Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет9/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   348
18.08.2023 dis

Зерттеудің теориялық құндылығы. Зерттеу жұмысының нәтижелері 
қазақ тілтанымы мен лингвомәдениеттаным бағытындағы тұжырымдар мен 
қорытындылар жасауда өзіндік үлесі болады деп ойлаймыз. Қазақ халқының 
аксиологиялық құндылықтарын анықтауда айтарлықтай көмек болатыны сөзсіз. 
Сондай-ақ қазақ тілі лексикологиясы, семасиологиясы, сөзжасам, фразеология, 
паремиологиясына қатысты зерттеулерге өзіндік үлес қосады. Қазақ тілінің төл 
сөздерден тұратын сөздік қоры мен байлығының сапасын анықтауға көмектеседі. 
Қазақ халқының аксиологиялық құндылықтарының деңгейін, адамтану, 
адамсүйгіштік, елсүйгіштік қасиетін бағалауда маңызы жоғары болады деп 
ойлаймыз. 
Зерттеудің практикалық құндылығы. Диссертациялық жұмыс 
барысында алынған нәтижелер қазақы және ұлттық мінез атауларының 
тақырыптық, лексика-семантикалық топтары мен мағыналас атауларының 
жүйесін нақтылауда өзіндік үлес қосады. Мінез атауларына қатысты талдау 
жұмыстарын 
ұйымдастыруда, 
лексикографиялық 
курстарда, 
мәтін 
стилистикасында, тілдік қатынас, мәтін лингвистикасы, ұлттық корпустың 
ішкорпустарын құрастыруда, семантикалық белгіленімдерін қоюда, қазіргі қазақ 
тілінің лексикология, фразеология бойынша дәріс оқуда, курс жұмыстары мен 
диплом жұмыстары үшін пайдалануға болады. Зерттеу барысында алынған сөз 
бірліктер қазақ тілінің түсіндірме, синонимдік сөздіктерін құрастыруда 
пайдалануға 
болады. 
Лингвомәдениеттанымдық 
талдау 
үлгілерін 
қалыптастыруда өзіндік үлес қосады. 
Зерттеу материалдарын орта білім берудегі мұғалімдер, әлеуметтік 
педагог, психолог және сынып жетекшілерінің оқушыларға мінездеме жазуында, 
оқушының тұлғалық сипатын беруде пайдалануына болады. 
Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар.
1. Адам темпераменті тумысынан болатын, адам әрекетінің сыртқа шыққан 
физиологиялық қасиеті, адам мінезі сол темпераменттен шығатын әрекеттерді 


10
бақылайтын, ұстайтын, жіберетін, жетілдіретін, тәрбие мен ортаның әсерінен 
жүре пайда болатын қасиет болып табылады; мінез адамның алға қойған 
мақсатынан, мақсатты жүзеге асырудағы қолданатын құралы мен әдісінен, 
дүниеге, бөгде адамдарға, өзінің ісіне, өзіне деген қатынасынан көрінеді.
2. Қазақ тіліндегі мінез атауларын және олардың лингвоаксиологиялық, 
когнитологиялық сипатын шығару алдымен осы кезге дейін құрастырылған 
лексикографиялық еңбектердегі бірліктерді жинау және олардың макро, микро 
мағыналық топтары мен концептілерін шығару, сол арқылы қазақ халқының 
адам мінезін бағалаудағы аксиологиясы мен прагматикасын анықтаудан тұрады. 
Осымен байланысты «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» (2006 – 2013 жж.) 
онбестомдығынан жиналған 1800 бірлік қазақ тіліндегі мінез атауларының 
негізгі қоры болып табылады. Мақал-мәтелдер, фразеологиялық бірліктер, 
фразалық тұтастықтар, мәтіндер осы базалық бірліктердің негізінде болашақта 
қарастырылатын болады. 
3. Қазақ тілінде жағымды мінезді таңбалайтын бірліктер концепт құрайды, 
жағымсыз мінезді сипаттайтын бірліктер лексика-семантикалық топтарға 
бірігеді. Жағымды мінезді танытатын концептілердің тілдік репрезентанттарын 
көбінен азына қарай орналастырғанда былай болып шығады: ақкөңілділік, 
батырлық, ақылдылық, момындық, алғырлық, әдептілік, байсалдылық, 
білімқұмарлық, шешендік, қайырымдылық, бауырмалдық, жомарттық, 
ұқыптылық, намысқойлық, ағайыншылдық, әсершілдік, әзілқойлық, имандылық, 
шыншылдық, жайлылық, шыдамдылық, жақсы, сыйымдылық, кеңпейілділік, 
бірсөзділік, қонақжайлылық, еңбекқорлық жатады. Қазақ мәдениетіндегі 
бағаланған мінез концептілері адамның рухани дүниесін, әсіресе ақылға
сабырға, жомарттыққа, кеңпейілдікке байланысты болып келеді. 
4. Қазақ тілінде жағымсыз мінез атауы жағымды мінез атауларынан көп 
болу себебі қазақ халқының жамандықты, нормасыздықты, қазақ мәдениетіне 
жатпайтын теріс қылыққа атау бере отырып, жақсылыққа үндейтін тәрбиесіне 
байланысты. 
Жағымсыз 
мінезді 
танытатын 
концептілердің 
тілдік 
репрезентанттарын көбінен азына қарай орналастырғанда былай болып шығады: 
бұзықтық, ынжықтық, менмендік, тәкаппарлық, қыңырлық, сөзшеңдік, 
әдепсіздік, мейірімсіздік, тұрлаусыздық, жеңілтектік, мақтаншақтық, 
даңғойлық, кінәмшілдік, сараңдық, тексіздік, жалқаулық, ақылсыздық
шолжаңдық, мазасыздық, ұрысқақтық, қулық, тойымсыздық, арамдық, 
қызбалық, іштарлық, қыдырымпаздық, қорқақтық, салақтық, аңқаулық, 
енжарлық, жалақорлық, өтірікшілдік, жағымпаздық, мансапқұмарлық, 
ебедейсіздік, көрсеқызарлық, өзімшілдік, зарылдауықтық, берекесіздік, 
надандық, 
әділетсіздік, 
мысқылшылдық, 
тұйықтық, 
нәсіпқұмарлық, 
абыржығыштық, жанаярлық, ұмытшақтық, жалпақшешейлік, күмәншілдік. 
5. Өзге ұлт өкілі тарапынан бағаланған мінез атаулары мен қазақ халқының 
өзі бағалаған мінез атауларының арасында сәйкестік бар. 
6. Қазіргі ХХІ ғасыр қазақ мәдениетінде жаман мінездерге қарағанда 
жақсы мінездердің жиі қолданылуы коммуникацияны жақсарту, мақтау, 
мадақтау, көтермелеу, рух беру, қадірін білу мақсатында, сонымен бірге 


11
жағымпаздық, айлакерлік, саясат мақсатында, адамдар арасында жасанды 
қарым-қатынас жасауда пайдаланатын құрал ретінде қолданылады. 
7. Қазіргі дискурста мінез атауларының варваризмі әсіресе жастар 
мәдениетінде сөздің, сындық атаудың орыс тіліндегі лексикалық бірлігі алдыңғы 
қатарлы, заманауи болып көрінетін түсінік алға шығып кеткендіктен және тілге 
деген салақтықтан ғана қате қолданылады, орыс тіліндегі мінез атауларының 
қазақ тілінде бір емес, бірнеше төл атауы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет