І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет18/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Рыцарлық тәрбиенің негізіне жеті серілік өнер кірді. Олар: атта жүруді үйрену, жүзу, найза мен қылышты игеру, фехтование, аңшылық, шахмат ойнау, өлең құрастырып, оны әйел жүрегіне жеткізу мүмкіндігі жеткізілді.
Тәрбиені ұйымдастыру төмендегідей болды:

XII ғ. Италияда университеттер пайда бола бастады, яғни, универ­ситет­тер­дің негізі қаланды. Содан кейін Сорбондық құдай мектебінің негізінде(1200) Париждік;Оксфордта (1206), Кембриджде (1231);XIV ғ. Прагада, Варшавада.Университеттер желісі тез кеңейді және дамыды. Ортағасырлық университеттердің 4 факультеті болды: өнерлік (дайын­дық) – жалпы білім берудегі мектептің рөлін атқарды. Онда «7 еркін өнер» оқы­тылды. Үлгірімі жақсы студент бакалавр дәрежесін алды. 6-7 жастан кейін оқу­ды бітіріп, факультет мүшелері алдында өз жұмысын қорғағасын, «өнер ма­гистры» дәрежесін алды. Болашақта өз білімін 6-7 жылдық құдайлық, дәрі­гер­лік, заң факультеттерінде жалғастырды. Бітірісімен ғылым докторы дәрежесін алатын болды.Ортағасырлық кезеңде схоластика дамыды. Ол ғылым мен құдай ілімін, зиялылар билігі мен христиандық сенімді жақындастыруға тырысты. Сондай-ақ, XI-XV ғғ. әмбебап философия мен теологияға айналды.Схоластика формальды-логикалық ойлауды дамытып, теологияны жан­дан­дыр­ды. Оның көрікті өкілдерінің бірі – Фома Аквинский (XIII ғ.). Уақыт өте схо­ластика ресми мағынасыз «ғылымға» айналды.
Қайта жаңғыру дәуірінде, азаматтың үш ғасырын қамтыған уақытты жұл­ға­нын өз құндылық уақыты деп мойындайға тура келеді.
Қайта жаңғыру дәуірінің педагог-ағартушылары тәрбиені сынға алып, тәр­бие­нің жаңа гумандық принципін анықтады.

  • Франсуа Рабле (1494-1553) – француз жазушысы. Өзінің «Гаргантюа и Пан­тагрюэль» деген романында сол уақыттың тәрбиесін сынға алып, ын­жыр­лық, ауру тудыратын физикалық және ақыл-ойдағы шамадан тыс ауыртпалықтан бас тартуды сөз етті.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет