарнамаға шығатын шығын болжамы.

 

8. Қаржылық жоспар

 

28. Болжанатын бухгалтерлік баланс және оның қосымшасы.



29. Сақтандыру сыныптар бөлшегінде болжанатын кіріс пен шығыстар.

30. Болжанатын әкімшілік шығыстар.

31. Ақша ағымы туралы болжанатын есеп.

32. Қажет болған жағдайда қосымша қаржыландыру көздері.

33. Қайта сақтандырушының үлесін ескере отырып сол сияқты сақтандыру сыныптары бөлшегінде қайта сақтандырушы үлесін ескерусіз шығындылық коэффицентерінің болжамы.

34. Екінші деңгейдегі банктердің салымдарының құны және мемлекеттік емес бағалы қағаздары жиырма бес және елу пайызға азайған;

сақтандыру резервтері жиырма бес және елу пайызға ұлғайған;

сақтандыру төлемдері елу және жетпіс пайызға ұлғайған;

акционерлерге тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатқан жағдайларда төлем қабілетсіздігін және қаржылық тұрақтылығын сипаттау.

35. Акционерлерге дивидендтерді төлеу.

 

9. Инвестициялық саясат

 

36. Инвестициялаудың мақсаттары.



37. Инвестициялардың типі бойынша диверсификациялауды және активтердің сапасын бағалауды қоса отырып инвестициялық портфелін және оның кірістілігін қалыптастыру.

38. Активтердің типіне, сондай-ақ тыс жерден тартылған құрал-жабдықтарына байланысты инвестициялық шектеулер.

39. Инвестициялық саясатына жауапты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары.
10. Қайта сақтандырудың саясаты

 

40. Тәуекелдерді қайта сақтандыруға берген кезде:



1) сақтандыру сыныптары бойынша негізгі нысандар және қайта сақтандыру әдістері, олардың өзара арақатынасы;

2) қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критерийлері:

рейтинг, капиталдың мөлшері және активтер деңгейі, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы берген лицензияның болуы;

қайта сақтандыру ұйымының тұрақтылығы: нарықтағы компанияның уақыты мен жұмыс тәжірибесі, мекенжайы, сақтандыру тәуекелдердің болуы;

қайта сақтандыру ұйымының іскерлік әлуеті: қызмет түрі бойынша талдау жүргізу, ірі төлемдер бойынша талдау жүргізу, клиенттермен өзара қатынас, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы;

3) қайта сақтандыру ұйымының қызметіне бақылау жасау, қайта сақтандыру шарттарын сақтауды қамтамасыз ету жүйесі;

4) ынтымақтастық болжанатын қайта сақтандыру ұйымының атауы, сондай-ақ шетел қайта сақтандырушылардың болжалды үлесі.

41. Қайта сақтандыруға тәуекелдерді қабылдаған кезде:

1) қайта сақтанушыларды бағалаудың негізгі критерийлері: қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органның лицензиясының болуы, қайта сақтанушыдан сақтандыруға тәуекелдерді алатын мамандардың кәсібилігі, ірі төлем бойынша талдау жүргізу, баспасөзде жағымсыз немесе оң жарияланымдардың болуы, қайта сақтанушы - ұйымға экономикалық ықпал жасау шараларының болуы, өткен жылдары осы ұйыммен жүргізген жағымсыз жұмыс тәжірибесі;

2) қайта сақтандыру бойынша ұйымның портфелін сипаттау (сақтандыру түрлері, әр түрдің үлес салмағы, сақтандыру сомасының лимиті, қайта сақтандыруға беру шарттары бойынша).

 

11. Ұйымдастыру құрылымы
 42. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымы.

43. Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, басқарманың бірінші басшысы және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтері туралы ақпарат: біліктілігі, білімі, жұмыс тәжірибесі.

44. Басты мамандарының оның ішінде сақтандыру, қайта сақтандыру, андеррайтинг, ішкі аудит бөлімшелерінің қаржы директорының, басшыларының функционалдық міндеттерін сипаттау.

45. Мамандар білімінің болжалды деңгейі.

46. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысуға ниеті бар кеңесшілер және қауымдастықтар туралы ақпараты.

47. Сақтанушылардың шағымдарымен жұмысты ұйымдастыру.

48. Қызметкерлерді және сақтандыру агенттерін оқытуды ұйымдастыру.

________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты


1. Жалпы мәселелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – екі ай ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық


(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) не аталған рұқсатты беруден бас тарту туралы қаулысы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ерікті қайта ұйымдастырылуын жүргізуге рұқсат алуға қолдаухатты;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) жоғары органының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімін;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ерікті түрде қайта ұйымдастырылуының болжалды шарттарын, нысандарын, тәртібін және мерзімін сипаттайтын құжаттарды;

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыру талаптары, нысаны, тәртібі мен мерзімдері Қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалады.

Іс-шаралар жоспарында қайта ұйымдастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары көрсетіледі.

Қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) көрсетілетін қызметті берушіге жоспарда көрсетілген іс-шараларды орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынады;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ерікті түрде қайта ұйымдастырылуынан кейінгі және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде құрылатын заңды тұлғалардың есептік балансын қоса алғанда, ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы салдарының қаржылық болжамын ұсынады:

жоспарланған ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілген экономикалық негіздеме;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған ұйымның (ұйымдардың) болжамдық (есептік) балансы;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін - сақтандырудың нақты сыныптарын (түрлерін) көрсете отырып, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру резервтерінің жоспарланып отырған көлемінің экономикалық негізделген есебі қамтылады.

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі) және 3) тармақшасында (электрондық құжат түрінде) көрсетілген құжаттар.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:

1) болжанып отырған ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерiнің бұзылуы;

2) болжанып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесiнде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi талаптары, сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттер және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы
18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өзге де талаптарының бұзылуы;

3) қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (сақтандыру холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешімдерінің болмауы;

4) болжанып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары бұзылуы;

5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;

6) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет