І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет21/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

«Ұлы дидактика» - Коменскийдің оқыту теориясы шеңберінен шығып, білім беру мен тәрбиелеуді қосады.Оқыту теориясында дидактикадан айырмашылығы - өзінің «Ұлы дидактикасын» әмбебап өнер ретінде анықтады. Коменский мектепті гуманизм шеберханасы деді. Оның көзқарасы бойынша:балаларды мектепте оқыту отбасындағыға қарағанда мақсатталған түрде болады;мектептің басты міндеті – жалпы ақылды дамыту;онда болашақ пен қазіргі өмірге қажетті барлығы оқытылады;мектепте жастар парасаттылыққа үйренеді, сондықтан мектеп шынайы адамгершілік пен гумандықтың шеберханасы болып саналады.
«Ұлы дидактика» мектепті құру кезінде ескерілуі қажетті нақты прин­цип­терді анықтады:білімді барлық жастар алулары керек (ақыл-есі кем жастардан басқасы);адамды ақылды, қайырымды қылатын барлық жағдайлар ескерілуі керек;білім беру кәрілікке жеткенше дейін аяқталуы керек;білім беру ерікті жүргізілуі тиіс;жастар шынайы, негізделген білім алулары керек; білім беру көп күшті қажет етпей, жеңіл өтуі тиіс.
Коменский бойынша, адамның барлық тәрбие және білім беру циклы әр қайсысына 6 жылдан тиесілі 4 кезеңге бөлінуі керек деді.
Мектеп жүйесінің сатылары:
- Ана мектебі – 6 ж. дейін. Ол барлық үйде болуы керек. Оған Коменский әдістемелік басшылық құрды. «Ана мектебі» - ол ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған көрнекілік құралы.
- Ана тілі мектебі – 12 ж. дейін. Әр қауымда болуы керек. Барлық бала­лар­ға міндетті. Бұл мектепте әр қайсысы өмірде онсыз күн көруге болмайтын бар­лық заттарға, әрекеттерге үйрету керек.
- Латын мектебі – 18 ж. дейін. Әр қалада болуы қажет. Бұл жерде де оқы­ту­ды ана тілінде бастап, қандай да бір шет тілімен, физика, география, математикамен жалғастырулары керек болды. Дәстүрлі «жеті еркін өнер», мораль латын мектебінің бағдарламасын құрады. Әр алты сыныптың өз атауы болды: грамматикалық, физикалық, математикалық, этикалық, диалектикалық және риторикалық (шешендік).
- Академия – 24 жасқа дейін. Латын мектебін бітірген ең дарынды оқушы­лар академияда өз білімдерін жалғастырды. Олар үш факультеттен тұрды: діни, заң және дәрігерлік.
Білім беруді ұйымдастыруда Коменский жаңа шешімдер ұсынды. Ол сыныптық-сабақ жүйесі:бір жастағы өзгермейтін оқушылар құрамы;сабақтарды белгілі бір уақыт пен сабақ кестесі бойынша өткізу;бір пән бойынша мұғалімнің бүкіл сыныппен ортақ сабақ жүргізуі. Ол күніне әрбір сағаттық үзілістен кейін 4-6 сағат бойынша жүргізілуі керек. Оқытуды балалық шақтан бастау керек: «адамның білім беруін көктемде, яғни ол балалық шақты, ал жастық шақты жаз бейнелейді».Коменский тек мектепте дайындалуды дұрыс деп санады. «Үйге тап­сыр­ма берудің қажеті жоқ». Себебі мектеп оқыту шеберханасы аталғандықтан, осы жерде ғылымдағы жетістіктерге жетуі тиіс.
«Ұлы дидактикада» оқытуға деген жалпы төрт негізгі талаптар анық­талған:

  • жемісті оқытуға заттарды сөзден бұрын, қарапайымнан күрделіге, кітап бойынша оқытса жетеді;

  • оқыту жеңіл болады, егер оқыту ерте жаста басталса, мұғалім оқыту ба­ры­сында жеңілден күрделіге ауысса, мектепте оқығанын өмірмен байланыстырса ғана қол жеткізеді;

  • оқытудың негізділігі - өтілетін барлық мағлұматтар бір-бірімен байла­ныс­ты болуы керек және күнделікті тәжірибемен нақтылануы керек;

  • оқытудағы жылдамдылық – егер оқытудың барлығы негізделген түрде болса, қысқа әрі нұсқа жүйелілік, бірізділік бойынша жүрсе, бүгінгіні өткен­мен байланыстырса, сыныптағы сабақты барлығымен бір мұғалім жүргізсе ғана жүзеге асады.

Коменскийдің дидактикадағы ең негізгі мәселелерінің бірі – дидактикалық принциптер болып табылады, яғни, оқыту, білім беру және әдістердің қол­да­ны­луы жайында сөз етіледі:

    • көрнекілік – сезім мүшелері арқылы оқушылардың заттар мен құбы­лыс­тарды бақылауы;

    • бірізділік пен жүйелілік. «Заттарды танудағы ақыл біртіндеп жүреді», сондықтан «оқыту бірізділікпен жүруі тиіс»;

    • оқыту материалын игерудегі беріктілік. Бұл принцип педагогикада жаңа болып саналмайды. Конфуций және ежелгі гректер мектепте оқы­ты­ла­тындардың беріктілігі қажет деді. Сондықтан жаттығу және қай­та­лау міндетті түрде керек;

    • өз бетінше және беріктілік. Жастарды оқыту – оқушылардың басына бі­лімді төмпештеу емес, керісінше, заттарды түсіне білу мүмкіндіктерін аша білу. «Әр оқушы барлығын өзі оқып, өзіндік шешімдер қабылдап, оны тәжірибеде қолдана білуі қажет».

Мұғалімнің рөлі жөнінде Коменский «Олар жоғары орында тұр, себебі оларға күннен кейінгі жоғарғы орын беріліп, жақсы қызмет тапсырылған», – деп жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет