Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет30/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Бақылау сұрақтары:



  1. Астық массасын кептіру жолдару.

  2. Дәнді химиялық тәсілмен кептіру.

  3. Өнімді ауасыз ортада сақтау.

  4. Астық кептіргіштерге қойылатын талаптар қандай?

  5. Негізгі астық кептіргіштердің артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау

жасаңыздар
Дәріс № 13
Тақырып: Картоптың, көкөністің пен жемістің физикалық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: Картоптың, көкөністің пен жемістің физикалық қасиеттерімен танысу.
Жоспар:

  1. Сусымалылық .

  2. Өздігінен іріктелу.

  3. Қуыстылық.

  4. Механикалық беріктілік.

  5. Сорбциялық /сіңіру/ қасиеті.

  6. Жылулық- физикалық қасиеттер.

Картопта, көкөністе және жемістерді сақтау кезінде өтетін процестер. Картоптың, көкөністің және жемістің физикалық қасиеттеріне жататындар: сусымалылық, өздігінен іріктелу, қуыстылық, механикалық беріктілік, сіңіргіштік, үсікке шалдыгушылық және жылулық физикалық қасиеттер.
Сусымалылық. Астыққа қарағанда көкөністердің, жемістердің және картоптың сусымалылықтары төмен. Сүйектілер /жидек, шие, өрік/ пішіні дөңгелек және беті тегіс болғандықтан, өте сусымалы болып келеді. Картоп пен көкөністерді үйіндіде сақтағанда, оны табиғи көлбеу бұрышы бойынша салады, ол 40-450 шамасында өзгереді Көлбеу бұрышы 40-50, яғни үйкеліс бұрышынан артық боса, картоп пен көкөністер қоймаға толтыра салған кезде, көлбеу жазықтықпен домалайды.
Картоп пен көкөністерді транспортер таспасымен жылжыту үшін, көлбеу бұрышы, үйкеліс бұрышынан кем болуы керек, әйтпесе жемістер мен көкөністер транспортер таспасынан қарсы бағытта жылжиды. Транспортер таспаның ең жоғары көлбеу бұрышы 18-240.
Өздігінен іріктелу -қоймаға картоп пен көкөністерді қоймаға орналастыруды механикалық құралдарды қолданғанда байқалады. Меншікті салмағы жоғары ірілеу қаудандар, тамыр жемістер және түйнектер түсу /құлау/ орнына жақын, ал уақтары үйіндіден шашыла орналасады. Толтыра салған үйіндіде, өте ұсақ түйнектер, қаудандар және көп қоспалары бар, сондықтан саңылаулығы аз, ауамен қамтамасыз етілу шамалы учаскелер пайда болады. Өздігінен іріктелуден сақтану үшін, түйнектерді, таыр жемістерін, қаудандарды, жемістерді пішіні мен мөлшері бойынша алдын ала іріктеп сорттау қажет. Өнімді қоспалардан тазартудың да маңызы зор.
Саңылаулылық /қуыстылық/. Саңылаулармен жылжыған ауа жылудың және дымқылдың түйнек, қаудан арасындағы кеңістіктермен бу күйінде ауысуына мүмкіндік жасайды.
Механикалық беріктілік түйнектің, тамыржемістің, қауданның, жемістің меншікті кедергісімен сипатталады. Оны күш салып, жаншу екі пластинаның аралығында қысу арқылы анықтайды. Картоп түйнегінің механикалық төзімділігі оның пісіп жетілуіне, сыртқы қабығының қалыптасуына байланысты. Бұл көрсеткіш арнайы пенетрометрмен анықталады.
Сорбциялық /сіңіру/ қасиеті. Түйнектердің, жемістерді және көкөністердің салмағы тасымалдағанда және сақтағанда, негізінен ылғалдың булануынан кемиді. Булану-терлеу процесі толық пісіп жетілмеген, жаңа жиналған, қабығы жұқа немесе зақымданған түйнектерде қарқынды жүреді де ол түйнектер бос әрі жұмсақ болып қалады. Аталған процестің жүруінің басты себебі қойма температурасының жоғары, ал ылғалдылығының төмен болуы. Картопты сақтау кезінде өнімді салқындатумен қатар, қойма ішіндегі ауа ылғалдылығын үнемі жоғары деңгейде ұстау қажет..
Үсікке шалынғыштық. Үсу процесі ауаның температурасы -3-50С болғанда жүреді. Үсу кезінде ең алдымен клетка арасындағы су, сонан соң клетканың ішкі қабатындағы су мұз болып қатады.
Жылулық- физикалық қасиеттер. Көкөністердің, жемістердің және картоптың жылу және температура өткізу қабілеттері төмен. Олар баяу салқындайды және баяу жылынады. Бұл процестердің қарқынының баяулауы сақтау объектісінің жоғары саңылаулығының салдары, себебі ауа жылуды нашар өткізеді. Картоптың, сәбіздің, қырыққабатты және қант қызылшасының жылу өткізгіштік коэффициенті 0,34-0,52 Вт/м.К., ал сол дақылдардың температура өткізгіштік коэффициенті - 12,24х10-8, -17,04х10-8 м2/с. /В.Н. Кудрина, 1991/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет