Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



бет7/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басқарушы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты


1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басқарушы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

6.Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссияның, оның Төрағасы (немесе оның орынбасары) қол қойған хаттамасы.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі бар және көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері лауазымына кандидаттың (бұдан
әрі - кандидат) көрсетілетін қызметтерді алушының басшы қызметкеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігі туралы, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы
1 наурыздағы № 26 қаулысымен бекітілген «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру және кері шақыру және оларға біліктілік талаптарды белгілеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес ұсынылғаны және көрсетілетін қызметті беруші құжаттамалық тексергені туралы көрсетілген және оған мыналар қол қойған қолдаухат:

Қордың директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда – Қордың директорлар кеңесінің мүшелерін, бас директорды сайлаған (тағайындаған) кезде – директорлар кеңесінің шешімі бойынша директорлар кеңесі мүшелерінің бірі (директорлар кеңесі осы шешімінің көшірмелерін ұсына отырып);

директорлар кеңесінің төрағасын, бас бухгалтерді сайлаған (тағайындаған) кезде – Қордың бас директоры не Қордың бас директорының міндеттерін орындаушы тұлға (міндеттерді орындауды жүктеу туралы шешімнің көшірмелерін ұсына отырып) қол қойған еркін нысанда жасалған қолдаухатты;

2) Қордың басшылық лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) күнін көрсете отырып, кандидаттың сайланғаны (тағайындалғаны) туралы Қордың көрсетілетін қызметті беруші шешімдерінен үзінді көшірмесін (екі немесе одан да көп кандидатты келісу кезінде – әр кандидатқа шешімдер көшірмесінің бір данасынан).

Егер тағайындау күні болмаса, онда кандидатты сайлаған (тағайындаған) күн деп Қордың көрсетілетін қызметті берушінің шешім қабылдаған күні не көрсетілген шешімдегі оқиға басталған күн есептеледі. Бұл жағдайда Қор шешімде көрсетілген оқиғаның басталғанын растайтын құжаттар көшірмесін ұсынады;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес кандидат туралы электрондық және қағаз жеткізгіштердегі мәліметтерді (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасындағы сурет ашық түсте 3 х 4 көлемде жасалады);

4) ұсыным жасайтын адамның экономика және (немесе) заң ғылымдары докторының ғылыми дәрежесі бар болып табылған жағдайда ғылыми дәреже алғанын растайтын құжаттың көшірмесін;

5) кандидатты ұсынып отырған лауазым, қол қойған күн, ұсынып отырған тұлғаның лауазымы, сондай-ақ кандидаттың кәсіби және (немесе) мінездемесі көрсетіліп, еркін нысанда жасалған, қағидалардың 8-тармағында көрсетілген кем дегенде екі адамның кандидатқа ұсыным хаттары. Ұсыным хатты берген күн бұдан бұрын ұсыным хат берілген күнінен үш айдан аспауы керек;

6) сертификаттау жөніндегі ұйым берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі (бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) не бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының толық мүшесі болып табылатын шетелдік институт берген кәсіби бухгалтердің біліктілік куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет.

Қор бір мезгілде қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына атқаратын және көрсетілген қызметті берушімен келісілген кандидатты басшы қызметкер лауазымына келісу үшін көрсетілген қызметті берушіге:

1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісімі бар, және кандидат туралы, оның ішінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасында көрсетілген мәліметтердің көрсетілетін қызметтерді алушы құжаттамалық тексергені және кандидаттың мынадай талаптарға сәйкес келетіні туралы көрсетілген қолдаухат:

Қордың басшы қызметкері болып мыналар тағайындала алмайды (сайлана алмайды):

жоғары білімі болмаса;

екі жылдан кем жұмыс өтілі болмағанда;

кандидатты Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлау (тағайындау) үшін қажетті еңбек стажына кандидаттың қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласында, және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүзеге асыратын ұйымдарда және (немесе) «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамында және (немесе) кандидаттың мынадай халықаралық қаржы ұйымдарында істеген еңбек стажы кіреді:

Азия даму банкі;

Еуразия даму банкі;

Еуропа қайта құру және даму банкі;

Ислам даму банкі;

Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;

Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;

Халықаралық валюталық қор;

Халықаралық даму қауымдастығы;

Халықаралық қайта құру және даму банкі;

Халықаралық қаржы корпорациясы.

мінсіз іскерлік беделі жоқ;

көрсетілетін қызметті берушінің қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдауына дейін кем дегенде бір жыл бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушы жеке тұлға, ірі қатысушы заңды тұлғаның бірінші басшысы болған тұлға. Көрсетілген талап көрсетілетін қызметті берушінің қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолданылады;

Қордың және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына тағайындалуға (сайлануға) берілген келісім қайтарып алынған тұлға. Көрсетілген талап көрсетілетін қызметті беруші басшы қызметкері лауазымына тағайындалуға (сайлануға) берілген келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейінгі соңғы жүйелі он екі ай ішінде қолданылады.

2) уәкілетті орган Қордың кандидатты сайлау (тағайындау) туралы шешімінің үзіндісінің көшірмесін;

3) кандидат туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштердегі мәліметтерді ұсынады.

Осы тармақта тізбеленген бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артына тігілген түйіндегі жапсырманың жоғары жағына парақ саны көрсетіледі соңғы парағының артына микроқаржы ұйымының мөрімен расталып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығына ие Қордың лауазымды тұлғаларының қолымен және Қордың мөр бедерімен куәландырылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


______________

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басқарушы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына


қосымша
Нысан

 

 

Сурет орны

 

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерінің лауазымына кандидат туралы мәліметтер



 

_________________________________________________________________

(«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына

_________________________________________________________________

тағайындалатын кандидаттың тегі, аты, бар болса – әкесінің аты және __________________________________________________________________



лауазымы көрсетіледі)

_________________________________________________________________

 

1. Жалпы мәліметтер:

 Күні және туған жері

 

Азаматтығы

 

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері


 

 

2. Білімі:

 

Оқу орнының атауы

Түскен күні – аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі, біліктілігі туралы диплом деректері

Оқу орнының тұрған жері

1.

 

 

 

 

 

 3. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы, балалары) және жекжаттары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы, ерлі-зайыптылардың балалары) туралы мәліметтер

 

Тегі, аты, бар болса –әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

1.

 

 

 

 

 

4. Кандидаттың жарғылық капиталға немесе заңды тұлғалардың акцияларын иеленуге қатысуы туралы мәліметтер:

 

Заңды тұлғаның атауы және тұрған жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына кандидатқа тиесілі акциялар санының арақатынасы (пайызда)

1.

 

 

 

 

5. Соңғы үш жылдағы семинарлардан, курстардан өткендігі туралы мәліметтер:

 

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректеріөмірі, берілген күні)

1.

 

 

 

 

6. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

Осы тармақта кандидаттың бүкіл еңбек қызметінде атқарған (атқаратын) лауазымдары, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушіге келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымындағы, холдингтегі лауазымы көрсетіледі.



Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Лауазымнан босату себептері

1.

 

 

 

 

 

 

7. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына

кандидаттың аудит жүргізгені туралы мәліметтер:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

(қаржы ұйымының атауын, кандидаттың аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету керек).

 

8. Қордағы және (немесе) басқа ұйымдардың директорлар кеңесіндегі және инвестициялық комитеттердегі мүшелігі туралы мәліметтер: 



Кезең (күн, ай, жыл)

Ұйымның атауы

Лауазымы, келісу күні гер талап етілсе)

Лауазымнан шығару, босату себептері

1.

 

 

 

 

 

9. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(иә/жоқ, бар болса күнін, қандай басылымдарда екендігін көрсету керек)

 




Күні

Сот органының атауы

Соттың тұрған жері

Жаза түрі

Кандидаттың қылмыстық жауаптылыққа тартылуына сәйкес келетін заңнамалық актінің бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

1.

 

 

 

 

 

 

 

11. Өзіне қабылдаған міндеттемелердің орындалмау фактілерінің болуы туралы мәліметтер:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

(иә/жоқ, көрсетілген фактілер бар болған жағдайда ұйымның атауын және міндеттемелер сомасын көрсету қажет)

12. Кандидат бұрын қаржы ұйымын, банктік холдингті консервациялау, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте банкрот деп тану туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын мерзімде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, қаржы ұйымының жеке тұлға-ірі қатысушысы, заңды тұлға-ірі қатысушының (банктік немесе сақтандыру холдингінің) бірінші басшысы болып табылғандығы туралы мәліметтер.

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

(иә/жоқ, ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету керек).

13. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтару туралы және қаржы ұйымының, холдингтің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметтік міндеттерін орындаудан көрсетілетін қызметті берушіні шеттету туралы деректердің болуы.

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(иә/жоқ, ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңі, тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтару үшін негіздемелер және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы).
14. Қаржы ұйымының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, банктік, сақтандыру холдингінің басшысы ретінде қаржы ұйымының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызмет мәселелері бойынша сот талқылауларына жауапкер ретінде тартылды ма:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

(иә/жоқ сот талқылауындағы жауапкер қаржы ұйымының, холдингтің атауы, қаралған мәселе және сот шешімі).

Осы ақпаратты тексергенімді және оның анықтығы мен толықтығын растаймын. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_________________________________________________________________

(баспа әріптерімен)

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының тәуелсіз директорлығына кандидат толтырады:

Мен, _________________________________________________________________________

(тегі, аты, бар болсаәкесінің аты)
тәуелсіз директор лауазымына тағайындалу (сайлану) үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігімді растаймын.


 

Күні ___________________________________

Қолы ________________________________
________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет