Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны Тақырып Кіріспе. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



бет10/16
Дата07.01.2023
өлшемі110.62 Kb.
#468189
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Дәріс 2017-2018

Негізгі әдебиеттер:

  1. Казбеков Б.К. Интеграция Казахстана и Центральной Азии в мировую экономику. А., 2002.

  2. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. А., 1996.

  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. Астана, 2006.

  4. Назарбаев Н.А. В потоке истории. А., 1998.

  5. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Алматы, 2003.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Арыстанбекова А. Объединенные Нации и Казахстан. А., 2002.

  2. Джалилов З.Г. Ислам и общество в современном Казахстане. А., 2006.

  3. Центральная Азия: диалог цивилизаций в ХХІ в. // Материалы международной конференции. А., 2003.



Тақырып 10. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық, этнодемографиялық үдерістері. Білім жүйесіндегі өзгерістер
Дәріс жоспары:
1.Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
2.Әлеуметтік реформалар және білім жүйесіндегі өзгерістер
3.Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы
Еліміз 1990 жылдардың басында қарама-қайшылықты әрі өзекті мәселелермен бет-бет кездесті. Келеңсіз құбылыстар бой көрсетті. Экономикалық дағдарыс терең тамыр жайып, қоғамдық өмірдің барлық саласына әсер етті. Осылайша, әлеуметтік тұрақсыздық, халық тұрмысының төмендеуі, жұмыссыздық, экологиялық ластану, қылмыстың өсуі, т.б. көптеген қиыншылықтарға кездесті. Оларды жою және адамзат қауымдастығында лайықты орын алу үшін жаңа заман талабына сай келмейтін жоспарлы экономиканы түбегейлі өзгертіп қайта құрылымдау, мүмкіншіліктер теңдігі ұстанымын қамтамасыз ету негізінде әлеуметтік бағдарлы нарық құру, бағаны жекешелендіру және либерализациялау, инвестициялық саясатты іске асыру қажет болды. Осы мақсатта Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолын таңдады. Нарықтық экономиканы жүзеге асыру Тәуелсіздіктің 20 жылында бірнеше кезеңде өтті. Бірінші кезең: 1991-1993 ж.ж. – Қазақстанның егемендігін жариялаудан шамамен ұлттық валютаның енгізілуіне дейінгі аралық. 1994-1998 ж.ж. аралығын қамтиын екінші кезеңде дәйексіз және кешенді емес түрде жүзеге асырылған дербес макроэкономикалық саясат қалыптаса бастады. Ал үшінші кезең – 1998-2001 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды.
1990 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ұйымы (БҰҰ ДБ) адамзаттың дамуы мәселесі жөнінде әлемдік ауқымда есептерін жариялай бастады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа өлшемі ретінде адамзат дамуының индексі алынды. Ол көптеген көрсеткіштермен – жан басына шаққандағы кіріс, денсаулық жағдайы, қоршаған ортаның ластануы, өмір сүру ұзақтығы, білім алу, ақпарат алу мүмкіндіктерімен анықталды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы шеңберінде 1997 жылы жарық көрген адамдық даму жөніндегі есебінде адам әлеуетінің даму индексі бойынша Қазақстан әлемнің 174 елінің арасында 93-орында, ал КСРО құрамында болған елдер арасында 7-орында болғандығы көрсетілді.
90-жылдардың басында ауыл шаруашылығы елеулі дағдарысты бастан кешірді. Оның басты себебі – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары өнімдерінің арасындағы үлкен алшақтық еді. Сондай-ақ, республикадағы колхоздар мен кеңшарларды жаппай және қарқынды жекешелендіру науқанының үлкен зардабы тиді. Ауыл шаруашылығында реформалар жүргізілген кезден бастап ауыл шаруашылық өндірушілерінің құрылымында түбегейлі өзгерістер болды. Өнім өндіруде меншіктің мемлекеттік емес формасы басым болды және оның үлесі 1990 жылғы 32%-дан 2000 жылы 99%-ға дейін өсті. Совхоздарды жекешелендіру және колхоздарды реформалау аяқталды, мұның өзі шаруашылық жүргізуші субъектілердің санын 15 еседен астамға көбейтті. Аграрлық құрамалар қайта тіркеуден өткізілді. 2000 жылдың аяғына қарай республикада нарыққа бағдарланған, жеке меншікке негізделген 75 мыңнан астам ауыл шаруашылық құрылымы, соның ішінде 70 мыңнан астам шаруа қожалығы және 1,6 мың өндірістік кооператив жұмыс істеді.
Еліміз 2010 жылдың қорытындысы бойынша халықтың әл-ауқаты жағынан ТМД-ның барлық елдерінен басып озып, халықаралық рейтингте 50-орынға ие болды. 1994 жылдан бері ай сайынғы номиналдық жалақы 45 есе өсті. Бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы дәйекті өсірілді. Соңғы онжылдықта мұғалімдердің жалақысы – 5 есе дерлік, дәрігерлердікі – 7 есе, зейнетақының орташа мөлшері 6 есе дерлік өсті.
Елбасы тапсырмасы бойынша 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері 30%-ға өсті. Сондай-ақ 1 шілдеден бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы да 30%-ға артады, нәтижесінде соңғы үш жылда олардың табысы екі есеге ұлғаяды. (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауынан. – Егемен Қазақстан, 29 қаңтар, 2011 ж.) Қазақстандағыдай зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі ТМД-ның ешбір елінде жоқ. Әлемнің кейбір дамыған елдерінің өзі, мәселен, Германия немесе Франция жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өту мәселесін енді қолға алуда. Бізде 13 зейнетақы қоры жұмыс істейді. Оларда 2,3 триллион теңге жинақталған. Соңғы 10 жылда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз табыс табатын тұрғындардың үлесі 4 еседен астам қысқарды.
Білім беру жүйесіндегі жекешелендіру мектеп жасына дейінгі балалар мекемесін күйретті. 1997 жылғы қарай олардың 70 пайызы жабылды. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерімен қамтылу 10,6%-ға, ал ауылдық жерлерде 2,6%-ға дейін қысқарды. Сонымен бірге жеке меншік балабақшаларға халықтың тек болмашы үлесінің ғана қолы жететін болып шықты. Орта арнаулы, кәсіптік-техникалық оқу орындары желісі қысқартылды, болмашы түрде қаржыландыру кәсіптік-техникалық, арнаулы орта білім беру жүйесін дағдарысқа ұшыратты.
2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аймақтарды дамытуға бағытталған «Мемлекеттік бағдарлама» аясында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын қаржыландыру және елді мекендерді сумен қамтамасыз ету ісі жүйелі жоспарланған. Жемісті нәтижелері де бар.
1999 жылғы ақпан-наурыз айларында Қазақстанда 1989 жылдан кейінгі ұлттық тұрғындар санағы өткізілді. Санақтың БҰҰ-ның статистикалық комиссиясының нұсқауларына сай, халықаралық тәжірибеде қабылданған әдістемемен өткізілгені жарияланды. Санақ қорытындысы бойынша, Қазақстанда 14952,7 мың адам тұратыны анықталды. 1999 жылғы санақ қорытындылары республика тұрғындарының арасындағы қалалы елді мекендерде тұратындары – 56 %, ауыл халқы - 44 %, еркектер – 48,2 %, әйелдер – 51,8 %, қазақ ұлты өкілдерінің арасындағы үлесі – 53,4% болғанын көрсетті.
Республика Президентінің жарлығымен 1997 жылдың “Жалпы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы”, 1998 жылдың “Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы”, 1999 жылдың - “Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы”, 2000 жылдың «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануы өткен тарихтан келешек үшін тәлім алуға, “тарихи ақтаңдақтарды” әйгілеп, бұқаралық сананы көтеру арқылы қоғамның даму жолын қайта зерделеуге септігін тигізді.
Мемлекетіміздегі мәдени құрылысының үлкен бір бөлігі – білім саласы. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жетуімен қазақ халқының рухани өмірінде жаңа мәдени процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім, ғылым мен мәдениет өз дамуының даңғыл жолына шықты. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына қарамастан Республикамыз нарық қатынасына өтуіне байланысты, білім беру жүйесіне реформалар жүргізілді.
Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» Даму стратегиясында білімді дамытуды ерекше атап көрсетті. 1999 жылы Республика Парламенті “Білім туралы заңның” өзгерген редакциясын қабылдады. Жаңа заң бойынша негізгі мектеп 9 сынып көлемінде аяқталады, ал 10-11-сыныптар бағдарлы мектеп болып жұмыс жасайтын болады.
Еліміз егемендік алғаннан кейін жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарында да бірсыпыра жаңа өзгерістер орын алды. Осы орайда, Қазақстанның тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге қабілетті маман кадрлар даяларлайтын жаңа факультеттер ашылды. 1993 жылы үкімет жеке меншік университеттер ашуға заң жүзінде рұқсат беріліп, олардың саны арта берді. Алайда, жоғары оқу орындарының саны көп болғанымен, бәрі бірдей сапалы білім бере алған жоқ. 2008 ж. Білім және ғылым министрлігі тарапынан білім сапасын көтеру мақсатында тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, біліктілік талаптарын сақтамағаны үшін 1 оқу орнының, 24 жоғары оқу орнының 112 мамандық бойынша лицензиялары қайтарып алынды. Егер 2007 ж. жоғары оқу орындарының саны 176 болса, 2008 ж. 144-ке азайды. 2009 жылы Қазақстанда 144 жоғары оқу орны болды. Оның 85-і университет, 32-сі институт, 26-сы академия, 1-уі консерватория.
Бұл жүйе біртіндеп ұлттық жоғары орнынан кейінгі білім жүйесінің нәтижелілігін арттыру мақсатында PhD бағдарламасына ауысуда. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді реформалаудың басты ерекшелігі - PhD бағдарламасында диссертация атақ үшін қорғалмайды. Әрі бұл бағдарламаға академиялық магистр атағы бар, ғылыми даярлықтан өткен ғылыми және ғылыми-педагог кадр қабылданады.
Тәуелсіз Республикамыз білім саласы бойынша шет мемлекеттермен тікелей байланысқа көшті. Соның нәтижесінде жастарымыздың шетелдерде білім алуына мүмкіндік туды. Осыған сай «Шетелде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендияларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 5 қарашада №1394 қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес Президенттің «Болашақ» атты 250 халықаралық стипендиясы белгіленді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет