Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет28/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Бақылау сұрақтары:



  1. Ауылшаруашылық өнімдерін сақтау тәсілдері.

  2. Өнімді сақтаудың кешенді тәсілі.

3. Астықты ауаның қатысуынсыз сақтау ерекшеліктері қандай?
4. Белсенді желдетудің мақсаты қандай?
5. Астықты салқындатылған күйінде сақтаудың артықшылықтары қандай?
Дәріс №11


Тақырып: Астықты сақтау кезіндегі бақылауды ұйымдастыру тәсілдері


Сабақтың мақсаты:Сақтау барысында астыққа бақылауды ұйымдастыру жолдарымен,
қойылатын талаптармен танысу.
Жоспар:

    1. Астық сапасын бақылау (Ылғалдылығы).

    2. Зиянкестермен заладануы.

    3. Температурасы.

    4. Ылғалдылығы.

    5. Тұқымды астықты сақтау ерекшеліктері.

Астықты өлшеп, сапасын тексеріп, қабылдаған соң оны қадағалап тұру, қажет кезінде шаралар қолданып отыру жауапты жұмыс. Әсіресе, жаңа жиналған астықта физиологиялық процесс толық аяқталмағандықтан оны жиі бақылап тұрады. Дегенмен бақылаудың астық сапасы бұзылмайтын, құрамындағы өзгерістерді толығымен қадағалап тұруға мүмкіндік болатын экономикалық тиімді жоспары жасалады.
Астық сапасын бақылау жоспары бойынша белгіленген мерзімде оның температурасы, ылғалдылығы, ластығы, зиянкестермен зақымдануы, түсі және иісі тексеріледі. Тұқымдық мақсаттағы астықта бұл белгілерге қосымша өнгіштігі мен өну энергиясы анықталады.
Ылгалдыльігьі. Астықты орнынан қозғаған кезде, белсенді желдеткеннен кейін әрбір партиядан алынған орташа үлгіден ылғалдылығын анықтайды. Анықтау жиілігі қоймада жатқан астықтың сол кездегі жағдайына байланысты:

  • құрғақ, орташа құрғақ және салқындатылған астықтарда- айына 1 рет;

  • ылғалды және сулы топтағы астықтарда - 10-15 күнде 1 рет;

  • тұқымдық мақсаттағы дәндердің ылғалдылығын айына 2 рет анықтайды. Зиянкестермен зақымдануы. Бұл көрсеткіш қойманың әр секциясынан үйіндінің биіктігіне байланысты жеке үлгі алу арқылы анықталады. Үйінді биіктігі:

  • 1,5 м дейін болса, екі тереңдіктен;

  • 1,5 м-ден жоғары болса, үш тереңдіктен ұя алады.

Сонымен қатар, қойманың зиянкес шоғарылатын жерлері, әсіресе, астық үйіндісінің ең жоғарғы бөлігі, ылғалдылығы, ластығы жоғары жерлері, қабырға мен бағананың маңайы толық тексерілуі тиіс. Бақылау мерзімі ауа температурасына сай келесі жиілікте жүргізіледі:

  • температура 150С-тан жоғары болғанда 10 күнде 1 рет;

  • температура 5-100С аралығында -15 күнде 1 рет;

  • температура 50С-тан төмен болғанда айына 1 рет.

Сақтау кезеңіндегі астық массасының күйін сипаттайтын көрсеткіштерге оның температурасын, дымқылдыгын, қоспалар мөлшерін, залалдану күйін, жаңалық көрсеткіштерін /иісі, түсі/ өнгіштігі мен өну энергиясын /тұқымдық астық топтарында/ жатқызады.
Температура. Астық күйіне сипаттама беретін белгінің бірі оның температурасы. Бұл көрсеткішті астық массасының барлық қабатынан анықтап отыру қажет.
Ірі астық сақтайтын қоймаларда, астық қабылдау мекемелерінде, элеваторларда астық температурасы қашықтықтан анықтайтын қондырғылармен бақыланады. Мұндай мүмкіндік жоқ шаруашылықтарда қажетті тереңдіктегі температураны ұзын тұтқасы бар термометрлермен анықтайды. 1,5 м-дейінгі астық үйіндісінің беткі қабатынан 30-50 см тереңдікте, одан жоғары биіктіктегі астықтан екі тереңдікте (үстіңгі және астыңғы қабатынан) өлшеу жүргізеді. Термометрді астық секцияларына арақашықтығы 2 м шамасында алшақ етіп, үйінді деңгейі диоганалының бойымен сұғады.
Дымқылдық - сақтаудың негізгі факторы. Ол жоғарылағанда астық массасының барлық компоненттерінің тіршілік әрекеті күшейеді де, астықтың бүлінуіне әкеліп соғады. Астық массасы дымқылдығы тыныс алу және басқа процестердің нәтижесінде бөлінетін ылғалға байланысты жоғарылайды: бұл құбылыс астық пен атмосфералық ауаның бірімен бірінің әрекеттесуінің әсерінен болатын, астық массасындағы сорбция және десорбцияға байланысты өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет