Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет364/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Сулы ерітінділер, пилюлялар, 
шаншуға арналған ерітінділер және көз тамшылары технологиясын 
сипаттағанда жағымсыз тотығу-тотықсыздану реакцияларының жүру 
мүмкіндігі көрсетілген болатын. 


500 
Калий перманганаты және күміс нитраты ерітінділерін мақта немесе 
қағаз арқылы емес, шыны фильтр арқылы фильтрлеу қажет. 
Бұл дәрілік заттармен пилюлялар дайындағанда, қосымша зат ретінде 
өсімдік ұнтақтары мен экстрактыларының орнына ақбалшық, бентонит 
немесе ақбалшық немесе бентониттің қоспасын қолданған жөн. Құрамында 
аскорбин қышқылы, сульфацил-натрий және басқа да тотықсыздандырғыш 
заттары бар шаншуға арналған ерітінділерді және көз тамшыларын 
антиоксидантармен: натрий сульфитімен, натрий метабисульфитімен және 
басқалармен тұрақтандырады. Ұнтақтардағы аскорбин қышқылының 
эуфиллинмен 
әрекеттесіп 
тотығу-тотықсыздану 
ыдырауы 
жоғарыда 
қарастырылған болатын. 
Калий перманганаты көптеген органикалық дәрілік заттармен 
сыйымсыз. Қышқыл ортада оның тотықтырғыш қасиеті марганецтің
Mn
7+

Mn
2+
(тотығу потенциалы +1,52 в) өтуіне негізделген. Нейтралды 
және сілтілі ортада Mn
7+ 
MnO
2
қоңыр тұнба бөле отырып Mn
4+
дейін 
тотықсызданады. 
Калий перманганаты натрий нитритімен (нитратқа тотығу), хлорсутек 
қышқылы және оның тұздарымен (бос хлор түзу), бромидтермен (бос бромға 
дейін тотығу), йодидтермен (бос йодтың бөлінуі), сутек асқын тотығымен 
(қышқыл ортада оттегінің бөлінуі) сыйымсыз. Ол этанолды сірке альдегиді 
және сірке қышқылына, глицеринді - құмырсқа, пропион, тартрон және көмір 
қышқылдарының қоспасына тотықтырады. Калий перманганатын күкіртпен, 
этанолмен, глицеринмен, танинмен, майлармен, қантпен, белсендірілген 
көмірмен және басқа органикалық заттармен ысқыласа жарылыс пайда болуы 
да мүмкін. 
Сутек асқын тотығы сонымен қатар, күшті тотықтырғыш болып 
табылады (тотығу потенциалы +1,66 в). Калий перманганаты сияқты ол 
көптеген органикалық заттармен - танинмен (оттегінің бөлінуі), этанолмен 
(сірке альдегидіне және қышқылына тотығу), сілтілі заттармен сыйымсыз. 
Калий перманганаты және сутек асқын тотығымен салыстырғанда йод 
әлсіз тотықтырғыш болып саналады (тотығу потенциалы +0,58 в). Йод 
аскорбин қышқылымен (тотығу), натрий тиосульфатымен (натрий 
тетратионаттың түзілуі), аммиакпен (ерімейтін және жарылғыш йодты 
азоттың түзілуі), эфир майларымен (тұтану мүмкіндігі), формальдегидпен 
(құмырсқа қышқылына дейін тотығу) сыйымсыз. Сынап, күміс және қорғасын 
тұздарымен йодидтердің қиын еритін тұнбалары түзіледі. Алкалоидтар және 
құрамында азотты заттары бар органикалық заттар тұздарымен аз еритін 
қосылыстар түзе отырып әрекеттеседі. 
Сынап 
амидохлориді 
резорцин, 
фенол 
және 
басқа 
да 
тотықсыздандырғыштар әсерінен тотықсызданады. Сынаптың сары тотығы
жарықта немесе тотықсыздандырғыштармен ысқылағанда металды сынапқа 
дейін ыдырайды. 
Rp.: Hydrargyrі amіdochlorіdі
Zіncі oxydі


501 
Resorcіnі ana 2,0 
Lanolіnі 
Vaselіnі ana 20,0 
M.D.S. Теріге жағу үшін
Сынап амидохлоридін, мырыш тотығын және резорцинді балқытылған 
негіздің бір бөлігімен ысқылап, негіздің қалған бөлігін қосқан соң, жағармай 
сарғаяды (металды сынап және резорциннің тотығу өнімдері түзіледі). Сынап 
амидохлориді мен мырыш тотығын негіздің бір бөлігімен, ал резорцинді 
негіздің қалған бөлігімен ысқылап, екі қоспаны абайлап араластыру арқылы 
тотығу-тотықсыздану реакциясын баяулатуға болады. 
Натрий нитриті қышқылдармен және ортаның қышқылды реакциясын 
тудыратын заттармен, соның ішінде кейбір алкалоидтар тұздарымен, 
аммоний хлоридімен және басқалармен (азот тотықтарын бөле ыдырау), 
йодидтермен (йодтың бөлінуі) сыйымсыз. 
Фенолдар (фенол, резорцин), фенолды топтары бар заттар (адреналин, 
натрий салицилаты, физостигмин салицилаты, танин, морфин, апоморфин 
және басқалар) жеңіл тотығады. 
Адреналин ортасы сілтілі реакциялы заттар қатысында (натрий 
тетрабораты, сульфацил-натрий, натрий гидрокарбонаты) ерітінді түсін 
сарыдан қоңырға өзгерте отырып жеңіл тотығады. 
Аскорбин 
қышқылының 
сыйымсыздығы 
оның 
күшті 
тотықсыздандырғыш және күшті қышқыл болуына (1

ерітіндісі рН 2,6) 
негізделген. Ол йодпен, цианкобаламинмен, фоли қышқылымен және 
басқалармен тотығады. Аскорбин қышқылы гексаметилентетраминмен 
(гексаметилентетраминнің формальдегидке және аммиакқа ыдырауы), 
карбонаттармен (көміртегі диоксидін бөле ыдырауы), бензоаттармен және 
салицилаттармен (қиын еритін бензой және салицил қышқылдарының 
тұнбаға түсуі), барбитураттар мен сульфонамидтер тұздарымен (ерімейтін 
барбитураттар мен сульфонамидтердің тұнбаға түсуі), натрий тиосульфаты 
және нитритімен (осы заттардың ыдырауы) сыйымсыз. 
Тиамин (Витамин В
1
) нейтралды және сілтілі ерітінділерде
тотықтырғыштармен сыйымсыз. Ерітінділерде никотинамид және никотин 
қышқылы қатысында ыдырауы мүмкін; тиаминнің ауадағы оттегімен тотығуы 
рибофлавин қатысында жылдам жүреді. Глюкоза, натрий сульфиті және басқа 
тотықсыздандырғыштармен ыдырайды. 
Цианокобаламин (Витамин В
12
) тотықтырғыштармен (сутек асқын тотығы, 
калий перманганаты және басқалар), тотықсыздандырғыштармен (натрий 
биосульфиті, хлоралгидрат, цистеин және басқалар), ауыр металдармен сыйымсыз. 
Сонымен қатар, ретинол (витамин А), рибофлавин (витамин В
2
), 
эргокальциферол (витамин D
2
), токоферол ацетаты (витамин Е) жеңіл 
тотығады. 
Анальгин жеңіл тотығады. Антипирин натрий нитритімен қышқыл 
ортада жасыл түсті нитрозоантипирин түзеді. 


502 
Rp.: Analgіnі 
Kalіі іodіdі ana 1,0
Іodі 0,5 
Lanolіnі 
Vaselіnі ana 10,0
M.D.S. Қолға жағу үшін 
Йодтың анальгин молекуласындағы биосульфит тобымен тотығу-
тотықсыздану реакциясы әсерінен жағармай тез түссізденеді. Бұл кезде күкірт 
(ІV) күкірт (VІ) өтеді. 
Rp.: Kalіі permanganatіs 3,0 
Spіrtus aethylіcі 
Aquae purіfіcatae ana 30 ml 
M.D.S. Теріге жағу үшін
Берілген жазылым дәрілік препарат компоненттерінің әрекеттесуін 
әдейі қарастырған рационалды жазылым, эритематозды жегі (тері 
туберкулезі) ауруын емдеу үшін қолданылады. Калий перманганаты этанолды 
қоңыр тұнба марганец диоксидін түзе отырып тотықтырады: 
3CH
3
CH
2
OH +2KMn O
4
3CH
3
CHO+2KOH+2MnO
2
+2H
2

3CH
3
CHO+2KmnO
4
2CH
3
COOK+CH
3
COOH+2MnO
2
+H
2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет