Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет29/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Астық массасындағы қоспалар сақтаудағы астықтың жанама көрсеткіші болып табылады. Астықтың қоспалармен ластануын талдағанда бұрын байқалмаған функциялардың, атап айтқанда, қоңырланған, мүжілген, көгерген және басқа да жарақаттанған дәндердің пайда болуын назар аудару керек. Бұл астық сақтаудың ойдағыдай емес екендігін көрсетеді: микроорганизмдер мен зиянкестердің дамуы, өздігінен қызуы.
Астық массасының күйіне және тыңғылықты бақылау жүргізу дер кезінде зиянкестерді айғақтау, мезгілінде және толық заласыздандыру үшін қажет. Залалдануды астықты қабылдағанда, сақтағанда және босатқанда анықтайды. Астықтың залалдануын оны сатушылардан қабылдағанда ерекше тыңғылықты тексерген дұрыс, өйткені астық массасының алғашқы залалдануы қабылдау мекемелеріне залалданған астықтың түсуінен туындайды.
Жаңа астықтың қалыпты иісі, оған тән түсі мен жылтырлығы болады. Сақтау кезеңінде астықтың түсі мен иісінің өзгеруі, шұбар, қоңырланған дәндердің пайда болуы және дән жылтырлығының жоғалуы орынсыз процестердің, ең алдымен микроорганизмдердің дамуына байланысты. Дән түсінің өзгеруі терең биохимиялық және технологиялық өзгерістерден бұрын жүреді. Сондықтан дәннің иісі мен түсінің күйіне ұдайы бақылау жасау астық массасындағы қолайсыз процестердің алдын ала анықтауға және астық сапасын сақтау шараларын іске асыруға мүмкіндік береді. Дәннің иісі мен түсін басқа көрсеткіштермен бірге анықтайды.


Бақылау сұрақтары:



  1. Сақтау кезінде бақылауды ұйымдастыру жоспары.

  2. Жаңа жиналған астықты бақылау ерекшеліктері.

  3. Тұқымдық материалды бақылау тәртібі.

  4. Астық температурасы және оны анықтау.

Дәріс № 12


Тақырып. Астықты кептіру тәсілдері мен жолдары
Сабақтың мақсаты: Астықты кептіру тәсілдерімен танысу.
Жоспар:

  1. Астықты химиялық жолдармен кептіру.

  2. Астықты ауа мен күн көзінде кептіру.

  3. Астық пен тұқымды астық кептіргіштерде кептіру.

  4. Астық кептіргіштер және олардың сипаттамалары.

Астықты кептіру тәсілі олардың сорбциялық қасиетіне негізделген. Дәннің ылғал бөлу мүмкіндігі оның анатомиялық ерекшелігі мен ірілігіне байланысты болады. Кептірудің барлық тәсілдерін келесідей екі топқа бөледі:

Кептірудің алғашқы тәсілі бойына ылғалды сіңіру қасиеті жоғары заттарды пайдалану арқылы негізгі өнімнің ылғалдылығын төмендетуге бағытталған.
Астық пен тұқымды кептірудің барлық тәсілдері олардың сорбциялық қасиеттеріне негізделген. Егер бу түрінде ылғалдың берілуі жүретін ортаға астық массасын немесе жекелеген дәндер мен тұқымды орналастырса, басқаша айтқанда десорбцияға жағдайлар жасалса, онда кебу процесін байқауға болады.
Астық кептіру тәсілдерін 3 топқа бөлуге болады:

  1. Химиялық кептіру.

  2. Ауа мен күн көзінде кептіру.

  3. Астық массасын әртүрлі астық кептіргіштердің көмегімен кептіру.

Астық немесе тұқымды химиялық кептіру негізінен натрий сульфатының көмегімен /бұршақ дақылдарының тұқымдарын/ жүргізіледі. Шаруашылық жағдайында осы мақсатта құрғатылған жаңқа, активтендірілген көмір, натрий сульфаты, хлорлы кальций, т.б қолданылады.
Араластыру қалқалы алаңдарда жүргізіледі, өйткені кептіру кезеңінде химикатқа су қосылғанда жылу бөлініп шығады, соның салдарынан қоспаның температурасы жоғарлайды.
Ауа мен күн көзінде кептіру тұқымның азғантай топтарын кептіргенде қолданады, бұл тәсілде ылғал астық үйіндісінің бетінен ғана буланады. Астық неғұрлым жұқа болса, соғұрлым ол қарқынды кептіріледі. Бірақ кептіру қабаты жұқа болғанда астықты орналастыруға үлкен алаң қажет. Дәнді дақылдарда бұл тәсілмен кептіргенде астық үйіндісінің қалыңдығы мынандай /см/: негізгі астық дақылдары үшін 10-20, дәнді дақылдар үшін 10-15, тары 4-5.
Астықты күн көзінде кептіру ауа райы қолайлы өңірлерде, көлемі аз астықтың ылғалдылығын азайтуда қолданылатын тиімді тәсіл. Бұл кезде ылғал жайманың беткі қабатынан бөлінеді де төменгі қабаттағы ылғал мөлшері өзгеріссіз қалады.
Жайманың қалыңдығы неғұрлым жұқа болса, астық соғұрлым жақсы кебеді. Ол үшін оңтүстікке қарай шамамен 60-қа көлбеу, асфальтталған тегіс жерге дәнді ұсынылған қалыңдықта жаяды. Ол қалыңдық астық дақылдарында 15-20 см, бұршақ тұқымдастарында 10-15 см, тарыда 4-5 см аралығына. Жайманы араға 2-3 сағат уақыт салып араластырып тұру қажет.
Күн көзіне кептіргендегі негізгі фактор астық массасы жатқан алаңның сипаты. Астықты бетон алаңдарында тікелей немесе брезентте кептіруге болмайды. Тек қана тақтай немесе асфальтты алаңдарда ғана астықты төменнен топырақтан ылғалдануғажол бермейді және температура мөлшерден тыс ауытқуын болдырмайды. Мұндай алаңдарды жерден жақсылап оқшауландырып қырман аумағында немесе қоймалардың арасында орналастырады, оңтүстік бағытта аздап еңкіш /60С/ болғаны мақұл. Мұндай еңкіштікте астық массасы жақсы жылытылады, ал бос алаңдардан жаңбыр суы тез ағып кетеді.
Астық пен тұқымды астық кептіргіштерде кептіру Астық пен тұқымды астық кептіргіштерде жылу арқылы кептіру негізгі барынша жоғары өнімді тәсіл.
Шахтылы кептіргіштер. Шахтылы деп аталатын бір және екі тік тікбұрышты камералардан тұрады, олар төбесіне дейін кептірілетін астықпен толтырылған. Шахтының жоғарғы жағы бір немесе бірнеше кептіру аймағы бар кептіру камерасы болып табылады, ал төменгі жағында салқындатқыш камера орналасқан. Бүкіл шахта бойымен жаңа кептіру агентін әкелетін және жұмыс істеп біткен агентті әкететін, әкелетін және әкететін каналдар қалыптастыратын қорап деп аталатын құрылымды орналастырады.
Барабанды кептіргіштер. Еңбек өнімділігі 2-8 т/сағ.Бұл түрдегі астық кептіргіштерде кептіру агенті айналмалы барабанға астық құйылғанда әсер етеді. СЗСБ-8 кептіргішіндегі барабан қимасымен 6 секторға бөлінеді. Олардың әрқайсысында барабан айналғанда астықты алып қалатын сөрелер бекітілген /барабанның айналу жылдамдығы 8 ай/мин, ұзындығы 8 м. Астықтың барабанға біркелкі келуін тиегіш камера қамтамасыз етеді
Рециркуляциялық кептіргіштер. Рециркуляциялық астық кептіру технологиясы белгілі бір мөлшердегі сулы астықты құрғақ астықтың мол мөлшерімен араластыруға негізделген.
Кептіргіш агентінің өрлеу ағынында астық қоспасын қысқа мерзімде қыздыруы, қыздырған астықты 10-15 мин жатқызғаннан кейін салқындатуды алма кезек алмастыру және кептірілген астықтың көп бөлігін рециркуляциялап кептіру іске асырылады. Қыздыру камерасындағы кептіру агентінің температурасы 250-3800С астық қысқа мерзімде /2-3 сек/ 50-600С қыздырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет