Қазақстан республикасының Ұлттық стандарты


ГОСТ Р1) 51734-2001 Таулы бағыттарға арналған автокөлік құралдары. Техникалық талаптар



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі2.92 Mb.
#18592
1   2   3

ГОСТ Р1) 51734-2001 Таулы бағыттарға арналған автокөлік құралдары. Техникалық талаптар.


ГОСТ 30335-95 Халыққа көрсетілетін қызметтер. Терминдер мен анықтамалар.

ГОСТ 31286-2005 Жол көлігі. Негізгі терминдер мен анықтамалар. Жіктелуі.



Ескертпе: Осы стандартты пайдаланған кезде ағымдағы жылғы жай-күйі бойынша жыл сайын шығатын «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар сілтемесі» атты ақпараттық сілтемелер және ағымдағы жылы жарияланған ай сайын шығатын ақпараттық сілтемелер бойынша сілтемелік стандарттар қолданысын тексерген дұрыс. Егер сілтемелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда осы стандартты пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет. Егер сілтемелік құжат ауыстырылмай жойылса, онда оған сілтеме берілген ережелер осы сілтемеге қатыссыз бөлімде қолданылады.

3 Терминдер мен анықтамалар

Осы ұйым стандартында ГОСТ 30335, ГОСТ 31286 белгіленген тиісті анықтамалары бар терминдер қолданылады, сонымен қатар тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:



Борттық журнал: [1] пішіміне сәйкес, рейсалды техникалық байқауды өткендігі және жүргізушінің рейсалды медициналық бақылауды өткендігі туралы белгісі қойылған, автокөлік құралында болатын, жергілікті атқарушы органдармен тіркелген және мөрімен бекітілген нөмірленген және тігінделген журнал.

Таулы бағдарлар: Жоспарда бағыты күрт өзгеретін автомобильдік жолдары бар және созыңқы бойлық еңістері бар тау бағдарлары және жиынтығында мынадай ерекшеліктері бар:

- бойлық еңісі 60 % артық және ұзақтығы 2 км және одан артық;

-  саны алты және одан көп жоспардағы 1 км қисықтарының радиусы 100 м кем;

- бойлық пішіндердің томпиған қисықтарының радиусы 1500 м кем және ішке ойықтары қисықтарының радиустары 1200 м кем;

- жол бетінің көрінетін қашықтықтары 60 м кем және қарсы бағыттағы автомобильдің көріну қашықтығы 120 м кем.

Диспетчерлік жүйесі - белгіленген бағдарлар бойынша жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын, автокөлік құралдарының қозғалысы туралы нақтылы уақыт тәртібінде үздіксіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүйе.

Жүргізушінің электронды картасы: Санды тахографпен жабдықталған көлік құралын жүргізген кезде, көлік құралын жүргізушіні анықтайтын және оның жұмыс істеу және демалу кезеңдері туралы мәліметтерді оқитын ақпарат тасымалдаушы.

Бағдар: Белгіленген бастапқы, аралық және соңғы аялдау пункттері аралықтарында автобустың, микроавтобустың белгіленген жүру жолы.

Жолаушы: Қолында жол жүру билеті бар жеке тұлға.

Қауіпті телімдер: Автомобиль жолдарының жол көлік оқиғасына түсу қауіпі жоғары немесе қозғалыс тәртібі айтарлықтай өзгруімен байланысты телімдер.

Диспетчерлік жүйе операторы: Диспетчерлік жүйенің ұйымдастырылуын және қызмет етуін қамтамасыз ететін заңды немесе жеке тұлға.

Тұрақты қатынастарда жолаушыларды тасымалдау: Техникалық нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай жабдықталған, жолаушыларды отырғызатын және түсіретін орындары бар белгілі бағдарлар бойыша жұмыстарының басталу және аяқталу уақыттары белгілі көлік құралдарының қозғалыс интервалдарына немесе кестеге сәйкес орындалатын жолаушыларды жүйелі түрде тасымалдау.

Тұрақсыз қатынастарда жолаушыларды тасымалдау: Іске асу шарттары тапсырыс берушімен тасымалдаушының арасындағы келісім бойынша әрбір жекеленген жағдайда анықталатын, жолаушылар автомобильін фрахтілеу келісімі бойынша жолаушыларды тасымалдау (бөгде ұйыммен жолаушыларды тасымалдау, оқушіларды, саяхаттаушыларды, серуендеушілерді, басқада шараларға қызмет көрсету және т.б.).

Рейс: Автобус, микроавтобус бағдарының басынан аяғына дейінгі жолы.

Бағдар схемасы: Аялдау пункттері, олардың арасындағы қашықтығы, сипатталған бағдарлары бар (жол айрықтар, қиылыстар, теміржол, көпір және тоннель өтпелері) графикалық шартты бейне.

4 Жалпы ережелер

4.1 Жолаушыларды тұрақты қалалық, қала маңы, қалааралық облысаралық және аудан аралық (қалааралық обылысішілік) қатынастарда, бағдарда жұмыс істеуге құқығын растайтын, жолаушыларды және жүкті, тұрақты республикаішілік автомобильдік тасымалдарға қызмет көрсетуге құқық беретін куәлігі бар, заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен іске асады.

Тұрақты халықаралық қатынастарда жолаушыларды тасымалдау, мыналары бар заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен іске асады:

- көрсетілген жолаушылар мен жүктер түрлерін тасымалдау құқығын беретін лицензия;

- халықаралық тасымалдарды іске асыруға рұқсат беретін құжаттар: бағдар және онымен қозғалу схемасы, жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильдік тасымалдаумен іске асыруға рұқсат беру құжаттары.

Жолаушыларды тұрақсыз қалалық, қала маңы, қалааралық облысаралық және аудан аралық (қалааралық обылысішілік) қатынастарда, бағдарда жұмыс істеуге құқығын растайтын, жолаушыларды және жүкті, тұрақты республика ішілік автомобильдік тасымалдарға қызмет көрсетуге құқық беретін куәлігі бар, заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен іске асады.

4.2 Тұрақты қатынаста республика ішімен жолаушылар тасымалдау, жүргізілген байқау процедуралар негізінде жергілікті атқарушы органмен автомобильдік тасымалдаушының жасасқан тұрақты қатынаста жолаушылар тасымалын ұйымдастыру туралы келісіміне сәйкес орындалады.

4.3 Тұрақты қатынаста жолаушылар тасымалы жолаушыларды фрахтілеу келісімі бойынша немесе жолаушыларды автомобильдік тасымалдауды ұйымдастыру туралы келісім бойынша орындалуы керек.

4.4 Тұрақты және тұрақсыз қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін жолаушылар автомобилі ретінде ГОСТ 31286 бойынша М1, М2 және М3 санатты автокөлік құралдары қолданылуы керек.

4.5 Тұрақты және тұрақсыз халықаралық қатынастарды жүргізген кезінде, жүргізушіде жолаушылардың аты, тегі және әкесінің аты және автобустағы аты көрсетілген тізім болуы керек. Жолаушыларды рейске отырғызу жолаушының жеке басын куәландыратын тегі, аты және әкесінің аты бар құжат негізінде, тізімде көрсетілген бойынша жүргізіледі.

4.6 Республика ішіндегі тұрақты жолаушылар тасымалын жүргізген кезде, байланыс құралын қолда отырып жол жүру билетін тарату, электронды билетте басылған, тегін, атын, әкесінің атын көрсетумен жүргізеді.

5 Тұрақты жолаушылар тасымалы

5.1 Автомобильдік тасымалдаушыға қойылатын талаптар

5.1.1 Тұрақты жолаушылар қатынасында жолаушыларды тасымалдауды жүргізу үшін, автомобильдік тасымалдаушыда төмендегілер болуы керек:

– жүргізілетін тасымалдар түріне байланысты 4.1 және 4.2 көрсетілген құжаттар;

– жүргізушінің жолаушылар автобусын басқарған ағымдағы аптаға және өткен аптаның соңғы күніне электронды картасы (егер автобус санды тахографпен жарақталған болса) немесе тахографтың/тахограмманың тіркейтін беттері (егер автобус аналогтық тахографпен жабдықталған);

– өндірістік базасы немесе жүргізушіні медициналық бақылауға және жолға шығар алдында автобустардың техникалық күйіне тексеру жүргізуге, сақтауға және қызмет көрсетуге арналған, сонымен қатар жүргізушілермен профилактикалық және оқу жұмыстарын жүргізуге арналған келісім шарты болуы керек [1];

– автобусты басқаруға арналған рұқсаты бар жүргізушілер [1, 2];

– осы стандартта қарастырылған қызметтерді орындауға арналған мамандар, немесе осы қызметтерді орындауға құзыретті ұйымдармен келісім шарттар [1];

– «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламенті, ҚР СТ 41.36, ҚР СТ 41.52, ҚР СТ 1040 талаптарына жауап беретін, автобустың санатына және сыныбына байланысты автобустар (5.2.3; 5.2.4 қара).

5.1.2 Автомобильдік тасымалдаушылар автобус водительін қаматамасыз етуілері керек, ал автобус жүргізушісі төмендегідей құжаттарға ие болуы керек:

– Жолаушылар мен жүктерді тұрақты республикаішілік автомобильдік тасымалдауда бағыттарға қызметтер көрсетуге құқық беретін куәлігі және куәлікке қосымшамен (автобустар туралы мәліметтер);

– Қазақстан Республикасы жол қозғалыс ережелеріне сәйкес көлік құралын (автобусты) тіркеу туралы куәлік [2];

– ҚР СТ 1811 бойынша міндетті техникалық тексеруден өту туралы куәлік;

– [3] талаптарына автобустардың сәйкестігін растайтын көлік құралына санитарлы-эпидемиологиялық қорытындын: салондарға арналған әрлеу материалдарына, оралрдың механикалық әсерлерге, жуу және дезинфекциялаушы құралдардың әсеріне төзімділік шарттары бойынша; суық кезеңде салондағы (кабинадағы) ауа температурасы; салондағы салыстырмалы ылғалдық; салонға (кабинаға) шаңның кіруін болдырмайтын, ауа тазалау жүйесінің сүзгісінің болуы; кабинаның жарықтылығы; жолаушылар салонында (кабинасында) дірілдің гигиеналық нормаларының параметрлері; салондағы шу деңгейіне; аспаптар шкаласының жарықтылығына;

– белгіленген пішіндегі жол қағазы [1];

– көлік құралы иесінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімін жасағанын растайтын, сақтандыру куәлігі (сақтандыру полисі) [4];

– жолаушылар алдында тасымалдаушының азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімін жасағанын растайтын сақтандыру куәлігін (сақтандыру полисі), немесе тасымалдаушымен расталған оның көшірмесін [4];

– бағдар схемасының көшірмесі [1];

– автобус қозғалысының кестесі [1];

– жүргізушінің газбаллонды көлік құралымен қауіпсіз жұмыс істеуіге оқудан өткендігі туралы куәлік және газды отында жұмыс істеу үшін көлік құралының қайтажабдықталғандығы туралы және баллондардың куәландырылғандығын өткендігі туарлы куәлік (сығылған және сұйытылған газда жұмыс істейтін автобустарда тасымалдарды орындау кезінде) [1].

5.1.3 Автомобильдік тасымалдаушы жүргізушінің жеке медициналық бақылаудан Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес [5] рұқсаты бар, лицензиясы бар және тиісті штампы бар медициналық жұмыскерден өтуін қамтамасыз етуі керек, медициналық лицензиясында аты, тегі, әкесінің аты көрсетілген болуы керек (ары қарай – медициналық жұмыскер), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Көлік және комммуникация министрлігімен [6] және ҚР СТ 1811 белгіленген тәртіпте, жолға шығар алдында автобустың техникалық күйін тексеруден өткізуді қамтамасыз етуі керек.

5.1.4 Тасымалдаушыға рейске шығар алдындағы медициналық тексеруден өтпеген жүргізушілерді және рейске шығар алдындағы техникалық бақылаудан өтпеген автобусты жолға шығаруға рұқсат етілмейді.

5.1.5 Автомобильдік тасымалдаушы [2] сәйкес жол қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі және жолаушылар мен жүкті (қол жүгін) қауіпсіз тасымалдау бойынша оқу және профилактикалық жұмыстарын ұйымдастыруы керек.

5.1.6 Автомобильдік тасымалдаушыда тұрақты қалалық жолаушылар тасымалынан басқаларында, ескертулер мен ұсыныстар кітабы болуы керек.

5.1.7 Автомобильдік тасымалдаушы көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын талдауына (анкета, сауалнама және т.б.), сонымен қатар жолаушылардың арыздарыны мен ұсыныстарының есебін жүргізуі керек.

Жолаушылар тасымалында кемшіліктер анықталған кезде автомобильдік тасымалдаушы, оларды тудырған себептерді жоюға шаралар қолдануы керек, сонымен қатар жұмыс сапасын арттыру бойынша шараларды жоспарлауы және іске асыруы керек.

5.1.8 Жолаушылар мен жүктерді тұрақты автомобильдік тасымалдауды іске асырған кезде, тасымалдаушы жүргізушінің рейс алдындағы медициналық тексеруден өткендігі туралы және автокөлік құралының техникалық бақылаудан өткендігі туралы белгілері бар рейс немесе ауысымға тасымалдаушымен рәсімделінетін, автокөлік құралында жолдама қағаздарының болуын қамтамасыз етуі керек [1].


5.2 Автобусқа қойылатын талаптар

5.2.1 Автобус белгіленген тәртіптк рәсімделген және тіркелген болуы керек, тіркеу белгісі, [6] бойынша жоспарлы техникалық қызмет көрсетілгендігі туралы белгісі болуы керек, ҚР СТ 1811 бойынша міндетті техникалық бақылаудың және [1] талаптарына сәйкес рейс алды (ауысым алды) техникалық бақылаудан өткендігі туралы.

5.2.2 Автобус көлік құралын дайындаушының техникалық құжаттарының талаптарына сәйкес болуы керек, сонымен қатар «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламенті және ҚР СТ 41.36, ҚР СТ 41.52.

5.2.3 Тұрақты қалалық және қаламаңы автомобильдік тасымалдар бағыттарында екіден кем емес есігі бар, қалалық автобустарды (ҚР СТ 41.36 бойынша I сынып), микроавтобустарды, сонымен қатар тұрақты қала маңы автомобильдік тасымалы бағдарларында халықаралық автобустарды (ҚР СТ 41.36 бойынша I сынып) қолдануға рұқсат етіледі.

5.2.4 Тұрақты халықаралық облыс аралық және халықаралық автомобильдік тасымал бағдарларында халықаралық автобустар ( II сынып ) немесе алыс жолдық автобустар (III сынып) қолданылуы керек. Бұл бағдарлдардың ұзақтығы 300 км дейін болғн кезінде, республикалық маңыздағы жолдар бойынша, микроавтобустарды қолдануға рұқсат етіледі.

5.2.5 Халықаралық қатынастарда автобустармен, микроавтобустармен тұрақты жолаушыларды тасымлдау бағдарларында, көрсетілген тасымал түрлерін іске асыруға құқық беретін лицензиясы бар тасымалдаушылар жіберіледі;

5.2.6 Тұрақты қалаларалық облысаралық және халықаралық жолаушылар және жүкті тасымалдау бағдарларында қолданылатын автобустар мен микроавтобустар, тасымалдарды жүрген кезінде нақтылы уақыт тәртібінде байланыс арналары бойынша үздіксіз мәліметтер беретін құрылғылармен жабдықталады.

5.2.7 Ұзақтығы 150 км артық республикалық маңыздаға жолдарда жолаушылар мен жүкті тұрақты қалааралық және халықаралық бағдарлардағы автомобильдік тасымалдарда қолданылатын автобустардың орындықтары жұмсақ және арқалары шалқайтылатын болуы керек.

Бұл талаптар бағдарлары таулы аймақтармен өтетін, үлкен орамдары бар және бұрылу бұрыштары аз, немесе үлкен асулары бар, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдарға таралмайды.

Егер бағдардың ұзақтығы 500 км артық болатын болса, онда автобус салонында ауыстыратын-жүргіуші орны қарастырылуы керек.

5.2.8 Таулы бағдарларда ГОСТ Р 51734 талаптарына жауап беретін автобустар пайдаланылады; Жортуы 500 км асатын немесе күрделі жөндеуден өткен автобустарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

Таулы аймақтарды пайдаланылатын автобустар, алдыңғы тұманға қарсы фаралармен және қосымша артқы жүріс фараларымен жабдықталулары керек, ал шина қатпарларының суреттерінің биіктігі 3,0 мм кем болмауы керек.

5.2.9 Автобус салоны жолаушы киімін немесе жүгін (қол жүктерін) былғамайтын немесе бүлдірмейтін болуы керек. Күнделікті ауысым аяқталғаннан кейін автобусты пайдалану процесінде жолаушылар тасымалының санитарлы-гигиеналық шарттарын қатамасыз ету үшін, жуғыш және дезинфекциялаушы құралдардың көмегімен шанақты сыртынан және салонды ылғалды жуу жүргізілуі керек.

5.2.10 Автобус орындықтарының немесе арқаларын шалқайтуды реттеу механизмдері жұмыс істеп тұруы керек.

5.2.11 Автобуста болатындар:

- Қзақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің талаптарына жауап беретін, қажетті дәрілер жинағы мен медициналық құралдары бар медициналық дәрі қобдишасы (автокөліктік);

- апаттық тоқтау белгісі [2];

- жұмыс істейтін өрт сөндіретін құралдар [2];

- жол-көлік оқиғасы кезінде апаттық люктерді, есіктерді, терезелерді ашу үшін және әйнектерді алу үшін ҚР СТ 41.36, ҚР СТ 41.52 тиісінше үлкен және аз сыйымдылықты автобустар үшін тиісті құралдары болуы керек және олардың ақпараттық тақтайшалары болуы керек.

5.2.12 Автобуста болатындар:

– жинақтаушы алаңқайлар және салонда таянғышатар (тұрақты қатынаста қалалық және қаламаңы тасымалдарын орындайтын, максималды массасы 5000 кг артық автобустар үшін);

– жолаушыларға арналған орындықтарының саны автобустың техникалық сипаттамасымен белгілегеннен артық емес;

– жүргізушінің жұмыс орнын және салонын жылытқыш;

– бапалдақтарды іштен жасанды жарықтандырғыштар;

– қызметтік және қосалқы есіктерге (егер ол автобус құрылысымен қарастырылса) еркін жетімділік;

– тиісінше үлкен және аз сыйымдылықты автобустар үшін ҚР СТ 41.36, ҚР СТ 41.52 сәйкес ақпараттық жазулар мен пиктограммалар;

– жолаушылар отыруға арналған орындар нөмірлемесі (қаламаңы, қалааралық тасымаларды орындау үшін қолданылатын автобустарда);

– 5.2.19-5.2.31 талаптарына сәйкес бағдар жолын көрсеткіштер;

– отыратын орындар саны 22 артық М3 санатты механикалық көлік құралдарын ақпараттандыруға арналған радиожүйе.

5.2.13Жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильдік тасымал кезінде пайдаланылатын, автобус салонының алдыңғы бөлігінде мүгедектерге, зейнеткерлерге, екіқабат әйедерге, оқушыларға арналған орындар қарастырылуы керек. Осы орындардың қасында олардың арналымын көрсететін ақпараттық таблолар орналасуы керек.

5.2.14 Жолаушылар мен жүкті қалааралық облысаралық және халықаралық бағдарларда автомобильдік тасымалдарда пайдаланылатын автобуытар мен микроавтобустар жүкті бөліктерге, сонымен қатар қосалқы дөңгелекпен және домкратпен жиынтықталуы керек.

5.2.15 Төмендегілерді іске асыру кезінде пайдаланылатын автобустар тахографтар мен видеорегистраторлармен жабдықталуға жатады:

1)  жолаушылар мен жүкті халықаралық автомобильдік тасымалдарды;

2) жолаушылар мен жүкті қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобильдік тасымалдарда;

5.2.16 Диспетчерлік қызметтермен байланыстыратын және спутниктік сілтеуіш құрылғыларымен жабдықтауға, бағдарларында диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жалғанған автобустар жатады.

5.2.17 Автобус салонының жүргізуші кабинасының жанында , төмендегідей ақпараттар орналасуы керек:

1) тасымалдаушының толық атауы;

2) тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының байланыс телефондарының нөмірі;

3) аймақтық жол полициясы, көлік бақылау органдарының және медициналық қызметтердік нөмірлері;

4) бағдар схемасының көшірмесі;

5) жол жүру бағасы туралы мәліметтер. Тұрақты маршруттар үшін (қалалық маршруттардан басқа) баратын қашықтығына байланысты жол жүру және жүкті тасу құнының кестесі болуы керек;

6) төленбеген жол және/немесе тасылған багажға айыппұлдың мөлшері;

7) жолаушылар құқықтары мен міндеттері.

5.2.18 Отыруға арналған орындарды нөмірлеу қаламаңы, қалааралық және халықаралық қатынастағы автобустарда жүргізіледі және төбесінің ішкі қаптамаларының бүйірлік және артқы жақтарына жүргізіледі немесе багаж сөрелерінің бүйірлік жақтарына жүргізіледі.

Сандар биіктігі 30 мм кем болмауы керек, ені – 15 мм, сызық қалыңдығы – 4 мм.

5.2.19 Балалы жолушылар мен мүгедектерге арналған орынды көрсететін тақтайша тиісті орындарға қарсы орнатылуы керек.

5.2.20 Бағдар схемасы автобус салонының ішінде орналасуы керек. Қаланың бағдар схемасы күрделі кезінде, барлық аялдама пункттері көрсетілген нақты бағдар схемасымен уаыстыруға рұқсат етіледі.

5.2.21 Жолаушылардың құқықтары мен міндеттері жайлы ақпарат автобус салонының ішінде, әріптерінің биіктігі 4 мм кем болмайтындай етіп ақ фонда қара бояумен басылуы керек және төмендегідей міндетті талаптардан тұруы керек:

– жолушылардың кіріп-шығу тәртібі;

– жолушылардың жүру тәртібі;

– жолушылардың құқығы, міндеттері және жауапкершілігі.

5.2.22 Ақпараттық тақтайшалардың фоны ақ түсті, ақпараттық жазбалардың түсі қара болуы керек. Пиктограммалардың түстері – қара-ақ немесе түрлі түсті.

5.2.23 5.2.17 тармақтарының 1-3) тармақшаларын талдау бойынша ақпараттар өлшемі (110 × 200) мм, әріптері мен сандарының биіктігі 10 мм кем болмайтындай болатын кестеге жазылуы керек.

5.2.24 Жолаушылар көлік құралының салонынындағы жарнамалық ақпарат, соған арналған арнайы бекітілген планшеттерде орналастырылуы керек және жүргізушінің шолулығына кедергі болмауы керек.

5.2.25 Тұрақты қатынастарда қалалық және қаламаңы жолаушылар тасымалын орындайтын автобустардың шанағының оң жақ бүйірлік панельінде деколкомания әдісімен немесе трафареттің (бояу, шанақ түсіне реңді) көмегімен «Кіру» және «Шығу» , егер жолаушылардың кіріп-шығуы, кіретін есік жақта валидатор болған кезінде әртүрлі есіктерден жүзеге асатын болса. «Кіру» және «Шығу» белгілері, есік қуысынан 50 мм артық емес горизонталь бойынша терезе астында орналастырылады.

«Кіру» және «Шығу» белгілерінің пішіндері А Қосымшасында келтірілген, ал олардың автобус шанағына жүргізілуі – Б Қосымшасында келтірілген.

5.2.26 Тұрақты тасымалдау жолаушылар тасымалын орындайтын автобустар, жүретін бағдарларын көрсеткіштермен жабдықталуы керек (ары қарай - көрсеткіштер).

5.2.27 Көрсеткіштер бағдарлардың нөмірі немесе атауы туралы, бастапқы, соңғы және негізгі аралық ялдау пункттері туралы ақпараттардан тұруы керек.

5.2.28 Көрсеткіштер электронды табло ретінде, қатты материалдардан жасалған планшеттер немесе ақ түсті майысқақ материалдан жасалған таспа түріндегі ақпаратты ауыстыратын орамды құрылғылар болса. Жолаушылар көлік құралында электронды табло істен шыққан кезінде, бағдарларды планшетті көрсеткіштер орнатылуы керек.

Бағдарларды көрсеткіштер электронды табло және планшетті түрде болуына рұқсат етіледі.

5.2.29 Автобустардың алдыңғы көрсеткіштерінде, сол жағынан – бағдар нөмірін және ары қарай бастапқы және соңғы пункттер бағдарларын көрсетеді.

5.2.30 Жолаушылар көлік құралының құрылымымен қарастырылған, арнайы қуысқа алдыңғы көрсеткішті орнатады. Қуыс болмаған жағдайында - ҚР СТ 41.125 сәйкес жүргізуші орнынан қажетті шолулық талаптарын қамтамасыз ететін жағдай кезінде жүру бағыты бойымен оң жақтан желдік әйнектің арғы жағында салон ішінде арнайы құрылғыда орналастырылуы керек.

Алдыңғы көрсеткіштер ретінде (соның ішінде электронды табло ретінде) қызыл түсті және (немесе) қызыл түсті шағылдыратын бағдар көрсеткіштерді қолдануға рұқсат етіледі.

5.2.31 Жолаушылар көлік құралдарында орналасу орнына байланысты алдыңғы, бүйірлік және артқы болып бөлінеді.

Әріп биіктігі жазбадағы әріп санына байланысты максималды болуы керек.

Автобустың алдыңғы көрсеткіштерінің өлшемдері – (200 × 900) мм, сандар биіктігі – 120 мм кем емес, бастапқы және соңғы пунктер атауының әріптері – 75 мм кем емес, сызық қалыңдығы – 15 мм кем емес.

М2 санатты автобустар үшін көрсеткіштері өлшемдері – (150 × 700) мм (сандар биіктігі – 100 мм кем емес, әріптер биіктігі – 75 мм кем емес, сызық қалыңдығы – 10 мм кем емес) немесе (280 × 400) мм.

Егер қуыс немесе арнайы құрылғы барлық ақпаратты сыйғызуға мүмкіндік бермесе, тек қана бағдар нөмірін жүргізуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда көрсеткіш өлшемі (200 × 270) мм кем емес, сандар биіктігі 220 мм, бір санның ені 220 мм және сызық қалыңдығы 30 мм болады.

5.2.32 Бүйірлік көрсеткіштерді жолаушылар көлік құралының құрылымымен қарастырылған арнайы қуыстарға орнатқан жөн.

Автобустарда қуыстар болмаған жағдайында, бүйірлік көрсеткіштерді автобус салоны ішінде терезе қуысында арнайы құрылғы көмегімен орнатылады:

а) бір есікті автобустарда – есіктен кейінгі бірінші терезенің оң жақ төменгі бұрышында;

б) екі есігі бар автобустарда:

– қалалық бағдарларда – екінші есіктің алдындағы бірінші терезе қуысының сол жақ төменгі бұрышында;

– қаламаңы бағдарларында – бірінші есіктен кейінгі бірінші терезе қуысының оң жақ төменгі бұрышында;

– халықаралық бағдарларда – бірінші есіктен кейінгі бірінші терезенің қуысында арнайы ұстатқышта;

в) үш немесе оданда көп есіктері бар автобустарда – екінші есіктен кейінгі бірінші терезенің оң жақ төменгі бұрышында, электронды таблолармен жабдықталған автобустарда (электронды табло істен шыққан кезде және арнайы қуыста көрсеткішті орнату мүмкін болмаған кезде), - екінші есіктің алдындағы бірінші терезенің қуысында.

5.2.33 Бүйірлік көрсеткіште сол жағында – бағдар нөмірі және ары қарай – бастапқы, соңғы және бір немессе бірнеше жолаушыларды ең көп құрайтын аралық бағдар пункттерін, сонымен қатар жол жүру ақысын (экспрессті тұрақты қатынаста қалалық жолаушылар тасымалын жүргізетін).

Жазудағы әріптердің санына қарай әріптердің биіктігі максималды болуы керек.

Автобустардың бүйірлік көрсеткіштерінің өлшемдері - (270 × 900) мм, сан биіктігі – 220 мм кем емес, бағдардың бастапқы және соңғы пункттерінің атауы әріптерінің биіктігі – 75 мм кем емес, сызық қалыңдығы – 15 мм кем емес, аралық пункт атауы әріптерінің биіктігі – 35 мм кем емес, сызық қалыңдығы – 7 мм кем емес.

М2 санатты автобустар үшін көрсеткіш өлшемдері - (150 × 700) мм (сандарының биіктігі – 100 мм кем емес, бағдардың бастапқы және соңғы пункттері атауының әріптерінің биіктігі – 75 мм кем емес, сызық қалыңдығы – 10 мм кем емес) немесе (280 × 400) мм.

5.2.34 Артқы бағдарлар көрсеткішін жолаушылар көлік құралының құрылымымен қарастырылған арнайы қуыстарда орнатқан жөн, немесе көлік құралының жүріс бағытына бойымен артқы әйнектің оң жағында немесе ортасында арнай құрылғыларда орнатылады.

5.2.35 Артқы көрсеткіштерде тек қана бағдар нөмірі жазылады.

Бағдар нөмірі (200 × 270) мм өлшемдері (200 × 270) мм, сандарының биіктігі 220 мм, бір сананың ені 120 мм және сызық қалыңдығы 30 мм өлшемді тақтайшада орындалуы керек.

Тұрақты қатынаста қаламаңы, халықаралық және халықаралық жолаушылар тасымалын орындайтын автобустарда артқы көрсеткіштері орнатылады.

5.2.36 Жүру бағдарларының көрсеткіштері орнатылатын орындар Б Қосымшасы келтірілген.

5.2.37 Көрсеткіштердегі жазу Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде орындалады және орыс тілінде қайталануы мүмкін.

5.2.38 Жүру бағдарларының алдыңғы және артқы көрсеткіштерінің жарықтандырулары, сонымен қатар бағдардың барлық көрсеткіштерінде ақпараттық жазулардың өлшемдері олардың тәуліктің қараңғы және жарық уақыттарында оқылуы қамтамасыз етілуі керек: алдыңғы және артқы көрсеткіштерінде – 15 м кем емес қашықтықтан, бүйірлік көрсеткіште – 3 м қашықтықтан.

Ақпараттардың оқылуын тәуліктің жарық және қараңғы уақыттарында анықтайды.

5.2.39 Мәтінді ойылған трафареттер көмегімен жазу кезінде технологиялық үзіктерді бояу керек.

Тұрақты қатынастарда халықаралық жолаушылар тасымалын орындайтын автобустар үшін, көрсеткіштердегі жазуларды екі тілде жазады – мемлекеттік және баратын мемлекет тілінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет