Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



бет10/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45

«Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты


1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – үш ай ішінде:

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық


(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы қаулысы


(бұдан әрі – Ұлттық Банкі Басқармасының келісім беру туралы қаулысы) не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тарту туралы қаулысы және осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда жазылған дәлелді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жеке тұлға:

1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандар шегерілген) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтінішті;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алудың, оның ішінде бұрын сатып алынған растайтын құжаттарды көшірмесімен пайдаланылатын көздер мен қаражатты сипаттауды қоса бере отырып сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынуға тиісті.



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын қаражат көзі, мыналар:

кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;

көрсетілетін қызметті алушының құжаттамамен расталған ақшалай жинағы болып табылады.



Осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген көздерге қосымша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алатын акцияларының құнынан жиырма бес пайыздан аспайтын мөлшерде сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сатып алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы туралы және сыйға тартушыда аталған мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;

3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсетілетін қызметті алушының өкіліне (ол бар болса) берілген сенімхатты;

4) көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтайшы құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайдағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болуы тиіс;

6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша мәліметтерді;

7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді:



құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші анықтама нысанында берген алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқтығын растайтын (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын үш айдан аспауы тиіс) құжат. Шетел азаматтары олардың азаматтық алған елінің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты мекендейтін елі берген ұқсас мазмұнды құжатты қосымша беріледі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша орын алып отырған берешегі туралы ақпаратты;

9) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің аталған құрылтайшының мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етуге тиісті.



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы:

1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, заңды мекенжайы (орналасқан жері), қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандар шегерілген) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтінішті;

2) көрсетілетін қызметті алушының жоғарғы органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімдерінің көшірмесін;

3) заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына ие (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға немесе бақылауға алуға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды;

4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;

5) осы тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;

6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;

7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

8) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

9) аудиторлық ұйым куәландырған соңғы аяқталған екі қаржы жылына жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептілікті;

10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алғаннан кейінгі көрсетілетін қызметті алушының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарын талдауды, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда, сақтандыру


(қайта сақтандыру) ұйымының активтерін сату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру немесе оның қызметінемесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының жоспарларын және ұсыныстарын, егер олар бар болса, табыс етуге тиісті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы:



1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, заңды мекенжайы (орналасқан жері), қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандар шегерілген) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтінішті;

2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;

3) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған заңды тұлғаның кредиттік рейтингісі туралы мәліметтерді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымы осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға қосымша көрсетілетін қызметті алушының орналасқан елінің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушы осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының мұндай рұқсат осы елдің заңнамасы бойынша талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін ұсынады.



Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:

1) осы тармақтың үшінші және төртінші тармақшасында аталған мәліметтер мен құжаттарды;

2) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауды;

3) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін.

Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға ірі қатысушы, сақтандыру холдингі, бірнеше қаржы ұйымы мәртебесіне келісімді бір мезгілде алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар және банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алғысы келетін қаржы ұйымдарының атаулары көрсетілген өтінішті;

2) растайтын құжаттардың қосымшасымен меншік құқығындағы көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаға тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаттамасын қоса, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен талабы туралы мәліметтер;

3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсететін қызметті алушының өкіліне сенімхат (бар болса);

4) ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

5) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымдарын қайта қаржыландыру жоспарына сәйкес ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын және (немесе) болғысы келетін көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері есепке алына отырып жасалған қаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайларда әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта қаржыландыру жоспары;

6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректер;

7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;

8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес салық органдары немесе жеке тұлғаның тұратын еліндегі өзге уәкілетті тұлғалар куәландырған табысы және мүлкі туралы мәліметтер;

9) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініші.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңды тұлға резиденті ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі, бірнеше қаржы ұйымы мәртебесіне келісімді бір мезгілде алу үшін мынадай құжаттарды:

1) тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы көрсетілетін қызметті алушының жоғары органы шешімінің көшірмесін;

2) заңды тұлғалардың акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлесінің) иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растау құжаттарын;

3) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;

4) осы тармақтың алтыншы бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;

5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;

6) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

8) аудиторлық ұйым куәландырған аяқталған соңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтініш берер алдында аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;



9) ірі қатысушы мәртебесін иеленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, осындай мәртебені иеленудің қаржылық салдарының талдауын,
іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, егер бар болса,
көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының активтерін сату, тиісті қаржы ұйымдарының қызметін қайта ұйымдастыру немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын ұсынады.

Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы немесе банк холдингінің, бірнеше қаржы ұйымының мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды:

1) осы тармақтың алтыншы бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және осы тармақтың жетінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;

2) Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктерінің бірі тағайындаған заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді ұсынады.

Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы немесе банк холдингінің, бірнеше қаржы ұйымының мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды:

1) осы тармақтың сегізінші тармақшасында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

2) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішті.

Ірі қатысушы немесе банк холдингінің, бірнеше қаржы ұйымының мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы тармақтың екінші бөлігіндегі 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларындағы құжаттарды ұсынады:

Орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды қоспағанда) акциялардың жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға ниетті жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесін алуға ниетті заңды тұлғалар Заңның 26-бабында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша қойылатын талаптарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, жақын арадағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.

Мыналармен шектелмей мынадай ақпаратты қамтитын бизнес-жоспар:

қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттау;

қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);

ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға қаржы ұйымы қызметінің даму стратегиясы және масштабтары;

ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға толық жылдық қаржылық жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есеп айырысуы, бюджет, бухгалтерлік баланс, кірістер және шығындар туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);

тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді сипаттау және ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға оларды басқару тәсілдері;

ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға еңбек ресурстарын тарту жоспары.



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайдағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болуы тиіс:

қаржы ұйымының ағымдағы жағдайын бағалау;

қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың (шығындарды төмендету жөніндегі шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциалдық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар, қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;

қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік орындалу мерзімі;

қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың болжалданған экономикалық нәтижесі (пруденциалдық нормативтердің өзгеру динамикасы, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және басқа көрсеткіштерінің өзгеруі).

Егер көрсетілетін қызметті алушы банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болған жағдайда, онда көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын қайта капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері ескеріле отырып жасалады.

Өтініште көрсетілетін қызметті алушы онымен бірлесіп қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы болуды болжап отырған тұлғалардың және акцияларды (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) иеленуді қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену арқылы (дауыс беру) жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі көрсетіледі.

Осы тармақта көрсетілген құжаттарды осы құжаттардың мазмұны өзгерген не осындай құжаттардың мерзімі аяқталған жағдайларды қоспағанда оларды көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырған тұлғалар ұсынбайды. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушіге өзгерістер енгізілген немесе қолдану мерзімдері аяқталған құжаттары ғана ұсынылады. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырылған құжаттар туралы (шығыс құжаттың нөмірі, күні) мәліметтер, сондай-ақ оларды ұсыну негіздемесі көрсетіледі;



Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-пен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) электрондық сұрау салуға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және


9) тармақшаларында (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін), екінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында, алтыншы бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында, жетінші бөлігінің
1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар және электрондық құжат қоса беріледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған не ұсынылған құжаттар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген талаптарға сай келмеуі;

2) Мына талаптардың сақталмауы (көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлғаның басшы қызметкерлері немесе жеке тұлғаға қатысты):

көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі болмауы;

көрсетілетін қызметті алушы бұрын көрсетілетін қызметті беруші қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушы жеке тұлға, ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) заңды тұлғаның бірінші басшысы болып табылған жағдайда жүзеге асырылады. Аталған талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылуы;

көрсетілетін қызметті алушыдан өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған жағдайда жүзеге асырылады. Аталған талап ету Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде сақталмауы;

3) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайы тұрақсыз болуы;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық ахуалы ықтимал нашарлауы жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта капиталдандыру бойынша ұсынылған жоспары тиімсіз болуы;

5) көрсетілетін қызметті алушы – жеке тұлғаның, көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі болмауы;

6) көрсетілетін қызметті алушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алу нәтижесінде монополияға қарсы заңнамасның талаптарын бұзуы;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оған ірі қатысушы (ірі акционер) иеленуші тарап болып табылған жағдайда;

8) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымы өзі тұрған елде шоғырландырылған негізде қадағалануға жатқызылмаған жағдайда;

9) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру тобына қатысушылар орналасқан елдің заңнамасы олардың және сақтандыру тобының осы Заңда көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтіндігіне байланысты сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізу мүмкін болмауы;

10) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынын ірі қатысушыларына немесе сақтандыру холдингіне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;

11) көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салтарын талдау сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық ахуалының нашарлауын болжайтын болса;

12) көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елінің заңнамасы аясында қаржылық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктері болмауы;

13) көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингісі болмаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болып табылатын, талап етілетін ең төмен рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама түрде иеленуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен жанама түрде дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмеуі.

14) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімдер қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының ірі қатысушысы – жеке тұлға не ірі қатысушысы – заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылса не болып табылатын жағдайда.

Аталған талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолданылады;

15) көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сәйкес келмеуі;

16) Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымдары болып табылатын ірі қатысушылар-заңды тұлғалар және сақтандыру холдингтері бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімінің болмауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет