Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


§ 7 ХПАП-де (почта вагондарында) халықаралық жерүсті және әуе почтасына есеп жүргізу тәртібі



бет110/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114
ОМПО дайын кітап

§ 7 ХПАП-де (почта вагондарында) халықаралық жерүсті және әуе почтасына есеп жүргізу тәртібі

Жерүсті почтасына транзиттік шығындарды анықтау мақсатында ҚР-ның халықаралық почта алмасу орындары, халықаралық почталық жөнелтімдеріне транзиттік депешалардың статистикалық есебін жүргізеді.


Транзиттік почта тек кіріс халықаралық почта алмасу пунктерінде (почта вагондарында) есептеледі.
Әуежайдағы ҚР-ның ХПАП-і кіріс және транзиттік әуе депешаларының және CN38н. мен CN41н. жүкқұжаттарының негізіне SAL депешаларының есебін жүргізеді.
Барлық ХПАП-де кіріс және транзиттік жабық депешалар CN37н., CN38н., CN41н., CN47н. жүкқұжаттардың деректерін сәйкес жеке жұрналда тіркеледі.
Ай сайын келесі есепті айдан кейінгі айдың 15-ші жұлдызына дейін CN55н. жиынтық ведомостар (жазбаша хат-хабарлар) және CР87 (сәлемдемелік почта) нысанны БЕжЕД (ПСжТУ- почтаны сұрыптау және тасымалдау учаскесі) жіберіледі.
Әуе депешаларын айырбастауды жүргізетін халықаралық почта алмасу пунктері ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-ші жұлдызына дейін міндетті түрде депешаларды жөнелту күнін, нөмірлерін, жіберілген мекемесін, пайдаланылған әуежелісінің рейс нөмірлерін және CN66н. ведомстпен почтаның санаттары бойынша (LC/AO, M және CP87) депешалардың салмағын көрсетіп, шетелге жөнелтілетін әуе почтасының саны туралы БЕжЕД мәлімет береді.
15 ТАРАУ. Өндірістік құжаттамаларды жүргізу және сақтау

Алынған, жөнелтілген және берілген почта жөнелтімдеріне өндірістік құжаттар күнделікті ауысым, онкүндіктер немесе айлары бойынша бумаларға тігіледі - құжаттардың санына байланысты.


ХПАО-да тікелей тіркелетін почта жөнелтімдері берілген хабарламалар реттік кіріс нөмерлері бойынша іріктеледі және почта жөнелтімдерінің түрлері бойынша журналға бумаларға тігіледі- ай сайын (әр тоқсан сайын).
Тігінделген құжатттардың әр бумасының сыртқы бетін құжаттардың атауы, цехтың (учаскенің) атауы, құжаттар қандай уақыт кезеңін қамтып тігілгендігі көрсетіледі, мысалы “CN37 жүкқұжаты (кіріс, шығыс), 2005 жылы сәуір айы, жазбаша хат-хабарлардың өңдеу цехы, Алматы ХПАО”.
Өндірістік құжаттамаларда түзетуге, тазартып өшіру және жазылған мәтінді қайта бастырып жазуға жол берілмейді.
Бақылаудан кейін алынған және жөнелтілген почта жөнелтімдеріне құжаттар олардың сақталуына жауапты адамға тапсырылады. Жұмыс орындарында құжаттардың бумаларын сақтауға рұқсат етілмейді.
Құжаттарға екі данада тізімдеме жасалады, онда құжаттардың атауы қандай кезеңде (басталу және аяқталу күні) бумалардың, кітаптардың саны көрсетіледі. Тізімдеменің бірінші данасы қапқа салынады, ал екінші данасы цехта (учаскеде) қалады және жеке бумаға тіркеледі.
Сақтауға жөнелтіліетін құжаттар салынған қаптарға “Сақтандыру” мөрімен сүргі салынады және 16н. жалпы жүкқұжатқа тіркеледі.
Мұрағаттың жұмыскері құжаттардың тізімдеме көшірмесінде алғандығы туралы қол қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет