Қазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2011. 11. 01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен



бет16/35
Дата16.06.2016
өлшемі2.3 Mb.
#139603
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35

223-бап. Заттай дәлелдердi тексеру және сақтау

1. Оқиға болған жердi тексеру кезiнде жердi немесе үй-жайды тiнту, шығарып алу, тергеу экспериментi немесе басқа тергеу iс-әрекетi кезiнде алынған не тергеушiнiң талап етуi бойынша ұйымдар және азаматтар берген заттар осы Кодекстiң 222-бабының ережелерi бойынша тексеруге жатады. Аталған заттар тексергеннен кейiн осы Кодекстiң 121-бабының ережелерiне сәйкес заттай дәлелдер деп танылуы мүмкiн.

2. Затты тергеушi заттай дәлел ретiнде тану және оны iске қосып тiркеу туралы қаулы шығарады. Осы қаулыда заттай дәлелдi iспен бiрге қалдыру немесе оны иесiне немесе өзге адамдар мен ұйымдарға сақтауға өткiзу туралы мәселе шешiлуге тиiс.

3. Егер заттар ауқымды болуына немесе өзге де себептерге байланысты қылмыстық iспен бiрге сақтауға келмесе, олар фотосурет немесе бейнежазба құралдарымен түсiрiп алынуға, мүмкiндiгiнше мөрмен бекiтiлуге және тергеушi көрсеткен орында сақталуға тиiс. Iске заттай дәлелдiң үлгiсi қоса тiркелуi мүмкiн. Заттай дәлелдiң жатқан жерi туралы iсте тиiстi анықтама болуы тиiс.



Tepгeу және анықтау органдары алып қойған ұлттық және шетел валютасы түріндегі ақшалай қаражат қылмыстық процесті жүргізуші органның депозиттік шотына салынады.

4. Тез бұзылатын заттай дәлелдер, егер олар иесiне қайтарылмайтындай болса тиiстi ұйымдарға мақсатына сай пайдалануға не алынған сомаларды қылмыстық iстi жүргiзушi органның депозитiне енгiзе отырып сатуға өткiзiледi. Сақталуы айтарлықтай материалдық шығын жұмсауды қажет ететiн заттай дәлелдемелер, егер иесiне қайтарылып берiлуi мүмкiн болмаса оның келiсiмiмен алынған соманы қылмыстық процестi жүргiзушi органның депозитiне сала отырып, заңдарда белгiленген тәртiппен сатылады. Негiздер болған жағдайда пайдаланылған немесе сатылған заттай дәлелдемелер сол секілдi және сондай сападағы заттармен қайтарылып берiледi немесе иесiне олардың құны төленедi.



Әрбір атауы (түрі) бойынша өте ірі мөлшерге жатқызудың жоғары шегінен асатын мөлшердегі есірткі, психотроптық зат­тар сот сараптамасы жүргізілгеннен кейін, заттай дәлелдер деп та­нылып, іске үлгі ретінде қоса тіркелгендерді қоспағанда, қыл­мыстық қудалау органы қаулысының негізінде про­ку­рор­дың келісімімен Үкімет белгілеген тәртіппен жойылуға тиіс.

Оларды қылмыстық іске коса тіркеу үшін анықтау органы, тергеуші прокурормен келісілген тиісті қаулының негізінде куәгерлердің көзінше, міндетті түрде маманды қатыстыра отырып және бейнежазбаны қолданып, алып қойылған есірткі, психотроптық заттардың жалпы көлемінен әрбір атауы (түрі) бойынша тиісті есірткі, психотроптық заттар үшін заңда белгіленген өте ірі шамаға тең мөлшерде үлгілер таңдап алуға тиіс

5. Анықтау органы iстi тергеушiге берген кезде немесе ол бiр анықтау органынан екiншi анықтау органына, не бiр тергеушiден екiншiсiне берiлген ретте, сонымен қатар iс прокурорға және сотқа жiберiлгенде заттай дәлелдер осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда белгiленген тәртiпке сәйкес бiрге жөнелтiледi. Заттай дәлелдер буып-түйiлген және мөрмен бекiтiлген күйiнде оларды даралайтын белгiлерi көрсетiлген тiзiмдеумен бiрге берiледi.

6. Қылмыстық iс тергеу сатысында тоқтатылған кезде заттай дәлелдер туралы мәселе осы Кодекстiң 121-бабы үшiншi бөлiгiнiң ережелерi бойынша шешiледi.

224-бап. Адам мәйiтiн тексеру

1. Адам мәйiтiн ол табылған жерде сыртынан тексеру тексерудiң жалпы ережелерiн сақтай отырып және сот медицинасы саласындағы маман дәрiгердiң, ал оның қатысуы мүмкiн болмаған жағдайда - өзге дәрiгердiң мiндеттi түрде қатысуымен жүргiзiледi. Мәйiттi тексеру үшiн басқа да мамандар тартылуы мүмкiн.

2. Мәйiттi қосымша немесе қайталап тексерген жағдайда сот медицинасы саласындағы маман дәрiгердiң қатысуы мiндеттi.

3. Танылмаған мәйiт мiндеттi түрде фотосуретке түсiрiлуге және дактилоскопия жасалуға тиiс.

4. Мәйiттi сырттай тексеру кейiн сот-медицина сараптамасының жүргiзiлуiн алмастырмайды және жоққа шығармайды.

5. Мәйiттi тексеру барысында азаматтардың қайтыс болған адамды тану туралы мәлiмдемелерi сол тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасына енгiзiлiп, кейiннен мәлiмдеушiден куә ретiнде жауап алынады, бұл мәйiттi басқа адамдардың тануы үшiн көрсетудi жоққа шығармайды.

225-бап. Эксгумация

1. Адамның мәйiтiн жерленген жерiнен қазып алу (эксгумация) егер мыналар:

1) мәйiттi тексеру, оның iшiнде қосымша немесе қайталап тексеру;

2) тану үшiн көрсету;

3) сараптама жүргiзу талап етiлгенде жүргiзiледi.

2. Эксгумация тергеушiнiң прокурор санкция берген дәлелдi қаулысы бойынша жүргiзiледi.

3. Эксгумация туралы қаулы жерленген жердiң әкiмшiлiгi және қайтыс болған адамның туыстары үшiн мiндеттi болып табылады.

4. Эксгумация сот медицинасы саласындағы маманның мiндеттi түрде қатысуымен жүргiзiледi.

5. Мәйiттi тану мен тексеру, сараптамалық үлгiлер алу эксгумация жасалатын орында жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда тергеу iс-әрекетiн жүргiзуден алынған деректер және олардың ретi мәйiт эксгумациясының жалпы хаттамасына енгiзiледi.

6. Егер осы баптың бесiншi бөлiгiнде көрсетiлген тергеу iс-әрекеттерi басқа жерде жүргiзiлсе, бұл туралы жеке хаттама жасалады.

7. Эксгумациядан кейiн мәйiт өзге зерттеулердi жүргiзу үшiн медициналық ұйымға жеткiзiлуi мүмкiн.

8. Мәйiттi эксгумациялаудан және кейiнгi iс жүргiзу әрекеттерiнен соң жерлеудi мәйiттi эксгумациялау туралы қаулы шығарған адамның немесе органның қатысуымен жерлеу орны әкiмшiлiгi жүргiзедi.

9. Анықтау органдары тергеушiге эксгумация жүргiзуге жәрдемдесуге мiндеттi.

226-бап. Куәландыру

1. Адам денесiндегi ерекше белгiлердi, қылмыс iздерiн, денсаулығына келтiрiлген зиянның белгiлерiн анықтау, мас болу жағдайын немесе iс үшiн маңызы бар өзге де қасиеттер мен белгiлердi анықтау үшiн, егер бұл үшiн сараптама жүргiзу талап етiлмесе, сезiктiге, айыпталушыға, жәбiрленушiге және куәға куәландыру жүргiзiлуi мүмкiн.

2. Куәландыру жүргiзу туралы тергеушi сезiктi, айыпталушы үшiн мiндеттi болып табылатын қаулы шығарады. Жәбiрленушiнiң, куәнiң мәжбүрлеп куәландырылуы прокурордың санкциясы бойынша жүргiзiледi.

3. Куәландыруды тергеушi дәрiгердiң немесе басқа маманның қатысуымен, ал олар қатыса алмаған жағдайда куәлердiң қатысуымен жүргiзедi. Бұл тергеу iс-әрекетi куәландырылатын адамды шешiндiрудi қажет еткен жағдайларда куәландыру сол жынысты куәлердiң қатысуымен жүргiзiледi.

4. Егер куәландыруда адамның денесi жалаңаштандырылатын болса, онда тергеушi жынысы басқа адамды куәландыру кезiнде қатыспайды. Бұл жағдайда куәландыруды сот медицинасы саласындағы маман немесе куәлердiң қатысуымен дәрiгер жүргiзедi.

227-бап. Тексерудiң, куәландырудың, эксгумацияның хаттамасы

1. Тексеру, куәландыру, эксгумация жүргiзу туралы тергеушi осы Кодекстiң 203-бабының талаптарын сақтай отырып хаттама жасайды.

2. Хаттамада тергеушiнiң барлық iс-әрекетi, сондай-ақ тексеру, куәландыру, эксгумация кезiнде анықталғандардың барлығы аталған тергеу iс-әрекеттерi жүргiзiлген ретпен және тексеру, куәландыру, эксгумация кезiнде анықталғандар қандай күйiнде байқалса, сол күйiнде сипатталады. Хаттамада тексеру, куәландыру, эксгумация кезiнде алынған барлық объектiлер көрсетiлiп, сипатталады.

3. Бұған қоса хаттамада: тексеру, куәландыру, эксгумация қай уақытта, ауа райы және жарықтың түсуi қандай болғанда жүргiзiлгенi; қандай техникалық құралдар қолданылып қандай нәтижелер алынғаны, аталған тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге кiмдер тартылғаны және олардың қалай қатысқаны; қандай объектiлер және қандай мөрмен бекiтiлгенi; тексеруден кейiн мәйiт немесе iс үшiн маңызы бар заттар қайда жiберiлгенi көрсетiлуi тиiс.

28-тарау. Тану



228-бап. Тану үшiн көрсету

1. Бұрын байқалған адаммен немесе объектiмен ұқсастықты немесе айырманы анықтау мақсатында тергеушi тану үшiн куәға, жәбiрленушiге, сезiктiге немесе айыпталушыға адамды немесе затты көрсете алады. Тану үшiн мәйiт те көрсетiлуi мүмкiн.

2. Тануға қатыстырылатын адамдардан тиiстi адамды немесе затты қандай жағдайда байқағаны туралы, қандай белгiлерiне және ерекшелiктерiне қарай тани алатыны туралы алдын ала жауап алынады.

229-бап. Тану үшiн көрсету тәртiбi

1. Танылуға тиiс адам тануға қатыстырылатын адамға жынысы бiр, сыртқы пiшiнi мен киiмiнде айтарлықтай айырма жоқ басқа адамдармен бiрге көрсетiледi. Тану үшiн көрсетiлетiн адамдардың жалпы саны кемiнде үш адам болуы керек. Бұл ереже мәйiттi тануға қолданылмайды.

2. Тергеу iс-әрекетiне арасында танылуға тиiс адам орналасқан өзге адамдардың қатысуы тек олар ерiктi түрде келiскен кезде және тануға қатыстырылған адам олармен бұрын таныс болмаған жағдайда мүмкiн болады.

3. Әдетте, мәйiт жеке көрсетiледi. Апаттар туралы iстер бойынша және құрбан болғандардың саны айтарлықтай болған басқа да iстер бойынша мәйiт тану үшiн жалпы қаза болғандармен бiрге көрсетiлуi мүмкiн. Қажет болған жағдайларда тергеушiнiң нұсқауы бойынша танушы адамға мәйiттi көрсетпес бұрын маман мәйiттi гримдейдi. Тергеушiнiң мәйiттi оның жатқан жерiнде сақталуын қамтамасыз ету туралы нұсқауы тану үшiн ұсынуға қажеттi уақыт кезеңiнде орындалуға мiндеттi.

4. Егер танитын адам куә немесе жәбiрленушi болса, оған танудың алдында айғақ беруден бас тартқаны үшiн, көрiнеу жалған айғақ бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледi, оған сондай-ақ өзiне, ерiне (зайыбына) және өзiнiң жақын туыстарына, ал дiни қызметшiге тәубе үстiнде өзiне iшкi сырын сенiп ашқан адамдарға қарсы куәлiк етпеу құқығы түсiндiрiледi.

5. Тану жүргiзудiң алдында тергеушi танылуға тиiс адамға өзге адамдардың арасында кез келген орынды таңдап алуын ұсынады, бұл хаттамада көрсетiледi.

6. Адамды көрсету мүмкiн болмаған кезде тану оның фотосуретi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн, ол бет әлпетi танылуға тиiс адаммен мүмкiндiгiнше ұқсас, кемiнде үш адамның фотосуретiмен бiрге көрсетiледi, тану сонымен бiрге дыбыс және бейнежазба бойынша да жүргiзiледi.

7. Зат кемiнде үш бiртектес затпен бiрге көрсетiледi. Ұқсас объектiлердi iрiктеп алу мүмкiн болмаған немесе қиын болғанда затты тану үшiн көрсету жалғыз дана бойынша жүргiзiледi.

8. Танушы адамға өзi ол туралы айғақ берген адамды немесе затты көрсету ұсынылады. Жетекшi сұрақтар қоюға тыйым салынады.

9. Егер танушы адам оған көрсетiлген адамдардың немесе заттардың бiрiн көрсетсе, оған бұл адамды немесе затты қандай белгiлерi немесе ерекшелiктерi бойынша танығанын түсiндiру ұсынылады.

10. Тану үшiн көрсету куәгерлердiң көзiнше жүргiзiледi.

11. Танушының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ дауыс, сөйлеу, жүрiс ерекшелiктерi бойынша тану кезiнде адамды тану үшiн көрсету танылуға тиiс адам танитын адамды көрмейтiндей жағдайда жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда куәгерлер тануға тартылған адаммен бiр жерде тұрады. Тануға тартылған адам мен куәгерлерге тану үшiн көрсетiлген адамдарды жеткiлiктi көрiп байқау мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.

12. Тануға көрсетiлген адамды сол белгiлерi бойынша танушының қайталап тануы жүргiзiлмейдi.

13. Тану үшiн көрсету туралы осы Кодекстiң 203-бабының талаптарын сақтай отырып, хаттама жасалады. Хаттамада танудың шарттары, барысы, нәтижелерi көрсетiледi және танушы адамның түсiнiктемелерi мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады. Егер тану үшiн адамды көрсету танылуға тиiс адам танушы адамды көрмейтiндей жағдайда жүргiзiлсе, бұл да хаттамада көрсетiледi.

29-тарау. Тінту және алу



230-бап. Тiнту

1. Тiнту iс үшiн маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу мақсатында жүргiзiледi.

2. Тiнту жүргiзуге аталған заттардың немесе құжаттардың белгiлi бiр үй-жайда немесе өзге орында, не нақты адамда болуы мүмкiн деп болжауға жеткiлiктi деректердiң болуы негiз болып табылады.

3. Тiнту iздестiрiлiп жатқан адамдарды немесе мәйiттердi табу үшiн де жүргiзiлуi мүмкiн.

2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 231-бап өзгертілді

231-бап. Алу

1. Алу iс үшiн маңызы бар белгiлi бiр заттар мен құжаттардың қайда және кiмде екенi анық болғанда, оларды алып қою мақсатымен жүргiзiледi.

2. Алуды жүргізбей қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда алу осы Кодекстің 232-бабының талаптарын сақтай отырып, қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін.

 

232-бап. Тiнту мен алуды жүргiзу тәртiбi



1. Тiнту мен алуды тергеушi дәлелдi қаулы бойынша жүргiзедi. Тiнту жүргiзу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыға прокурор немесе оның орынбасары санкция беруге тиiс.

2. Тұрғын үйде онда тұрып жатқан адамдардың еркiнен тыс алу осы Кодекстiң 222-бабының он екiншi және он үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi бойынша жүргiзiледi.

3. Айрықша жағдайларда, iздестiрiлiп жатқан және алып қоюға жататын объект оны табуды ұзаққа созудан жоғалуы, бүлiнуi немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкiн болғанда не iздестiрiлiп жатқан адам жасырынуы мүмкiн болғанда тiнту прокурордың санкциясынсыз, бiрақ жүргiзiлген тiнту туралы кейiн жиырма төрт сағат iшiнде оған хабарлау арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн. Аталған хабарламаны алғаннан кейiн прокурор жүргiзiлген тiнтудiң заңдылығын тексередi және оның заңды немесе заңсыз екенi туралы қаулы шығарады. Жүргiзiлген тiнтудiң заңсыз екенi туралы шешiм қабылданған жағдайда бұл әрекет iс бойынша дәлел ретiнде жiберiлмейдi.

4. Тiнту мен алу куәгерлердiң қатысуымен, ал қажет болған жағдайда маманның және аудармашының қатысуымен жүргiзiледi.

5. Тұрғын үйлердегi, ұйымдардың үй-жайларындағы тiнту немесе алу осы Кодекстiң 222-бабының он төртiншi және он бесiншi бөлiктерiнде аталған адамдардың қатысуымен жүргiзiледi.

6. Дипломатиялық өкiлдiктер орналасқан үй-жайларда, сондай-ақ дипломатиялық өкiлдiктердiң мүшелерi мен олардың отбасылары тұрып жатқан үй-жайларда тiнту мен алу осы Кодекстiң 222-бабының он алтыншы бөлiгiнде белгiленген талаптарды сақтай отырып жүргiзiледi.

7. Тiнту немесе алу жүргiзу басталар алдында тергеушi оларды жүргiзу туралы қаулыны көрсетуге мiндеттi.

8. Тiнтуге кiрiскенде тергеушi iс үшiн маңызды болуы мүмкiн, алынуға жататын заттар мен құжаттарды ерiктi түрде берудi ұсынады. Егер олар ерiктi түрде берiлсе және алынуға жататын заттар мен құжаттардың жасырылғанына күмәндануға негiздер болмаса, тергеушi одан әрi iздеу жүргiзбеуге құқылы.

9. Егер жабық үй-жайлар мен қоймалардың иесi оларды ерiктi түрде ашудан бас тартса, тiнту жүргiзген кезде олар ашылуы мүмкiн. Бұл ретте есiк құлыптарын және басқа заттарды қажетсiз бүлдiруге жол берiлмеуге тиiс.

10. Алу кезiнде тергеушi алынуға жататын заттар мен құжаттарды берудi ұсынады, ал бұдан бас тартылған жағдайда алу мәжбүрлi түрде жүргiзiледi.

11. Тергеушi сол үй-жайда тұрып жатқан адамның немесе басқа адамдардың жеке өмiрiнiң тiнту мен алу кезiнде анықталған мән-жайларының жария етiлмеуiне шаралар қолдануға мiндеттi.

12. Тергеушi тiнту немесе алу жүргiзiлiп жатқан үй-жайды немесе орында тұрған адамдарға және осы үй-жайға немесе орынға келген адамдарға тiнту немесе алу аяқталғанға дейiн ол жерден кетуге, сондай-ақ бiр-бiрiмен немесе өзге адамдармен сөйлесуге тыйым салуға құқылы.

13. Тiнту мен алу жүргiзiлген кезде тергеушi iске қатысы болуы мүмкiн заттар мен құжаттарды алумен шектелуге тиiс. Айналымға салуға тыйым салынған заттар мен құжаттар олардың iске қатыстылығына қарамастан алынуға тиiс.

14. Алынатын заттар мен құжаттар куәгерлерге және қатысып отырған басқа да адамдарға көрсетiледi, буып-түйiледi және тiнту немесе алу жүргiзiлген жерде мөрмен бекiтiледi және куәгерлер мен бұған қатысып отырған басқа адамдардың қол қоюымен куәландырылады.

15. Тiнту жүргiзген кезде қажет болған жағдайда фотосуретке, киноға түсiру және бейнежазба жүргiзiледi.

233-бап. Жеке адамды тiнту

1. Осы Кодекстiң 230-бабында көзделген негiздер болған кезде және 232-бабының талаптарын сақтай отырып, тергеушi тiнтiлетiн адамның денесiнен, оның киiмiнен және бойындағы заттардан заттар мен құжаттарды табу және алу мақсатында жеке адамды тiнтуге құқылы.

2. Жеке адамды тiнтудi тiнту жүргiзiлетiн адаммен жынысы бiр адам және сол жыныстағы куәгерлер мен мамандардың қатысуымен жүргiзедi.

3. Жеке тiнту арнайы қаулы шығармай және прокурордың санкциясынсыз, мынадай жағдайларда, егер:

1) үй-жайдағы немесе тiнту жүргiзiлiп жатқан өзге орындағы адам iс үшiн маңызы болуы мүмкiн құжаттарды немесе заттарды өз бойында жасырып отыр деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болса;

2) ол адам ұсталса немесе күзетпен қамауға алынса жүргiзiледi. Бұл жағдайда жеке адамды тiнту куәгерлер жоқ болса да жүргiзiледi.

234-бап. Тiнту немесе алу хаттамасы

1. Тiнту немесе алу жүргiзетiн адам осы Кодекстiң 203-бабында көзделген талаптарды сақтай отырып хаттама жасайды.

2. Хаттамада заттар немесе құжаттар қай жерде және қандай жағдайда табылғаны, олардың ерiктi түрде берiлгенi немесе мәжбүрлеп алынғаны көрсетiлуге тиiс. Барлық алынған заттар хаттамада саны, мөлшерi, салмағы, өзiндiк белгiлерi және мүмкiндiгiнше бағасы дәл көрсетiле отырып жазылуға тиiс.

3. Егер тiнту немесе алу жүргiзген кезде алынуға жататын заттарды немесе құжаттарды жою немесе жасыру әрекеттерi жасалған болса, бұл хаттамада қолданған шаралар көрсетiле отырып жазылуға тиiс.

4. Тiнту немесе алу хаттамасының көшiрмесi олар жүргiзiлген адамға не оның кәмелетке толған отбасы мүшесiне, ал олар болмаған жағдайда тұрғын үй пайдалану ұйымның немесе жергiлiктi атқарушы органның өкiлiне олардан қолхат алынып тапсырылады. Егер тiнту немесе алу ұйымда жүргiзiлсе, онда хаттаманың көшiрмесi оның өкiлдерiне қолхат алынып тапсырылады.

30-Тарау. Хат-хабарды тұтқындау. Хабарламаларды жолдан ұстау. Сөйлесулерді тыңдау мен жазу

 

235-бап. Почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн тұтқындау, оларды тексеру мен алу

1. Хаттар, жеделхаттар, радиограммалар, бандерольдер, посылкалар мен басқа да почта-телеграф жөнелтiлiмдерi iс үшiн маңызы бар мәлiметтердi, құжаттар мен заттарды қамтуы мүмкiн деп пайымдауға жеткiлiктi негiз болған кезде олар тұтқындалуы мүмкiн.

2. Тергеушi почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн тұтқындау туралы прокурор санкция беретiн қаулы шығарады. Қаулыда почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн ұстап қалу мiндетi жүктелетiн байланыс мекемесiнiң атауы, почта-телеграф жөнелтiлiмдерi ұстауға жататын адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың мекен-жайы, тұтқындалып отырған почта-телеграф жөнелтiлiмiнiң түрi, ол тұтқындалатын мерзiм көрсетiледi.

3. Почта-телеграф хат-хабарын тұтқындау туралы қаулы тиiстi байланыс мекемесiнiң басшысына жiберiледi, ол почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн ұстап қалып, бұл туралы дереу тергеушiге хабарлауға мiндеттi.

4. Ұсталған почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн тексерудi, алуды және көшiрмесiн түсiрудi тергеушi куәгерлердiң қатысуымен байланыс мекемесiнде жүргiзедi. Қажет болған жағдайларда почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн тексеру мен алуға қатысуға тергеушi тиiстi маманды, сондай-ақ аудармашыны шақыртуға құқылы. Почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн тексерудiң әрбiр жағдайында хаттама жасалады, онда кiм және қандай почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн тексергенi, көшiрмесiн алғаны және алушыға жiбергенi немесе тергеушi белгiлеген мерзiмге ұстағаны көрсетiледi.

5. Почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн тұтқындаудың күшiн бұл шараға қажеттiлiк жойылған кезде тергеушi немесе прокурор, бiрақ кез келген жағдайда тергеу аяқталғаннан кейiн кешiктiрмей жояды.

236-бап. Хабарды жол-жөнекей ұстау

1. Техникалық, оның iшiнде компьютерлiк байланыс арналары арқылы берiлетiн хабарларды жолдан ұстау және компьютерлiк жүйелерден тергелiп отырған iске қатысты ақпаратты алу тергеушiнiң прокурор санкция берген қаулысының негiзiнде жүргiзiледi.

2. Тергеушiнiң прокурор санкция берген қаулысы жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырып отырған органға орындауға жiберiледi.

3. Жол-жөнекей ұстап алу нәтижесiнде алынған хабарлар мен компьютерлiк ақпаратты маман тиiстi ақпарат ұстаушыда бекiтедi және тергеушiге бередi.

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен ; 2009.17.07. № 187-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 237-бап өзгертілді



237-бап. Сөйлесулердi және сөздерді тыңдау мен жазу

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабында (бірінші бөлік); 122-бабында; 128-бабында (бірінші бөлік); 131-бабында (бірінші бөлік); 143-бабында (үшінші бөлік); 157-бабында (бірінші және екінші бө­ліктер); 164-бабында (бірінші бөлік); 170-бабында (бірінші бөлік); 175-бабында (бірінші және екінші бөліктер); 177-бабында (бірінші және екінші бөліктер); 178-бабында (бірінші бөлік); 181-бабында (бірінші бөлік); 185-бабында (бірінші және екінші бөліктер); 192-бабында (бірінші бөлік); 193-бабында (бірінші және екінші бөліктер); 209-бабында (бірінші және екінші бөліктер); 233-1-бабында (бірінші бөлік); 233-3-бабында (бірінші бөлік); 241-бабында (үшінші бөлік); 242-бабында; 251-бабында (бірінші бөлік); 252-бабында (бірінші бөлік); 270-бабында (бірінші бөлік); 307-бабында (екінші бөлік); 308-бабында (бірінші және екінші бөліктер); 311-бабында (бірінші бөлік); 312-бабында (бірінші және екінші бөліктер); 339-бабында (үшінші бөлік); 346-бабында (екінші бөлік); 347-1-бабында (бірінші бөлік); 358-бабында (бірінші бөлік); 361-бабында (екінші бөлік) көрсетілген ауырлығы орташа қылмыстар туралы, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша, егер күдікті, айыпталушы үшінші бір адамның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе егер үшінші бір адам басқа адамдарға беру үшін күдіктіге, айыпталушыға арналған не күдіктіден, айыпталушыдан ақпарат алады деген мәліметтер болса, тыңдау нәтижесінде іс үшін маңызы бар мәліметтер алынады деп болжауға жеткілікті негіздер болған кезде күдіктінің, айыпталу­шының не үшінші бір адамның телефон және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулерін жасырын тыңдау және жазып алу тергеушінің прокурор санкция берген қаулысының негізінде жүргізіледі.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстар тізбесі бойынша бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы тех­никалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу прокурордың санкциясымен ғана күдіктіге, айыпталушыға қатысты жүргізілуі мүмкін.

2. Күш қолдану, қорқытып алу және басқа қылмыстық әрекеттердi жәбiрленушiге, куәға немесе олардың отбасы мүшелерiне қолдану қаупi болған кезде тергеушiнiң прокурор санкция берген қаулысы бойынша олардың келiсiмiмен, бейне және дыбыс жазу техникаларын немесе басқа да арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы әңгiмелесулерiнiң жасырын тыңдалуы және жазылуы, сондай-ақ олардың телефондары немесе басқа сөйлесу құрылғылары арқылы сөйлескен сөздерiнiң тыңдалуы және жазылуы мүмкiн.

3. Тергеушi сөйлескен сөздердi, әңгімелесулерді тыңдау мен оларды жазуды қажет деп таныған соң дәлелдi қаулы шығарады, онда: қылмыстық iс және осы тергеу iс-әрекетi жүргiзiлуге тиiс негiздер, сөйлескен сөздерi тыңдалатын және жазылатын адамдардың аты-жөнi және ол қандай уақыт аралығында жүргiзiлетiнi; сөйлескен сөздерді, әңгiмелесулердi тыңдау мен жазуды техникалық тұрғыдан жүзеге асыру тапсырылған орган көрсетiледi. Аталған қаулы прокурорға ұсынылады және ол санкция берген жағдайда тергеушi оны орындау үшiн тиiстi органға жiбередi.

4. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда сөйлескен сөздерді, әңгiмелесулердi тыңдау мен жазу тергеушiнiң қаулысы бойынша прокурордың санкциясынсыз, оған кейiннен жиырма төрт сағат iшiнде сөйлескен сөздi, әңгiмелесудi тыңдалғаны, жазылғаны туралы хабар жiбере отырып, жүргiзiледi. Аталған хабарды алғаннан кейiн прокурор осы тергеулiк iс-әрекеттiң заңға сәйкестiгiн тексередi және оның заңды немесе заңсыз екенi туралы қаулы шығарады. Сөйлескен сөзді, әңгiмелесудi тыңдаудың, жазудың заңсыз екенi туралы шешiм қабылданған жағдайда аталған iс-әрекет iс бойынша дәлел ретiнде жiберiле алмайды.

5. Сөйлескен сөздерді, әңгiмелесулердi тыңдау мен жазу алты айдан аспайтын мерзiмге белгiленуi мүмкiн. Олар бұл шараларға қажеттiлiк жойылған кезде, бiрақ кез келген жағдайда тергеу аяқталған соң кешiктiрмей тергеушiнiң қаулысы арқылы тоқтатылады.

6. Тергеушi ол қаулыда белгiленген бүкiл мерзiмнiң iшiнде кез келген уақытта техникалық тыңдауды жүзеге асырып отырған органнан тексеру және тыңдау үшiн фонограмманы талап етуге құқылы. Фонограмма тергеушiге мөрмен бекiтiлген түрiнде, тыңдаудың негiзi, сөйлескен сөздi, әңгімелесуді жазудың басталған және аяқталған уақыты, пайдаланылған құралдардың қажеттi техникалық сипаттамалары мен жазудың сапасы көрсетiлген iлеспе хатпен бiрге тапсырылады.

7. Фонограмманы тексеру мен тыңдауды тергеушi куәгерлердiң және қажет болған жағдайда маманның қатысуымен жүргiзедi, бұл туралы хаттама жасалады, онда сөйлесу фонограммасының iске қатысы бар бөлiгi сөзбе-сөз жазылып, сөйлесiп отырғандардың сөздерiнiң естiлу сапасына сипаттама берiлуге тиiс. Сөйлескен сөздерді, әңгiмелесулердi тыңдау мен жазуға қатысушы адамдарға өздерiне белгiлi болған мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауапкершiлiгi туралы ескертiледi. Фонограмма хаттамаға қоса берiледi, бұл ретте оның iске қатысы жоқ бөлiгi үкiм заңды күшiне енген соң немесе қылмыстық iс тоқтатылғаннан кейiн жойылады.

31-тарау. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау. Тергеу эксперименті

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет