Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»



Pdf көрінісі
бет123/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   132
oku kural personald baskar

 
Кәсіби мансап-нақты қызметкердің өзінің кәсіби іс-әрекет үдерісінде дамудың әр 
түрлі кезеңдерінен өтетіндігімен сипатталады: оқу, жұмысқа түсу, кәсіби өсу, жеке 
қабілеттіліктерді қолдау, зейнеткерлікке шығу. 
 
Кәсіпорындағы кадрлық қызметтің тиімділігі-оның әрбір құрылымдық 
бірлігінің атқаратын функциясының құрымдылығы мен нақтылығына, қызметтің өз 
ішіндегі құрылымдық бөлімшелердің өзара байланысқан жұмыстарына, кадрлық 
қызметтің кәсіпорындағы техникалық және экономикалық қызметтерінің жұмысымен 
органикалық байланыстарына, қызметті кадрлармен қамтамасыздандыруға байланысты. 
 
Кәсіпорынның кадрлық қызметі - кәсіорынды басқару шеңберінде таңдалған 
саясат бойынша басқаруға бел буған қызметтегі тұлғалармен қоса арнайы құрылымдық 
бөлімшелердің жиынтығы. 
 
Кәсіпорынның персоналын басқару түрлері - кәсіпорын іс-әрекетінің 
стратегиясына сәйкес ір түрлі біріктілігі бар жұмысшылар, инженерлер, менеджерлерге 
деген қажеттілігін анықтау, еңбек нарығын талдау, жұмысбастылықты басқару, 
персоналды іріктеу, кәсіпорын қызметкерінің мансабын.олардың кәсіби және әкімдік 
өсуін жоспарлау, еңбек етуді қолайлы жағдайларымен қамтамасыз ету,т.б. 
 
Кезекті аттестация-жыл сайын жүргізіледі және барлық жұмыскерлер үшін 
міндетті. 
 
Кесімді еңбекақының артықшылығы-еңбек нәтижелері мен сыйақы мөлшері 
арасында тікелей байланыстың барлығы 
 
Комитеттер әдісі-бойынша бағалау, адамның жұмыс істеуін топта талқылауды 
көздейді. 
 
Күту-адамдардың әрекеті қандай жағдайда белгілі бір нәтижеге әкелетіндігі жайлы 
түсінік. 
 
Қ
ажеттілік-келнңсіздікті туындататын әлде бір нәрсенің жетіспеуі. 
 
Қауіпсіздік жіне тұрақтылық-ұйымда өз жағдайын сақтау және нығайтуға 
ұмтылу қызметкердің іс-әрекетіне үлкен әсер етеді, сондықтан негізгі мәселелер ретінде 
олар осындай кепілдеме беретін қызметке орналасуды қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет