Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



бет35/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________
«Сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша

№ ____ күні ______________



Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің төрағасына

 
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті қайта ұйымдастыруға берілетін рұқсатты алуға арналған
өтініш

 _________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының атауы)

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі)

акционерлерінің жалпы жиналысының ________________________________

(өткізілетін орны)

_______ жылғы «____» _____________ № ______________ шешіміне сәйкес

_________________________________________________________________

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін)

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған (заңды тұлғаға (тұлғаларға) (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) арқылы (керегінің асты сызылсын) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дұрыстығына, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың көрсетілетін қызметті берушіге дер кезінде берілуіне толығымен жауап береді.

Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы әрқайсысы бойынша дана және бет санын көрсету керек):


«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің атынан уәкілетті адам

______________________________________ _______________________

 (қолы)                                                       мөр
_________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – екі ай ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық


(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының сақтандыру


(қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті таратуға рұқсат беру
(беруден бас тарту туралы) туралы қаулысы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық өзінің кредиторларының талаптарын толық қанағаттандыруын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесі қамтылуға тиісті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы, ол болмаған кезде - оның ауыстыратын адам қол қойған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатты;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының ерікті түрде тарату туралы шешімін;

3) тарату комиссиясының, оның ішінде филиалдарында не өкілдіктерінде құрылатын бөлімшелеріндегі мүшелікке кандидаттардың тізімін;

4) сақтандыру портфелін табыс еткеннен кейінгі күні жасалған, аудиторлық ұйым растаған қаржылық есепті;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтер қамтылған, акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы шешімді қабылдаған күні жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының тізімін;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі жасаған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін


қабылдау-өткізу актісін (осындай табыстау бар болса);

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында жасалған сақтандыру


(қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелердің жоқ екенін растайтын құжаттарды;

8) акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен сақтандыру


(қайта сақтандыру) ұйымын өз қызметін тоқтатуға дайындықтың мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар (жоспар және кесте) тізбесін ұсынуға тиісті.

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі) және 3) және 5) тармақшаларында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген құжаттар.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:

1) болжанып отырған ерiкті түрде тарату нәтижесiнде сақтанушылар мен өзге де кредиторлардың заңды мүдделерiнің бұзылуы;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;

3) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болмауы;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін оның қаражаты жетпеуі;

5) сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөнінде шаралардың қолданылмауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынған жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz.


Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
________________

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің төрағасына

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға

рұқсат беруге арналған

өтініш

 _________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының атауы)

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жалпы жиналысының ___________

______________________________________________________________

(өткізілетін орны)

_______ жылғы «____» _____________ № ______________ шешіміне сәйкес

_________________________________________________________________

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын_____________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

ерікті таратуға рұқсат беруді сұрайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің барлық кредиторлары талаптарының толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дұрыстығына, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың көрсетілетін қызметті берушіге дер кезінде берілуіне толығымен жауап береді.

Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және бет санын көрсету керек):

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол болмағанда оның орнын алмастыратын адам)___________________________

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын көрсету үшін қажетті жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін».

Ақпарат жүйелерінің құрамындағы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

______________________________________ _______________________

 (қолы)                                                       мөр

_________________

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Мәліметтердің электрондық нысаны


Тарату комиссиясына, оның ішінде филиалдарда және (немесе) өкілдіктерде құрылатын оның бөлімшелеріне мүше болуға үміткерлердің тізімі


Үміткердің ЖСН

Үміткердің тегі

Үміткердің аты

Үміткерәкесінің аты

Үміткердің туылған күні


Үміткер

дің жұмыс орны




Үміткердің лауазымы


Білімі туралы деректер

(оқу орнының атауы, біліктілігі, оқу кезеңі)



Жұмыс тәжірибесі

Тұрғылықты жерінің нақты мекенжайы


Үміткердің байланыс телефоны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

































________________

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

Мәліметтердің электрондық нысаны
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату жөніндегі

шешімді қабылдау күнінде жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының тізімі

Кредитордың атауы



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелер сомасы (акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату жөніндегі шешімді қабылдау

күніндегі), теңгемен



1

2






________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Ұйымдардың капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің елеулі түрде қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – үш ай ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық


(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының сақтандыру


(қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру туралы қаулысы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын көрсету үшін қажетті жеке деректерді жинауға және өңдеуге және ақпарат жүйелеріндегі, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар ерікті нысанда жасалған өтінішті;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысу туралы шешімді;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткерлер) туралы ақпаратты ұсынуға тиісті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуы бар заңды тұлғаның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткерлер) туралы ақпарат осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берiледi;

4) бизнес-жоспарды ұсына отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген заңды тұлғаның қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;

5) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру тобы қатысушыларының орналасқан елдерінің заңнамасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды олардың және сақтандыру тобының орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның орналасқан елінің заңнамасын талдау негізінде сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкін болмауын болжайтын жағдайлардың жоқ екені туралы ақпаратты;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның жарғылық капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесі мен сомасы туралы, сондай-ақ олар иеленетін акциялардың саны мен акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) алдын ала төлемінің мөлшері туралы ақпаратты;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы ақпаратты (егер осындай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингінің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның акцияларының саны,
сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның қатысу үлесін немесе акцияларын иеленудің шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты;

8) мыналарды:

заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;

құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны иелену бағасы туралы мәліметтерді;

акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға акцияларының саны, оларды иелену бағасы, орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді;

заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;

акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акциялардың саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді қамтитын, жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларды сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленген заңды тұлға туралы деректерді ұсынуға тиісті.

Бұл талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иелену жағдайларына қолданылады.

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), және
5) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі) және 8) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген құжаттар.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:

1) рұқсат алуға қажетті осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етпегенде;

2) құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сай келмегенде;

3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) мынадай талаптарына сай келмегенде:

мыналар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды:

мінсіз іскерлік беделі жоқ;

қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі)-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы болған адамдар. Аталған талап қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

өзге қаржылық ұйымда басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап көрсетілетін қызметті беруші басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім кері қайтарып алу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі кіретін сақтандыру тобының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің болжамды қомақты қатысуы нәтижесінде пруденциялық нормативтерді сақтамағанда;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жоспарлаған инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауы болжанатын қаржылық салдарын талдағанда;

6) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иемденетін ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын құжаттардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмегенде;



7) осы ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің пруденциялық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамағанда;

8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне және (немесе) қомақты қатысу болжанып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты қолданған, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 53-2-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген мәжбүрлеу шарасының және (немесе) осы Заңның 53-3-бабы 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген санкцияның болуы;

9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайда, Заңда, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптардың сақталмауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет