Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



бет42/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынған жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



«Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру,

қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:

лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;

лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;

лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық
(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде
.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.

Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:


  1. аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

  2. лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;

  3. лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

лицензия алу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;

2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;



3) белгіленген тәртіппен мемлекеттiк тiркеуден өткен құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерi;

4) кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі
бизнес-жоспарды;


5) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жасалған кредиттік бюроның кредиттік тарихтардың деректер қорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы актіні.

Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарда:

1) кредиттік бюро қызметінің сипаттамасы;

2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процестерді ұйымдастырудың тәртібі мен мерзімдері;

3) баға саясаты және кредиттік есептерге тарифтерді есептеу тәртібі;

4) кірістер мен шығыстар туралы таяудағы үш жылға арналған болжам;

5) кредиттік бюроның қызметін дамытудың перспективалық жоспарлары қамтылуға тиісті.

Көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, өзгерістер мен толықтыруларды көрсетілетін қызметті берушіге олар енгізілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде табыс етеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігі 5) тармақшасында көзделген құжатқа мына құжаттар қоса беріледі:

1) бірінші басшы бекіткен ақпарат жүйелерін әзірлеу жөніндегі техникалық тапсырма;

2) әзірлеу кезеңдерін, өзгерістер енгізу, қабылдау, тестілеу және өндірістік пайдалануға енгізу тәртібін, барлық кезеңдерді құжаттауға қойылатын талаптарды анықтауды қамтыған ақпараттық жүйелерді әзірлеу, ендіру және ілеспе қызмет көрсету барысы туралы мәліметтері бар құжат;

3) пайдаланылатын ақпараттық жүйе құрамының сипаттамасын, көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйесін пайдаланушылар тізімін, олардың ақпаратқа, бағдарламалық және техникалық құралдарға қолжеткізу құқықтарын (олардың қызмет дәрежесіне және орындайтын функцияларына байланысты) қамтуы және мыналарды:

ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жұмыстың жалпы бағыттарын;

ақпараттық жүйені қорғаудың мақсаты мен міндеттерін;

қауіпсіздіктің қажетті деңгейіне жетудің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін;

ақпараттық қауіпсіздік саясатын айқындайтын қажетті талаптарды әзірлеуге жауапты көрсетілетін қызметті алушының лауазымды адамдарын белгілеуді;

ақпарат жүйелерін және оларды қорғау жүйелерін құруға және олардың жұмысқа қабілеттілігін қолдауға жауапты көрсетілетін қызметті алушының бөлімшелерін анықтауды;

табиғи зілзала, апаттар, өрт, электроэнергияның өшуі, байланыс желілерінің зақымдануы, жаппай тәртіпсіздік, ереуіл, әскери қақтығыстар жататын дүлей күштер туындаған жағдайда ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік режимінің бұзылуын болдырмау шараларын;

бағдарламалық қамтамасыз етуді және/немесе ақпараттық жүйенің деректерін рұқсатсыз өзгертуді болдырмау және ақпараттық жүйенің қауіпсіздігін ұйымдастыру жөніндегі ішкі құжаттардың ақпараттық қауіпсіздік саясатын айқындауға тиісті;

4) ақпараттық жүйелерді қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін техникалық және өзге де үй-жайлардың болуын растайтын құжаттар


(үй-жайды жалдау шартының түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі немесе орналасқан үй-жайға меншік құқығын растайтын құжат);

5) қолжетімділікті бақылауды монтаждау жөніндегі құжаттар


(шарт, ерекше нұсқама);

6) серверлік жабдықты жеткізу жөніндегі құжаттар (шарт, ерекше нұсқама, жабдықтарды жеткізу актісі, техникалық хаттама);

7) компьютерлік жабдықтарды сатып алу құжаттары
(шарт, қабылдау-өткізу актісі, кепілдік талоны, сәйкес келу сертификаты);

8) бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу құжаттары;

9) бейнебақылау жүйесін монтаждау бойынша құжаттар;

10) электрондық хабарламаларды беру және алу бойынша регламенттелген рәсімдердің болуы туралы ақпаратты қамтитын құжат.

Осы тармақтың төртінші бөлігінде атап көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі
№ 105 қаулысымен бекітілген Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер қорының сақталуына және
үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулықта көзделген талаптарды ескере отырып беріледі.

лицензияның телнұсқасын алу үшін:

1) еркін нысанда жазылған өтініш;

2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1) еркін нысанда жазылған өтініш;

2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін.

Порталда:

лицензия алу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында, төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

Лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).



Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес субъектiлердiң осы санаты үшiн тыйым салынған белгілi бір қызмет түрі жүзеге асырылуы;

2) мынадай талаптар сақталмағанда:

кредиттiк бюролар өз қызметiнде мынадай ұйымдастыру, техникалық шаралардың және технологиялық талаптарын:

ақпараттық жүйелерді, кредиттік тарихтың деректер базасын және өзге де құжаттарды қауiпсiз орналастыру мен пайдалануға арналған техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;

кредиттік тарихтың деректер базасын орналастыруға арналған ақпараттық жүйелердi және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде сертификатталған жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етудi қолдану;

ақпарат берушiлермен және кредиттік есептердi алушылармен жасалатын шарттарда кредиттiк тарихтың деректер базасын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және аталған ақпараттық жүйелердi қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау жөнiндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды бiрлесiп iске асырудың мiндеттілiгi туралы талаптардың болуын қамтамасыз ету талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;



кредиттік тарих субъектісі ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтау үшін кредиттік бюро орналасқан қаладан тысқары жердегі резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге міндетті;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін ұсынбауы;

4) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметтің аталған түрiмен айналысуына тыйым салатын сот шешімі бар болуы;

5) қызмет түріне лицензия алуға өтініш берген жағдайда қызметтің жеке түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеуі;

6) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жеке түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің бар болуы;

8) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті.

Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынған жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________
«Кредиттік бюро қызметін жүзеге

асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша


____________________________________________________________________

(уәкілетті органның толық атауы)

____________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

 

Өтініш

 

Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

 

Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:



1. Көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жері (заңды/нақты мекенжайы)

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі, кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы мемлекеттік жіктегішінің коды)

_________________________________________________________________

(телефон, факс).

2. Кредиттік бюроның бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туылған күні, байланыс телефондарының нөмірлері);

3. Кредиттік бюроның акционерлері (құрылтайшылары, қатысушылары) туралы мәліметтер: заңды тұлғалар үшін - толық атауы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, жарғылық капиталының мөлшері, жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні мен жылы);

4. Төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері толық төлегенін растайтын құжаттардың деректемелері көрсетілген жарғылық капиталдың мөлшері (акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда);

5. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні (заңды тұлғалар үшін акционерлік қоғамының ұйымдастырушылық құқықтық нысанында).

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

6. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр қайсысы бойынша парақтар саны:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығына толығымен жауапты болады.



 

Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушының өтініш беруге өкілетті тұлғаның лауазымы

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

«Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

_________________________________________________________________



(қолы)

 

20____жылғы «______» _____________

 

Мөрдің орны
________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет