Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді



бет113/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114
ОМПО дайын кітап

Бақылау-көшіру мөрі почталық ақша аударымын, 10н. тізілімін және 1н. дәптерін ресімдеу үшін арналған. Бақылау-көшіру мөріндегі алты таңбалы нөмірлік белгі почта индексіне сәйкес.
Атаулы заттарды есепке алу кітабы Филиалдармен, ПБТ жүргізіледі. Атаулы заттарды сақтауды және дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету жауапкершілігі өндірістік объектілердің, цехтардың, учаскелердің бастығына (орынбасарларына) бұйрықпен жеке-жеке аталып жүктеледі.
Атаулы заттар өндірістік объектілердің жұмыс орындарына (жұмыскерлерге) бекітіледі және Атаулы заттарды, қобдишаны қабылдау және беру журналына қол қою арқылы беріледі. Күнделікті жұмыс күннің (ауысымның) басында өндірістік объектілердің, цехтардың, учаскелердің бастығы (орынбасары) атаулы заттарды қол қойғызу арқылы беруге және күннің соңында оларды жұмыскерден қабылдап алуға міндетті. Олардың күнделікті есебі ПББ, цехтың, учаскенің бастықтарымен жүргізіледі.
Атаулы заттар таза ұсталуға және қамсыздандырылған тәртіпте сақталуға тиіс.
Атаулы заттарды дайындау тәртібі Атаулы заттарды дайындау, есепке алу, тарату, айырбастау, шығару, жою жөніндегі Нұсқаумен анықталады.
Атаулы заттар жоғалған немесе ұрланған жағдайда өндірістік объектінің, цехтың, учаскенің бастығы кез-келген қол жетерлік байланыс құралдарымен ол туралы Филиалдың, ПБТ, ПТБ бастығына дереу хабарлайды. Филиалдың, ПБТ, ПТБ басшылығы кідіріссіз ведомстволық тексеріс жүргізеді және тергеу нәтижелерін күтпей, бағыныстылығына қарай жоғары құрылымдық бөлімшеге болған факті туралы дереу хабарлайды.


16 ТАРАУ. Почта жөнелтімдері мен шартты құндылықтарды сақтау

Ведомстволық тіркеу аяқталғанға дейін қызметті тәртіпте ұсталған пошта жөнелтімдерін сақтау үшін қоймаларды жасалады.Қоймалардың есіктері металл немесе темірмен қапталған болуға тиіс.


Металл темірден басқа қоймаларда ішкі жабдықталған диаметрі 16 мм кем емес.150х150мм.Торларды құрайтын және әр қималарында дәнекерленетін болат шыбықтардан жасалады.
Құндылығы жарияланған пошта жөнелтімдері қоймада темір жәшікте сақталады.Құндылықтар сақталатын қоймаларға бөгде адамдар кіргізілмейді.
Өндірістік объектілерде почта жөнелтімдерін сақтау үшін сейфтер мен темір шкафтарды орналастыратын қойма жабдықталады. Қойма есіктері металдан немесе темірден жасалуы тиіс.
Сол ойықта қойманың темір есігінен басқа, диаметрі 16 мм кем емес болат шыбығынан жасалған және 150х105 мм ұя үлгісінде әр қималарда дәнекерленген ішкі темір тор есік орналастырылады. Тор есік өлшемі бойынша 75х75х6 мм болат бұрышымен жиектелінеді. Тор есік тұтқаларының көмегімен аспалы құлыппен жабылып, тор есіктің есік қорабы диаметрі 12 мм кем емес, ұзындығы 120 мм кем емес үлкен сүре шегелердің көмегімен есіктің ойығына бекітілетін немесе электрмен дәнекерленген 75х75х6 мм болат бұрыштарынан жасалынады.
Қоймада терезе қоюға тыйым салынады.
Қойма қабырғалары тек Қоғамның бөлімше ғимараттарының қабырғаларымен бір – бірлеріне көршілес болуы мүмкін.
Құндылығы жарияланған почта жөнелтімдері қоймада темір шкафтарда сақталады.
Құндылықты сақтау қоймаларына бөгде адамға кіруге рұқсат етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет