Диктанттар жинағы (5-9 сыныптарына арналған) Оқу орыс, өзбек, ұйғыр тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі Алматы қаласы, «Республикалық 45 minut kz»



бет19/23
Дата07.02.2024
өлшемі205 Kb.
#491085
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
диктант 5-9

Тоқылдақ

Жетісу – орман-тоғайға бай өлке. Ол ормандарды көптеген құстар мекендейді. Солардың бірі – тоқылдақ. Тоқылдақтың ұзындығы жиырма үш-жиырма бес сантиметр, салмағы жүз грамдай. Ол – ақ, қара, қызыл түсті әдемі құс. Қауырсындарының сабақтары қатты және үшкір келеді. Мықты мүйізделген тұмсығы қашау ролін атқарады. Тоқылдақтың дене құрылысы ағашқа өрмелеп тіршілік етуге жақсы бейімделген. Ол орманның зиянкестерін құртып отырады. Тоқылдақтардың ұясының тереңдігі жиырма сегіз-отыз бес, аузының аумағы бес-алты сантиметр болады. Ұясын жиырма метрдей биік ағаштарға салады.


Тоқылдақ – орманның емшісі, көркі. Біздің тоғайларымызда да тоқылдақтар көп. Талай рет ағашта отырғанын, ұшып жүргенін көріп тамашаладық. Тоқылдақ көптеген ертегілердің, өлеңдердің кейіпкері.(95 сөз)


Ұлттық байлық

Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У.Петти деген адам есептен шығарған. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле бастады.


Ұлтты байлық, негізінен, мынадай салалардан тұрады: ғасырлар бойы ата-бабалардың қалдырған барлық мұрасы, табиғат және жер асты байлығы, әдеби, мәдени, тарихи мұралар.
Ұлттық байлыққа жеке колекционердің қолындағы көне заттар да жатады.
Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады. Барлық ұлттық байлық мемлекеттік байлық болып табылады.(95 сөз)


Қорғалжын қорығы

Солтүстік Қазақстандағы табиғатты көз тартарлық орындардың бірі – Ақмола облысында құрылған Қорғалжын қорығы. Ол Қазақстанның дала аймағын сақтау мақсатында 1968 жылы ұйымдастырылған. Суы тұзды Теңіз және Қорғалжын көлдері кіретін бұл қорықта жабайы шошқа, т.б., аңдармен қатар қаз, үйрек, дуадақ сияқты құстардың орасан көп түрлері тіршілік етеді. Сондықтан да бұл өлкені – құс өлкесі деп бекер атамаған. Көл айдыны мен қамыстарында сансыз көп үйрек, қаз мекендеп, балапан басып шығарады. Бұл қорықтың мақтанышы – әйгілі қоқиқаздары дүние жүзіне мәлім. Қорғау жұмысының нәтижесінде қазіргі кезде бұл сәнді құстың саны артып келеді. Қоқиқаз – Қызыл кітап бетіне енген, бұл құстар туралы деректі фильмдер бар.(97 сөз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет