І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


«Ратихий тәсілімен жаппай барлығын оқыту» (1619)



бет20/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

«Ратихий тәсілімен жаппай барлығын оқыту» (1619) деген кітабында өзінің жал­пы дидактикалық, әдістанымдық ойлары және тұтастай жаңа мектеп ұйым­дас­тыру сөз етілді.
Ол маңызды жалпыдидактикалық принциптерін көрсете білді, бірақ чех педагогы Я.А.Коменский оны одан да дәлелді етіп қалыптастырған.
Бұл оқытудың жалпы принциптері келесі негізгі жағдайларға ұштастырды. Раткенің айтуы бойынша, әрбір мұғалім басшылыққа алуы керек:

  • оқыту табиғатпен сәйкес жүруі тиіс;

  • жүйелілік принципін ұстану;

  • қайталауды жиі қолдану;

  • алғашқы оқыту ана тілінде жүргізілуі керек;

  • оқыту ерікті жүргізілуі керек;

  • оқушылар түсінгенін оқу керек;

  • оқыту жекеден жалпыға,білетіннен білмейтінге бағытталуы керек;

  • оқыту барысында индукция мен тәжірибеге сүйену керек.

Ф.Бэкон мен Я.А.Коменскийдің сенсуализмдеріне қарағанда, Р.Декарт (1596-1650) табиғатты қозғаушы механизм ретінде қарастырды. Оның заңдарын ақылмен жетуге ғана болады деді. Ол тәрбие үрдісінде балалық ойлаудан заттар мен құ­былыстарды шынайы көзқараспен қарауды дұрыс деп санады. Р.Декарт оқу­шы­лардың ойлау мүмкіндіктерін, сондай-ақ, өз бетінше дұрыс шешімдер қа­был­дай білуге үйретуде бар күш-жігерді салуды ұсынды.
Коменский Жаңа ғасыр педагогикасының негізін қалаушы. Оның «Ана мектебі», «Ұлы дидактика», «Тілдердің жаңа әдісі», «Пансофиялық мектеп» де­ген теориялық еңбектерінде барлық қажетті педагогикалық мәселелерді қа­растыр­ған.
Я.А. Коменский – белгілі славян педагогы, философ, ғалым. Оның өмірге де­ген көзқарасы - жалпы адамзаттық бахыттылықты білім арқылы орнату. Ұзақ өмі­рін білім беру саласына талап еткен. Чех қауымының туысқандық мек­теп­те­рін­де ұстаздық іс-әрекет жасаған. Сол кездегі саяси тәртіпке қарсылық білдіріп қо­ғамдық күресте болған. Отанынан айырылып көп жылдары қуғында болған. Ше­телде паналап, өз ағартушылық қызметін жалғастырған. Я.А. Коменскийдің педагогикалық еңбектері жалпы философиялық тұрғыда жасалынған Оның «Ұлы дидактика» еңбегінде оқыту теориясының ғылыми негіздері терен, күр­де­лі мағынада жасалынған. Тұнғыш рет ата-аналарға арналған «Ана мектебі» пе­да­гогикалық кітабі әлі де өзектілігін жойған жоқ. Ұлы педагогтың жасаған оқу­лық­тары бірнеше ғасырлар Еуропа және Азия елдеріндегі мектептерде кен пай­даланған: «Тілдер мен ғылымдардың ашық есігі», «Физика», «Астрономия» т.б..
Я.А.Коменский адамға мынада» талаптар қойған:
- әлемнің барлық заттарын білу,
- өз өзіне және барлық заттарға басшы болу,
- құдай жолына білім арқылы, ақиқатты іздеу арқылы түсу.
Осы талаптарды орындау үшін, адамға керек:ғылыми білім,адамгершілік қасиет, жақсылыққа ұмтылу,діни көзқарас, таза ар.
Осы үш талап тәрбиенің негізгі міндеттері болу тиіс, деген. Бұл міндет­тер­ді тек арнайы ашылған оқу-тәрбие мекемелерде іске асыруға болады – мек­теп­те. Өзінің «Ұлы дидактика» еңбегінде Коменский білім беру тарихында тұнғыш рет мектеп жүйесін ұсынды, оны балалардың жас ерекшелігін ескеру прин­ци­піне негіздеп дәлелдеді.
Тәрбие мен білім берудің бірінші сатысында балалар туғанын бастап 6 жасқа дейін ана мектебінде болу тиіс – бала отбасында анасының тәрбиесінде болады. Ананың баламен табиғи байланысы өте тығыз, сондықтан анадан артық тәрбиеші балаға керек жоқ. Бұл кезенде баланың сезім мүшелерінің да­муына көңіл бөлу керек, қоршаған ортаның құбылыстарымен таныстыру керек, алғашқы ғылымға негізделген білімдермен қаруландыру керек. Осы кезендегі балаларды тәрбиелеу жолдары Коменскийдің «Ана мектебі» еңбегінде өте та­маша сипатталған.
Мектептің екінші сатысы – ана тілі мектебі деп аталған. Бұл мектепте 6 жас­тан 12 жасқа дейінгі ер балалар мен қыз балалар бірге оқытылу тиіс, деген. Туған елінің тілін ұмытпай, ана тілінде алғашқы бастауыш білімдерді ғылыми негізінде алу мақсатында бұл мектептің мәртебесін үнемі көтеріп отыру керек, деген ұлы педагог. Елдің, мемлекеттің, халықтың еркіндігін, бостандығын сақ­тай­тын күшті құралдың бірі – ана тілінде оқытатын мектептердің саны мен са­па­сын кеңейту. Мектептің оқу бағдарламасын жасап, жүйеленген реальды, өмір­де пайда келтіретін білімдермен қаруландыруды талап етіп, арифметика, жағра­пия, тарих, экономикалық негізі, мемлекеттің құрылуы, діни сабақтары, бо­лу тиіс, деген.
Мектеп жүйесінің үшінші сатысында Я.А.Коменский гимназия немесе ла­тын мектебін ұйымдастыру керек деген. Бұл мектепте 12 жастан 18 жасқа дейін оқушылар оқу тиіс. Латын тілі, ғылымдар жүйесі, «жеті серілік өнер», ма­те­матика, физика, жаратылыстану, тарих, этика, басқа шет тілдері – негізгі пән­де­рі болу тиіс, деген.Осы мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазған.
Мек­теп­тің сонғы төртінші сатысында академияны ашу керек деп, оған арнайы да­рындылығы бар жастарды қабылдау керек. 18 – 24 жастағы шәкірттер жо­ғары оқу орнында «пансофиялық» білімдер меңгеру тиіс (философиялық да­налық білім­дер).
Я.А.Коменский жасаған дидактикалық жүйесіндегі реформаторлық жаңалық сынып-сабақ жүйесін өңдеуі. Оқужылы, тоқсандық жүйе, демалыс күн­дер, сабақ, сынып, мұғалімнің басшылық ету рөоі, сабақтың түрлері және құрылымы, сыныптан сыныпқа көшу тәртібі т.б. жаңа ережелер әлі күнге дейін мектеп жүйесінің негізін қалайды.
Я.А. Коменскийдің негізгі педагогикалық принципі табиғатқа сәйкес, мә­де­ниетке сәйкес реальды өмірге жақын біліммен қаруландыру. «Адам табиғат­тың бір бөлігі, сондықтан оның дамуы табиғаттың жалпы заңдылықтарына сәй­кес болу керек» – принцип педагогикалық ереженің ең маңыздысы
Біз Ян Амос Коменскийді педагогиканың ғылыми негіздерін қалаушы, оны жеке ғылым саласы ретінде бүкіл әлемге танытқан ғалым- ұстаз деп білеміз. Ұлы педагогтың төрт негізгі идеясы:мектептің гуманды бағдарламасын жасау,жалпы ұлттық мектептің болуы,мектептің іс-әрекеттерін жоспарлау,ана тілінде оқыту.
Ян Амос Коменскийдің педагогикалық теорияларының қажетті белгілері:демократизм;
гуманизм;халықтық. Адамның қоғам мен табиғаттағы рөлі ту­ралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет