Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет16/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Жазаланушылық - қылмыстың соңғы белгiсiн құрайды, өйткенi қылмыстық заң жазалау қатерiмен 
қорқытып тиым салған əрекеттi немесе əрекетсiздiктi жасау қылмыс болып саналады. Мұның өзi қылмыс 
құрамы туралы сипаттама тек қылмыстық заңда ғана көрсетiлгенiн жəне осы iс-əрекет үшiн қылмыстық 


заңның санкциясында жазалау қатерi қарастырылатынын бiлдiредi. Мұндағы жазалау қатерiмен тыйым 
салу қылмыстың жазаланушылық белгiсi болып табылады.
§ 2. Қылмыстардың түрлерi
Қылмыстық құқықта қылмыстарды белгiлi бiр критерий лерiне қарай топтарға, түрлерге жəне санаттарға 
бөлу қарастырылған. Қылмыстарды белгiлi бiр түрлерге бөлудiң негiзiнде əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк 
дəрежесi мен сипаты немесе қылмыс құрамының бiр элементi жатуы мүмкiн. Қазақстан қылмыстық 
заңындағы қылмыстарды шартты түрде мына түрлерге бөлуге болады:
I.
Қол сұғушылықтың топтық объектiсiне қарай қылмыстарды он алты топқа бөледi:
1)
Жеке адамға қарсы қылмыстар,
2)
Отбасына жəне кəмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар;
3)
Адамның жəне азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар;
4)
Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
5)
Мемлекеттiң конституциялық құрылысына жəне қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
6)
Меншiкке қарсы қылмыстар;
7)
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар;
8)
Коммерциялық жəне өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар;
9)
Қоғамдық қауiпсiздiкке жəне қоғамдық тəртiпке қарсы қылмыстар;
10)
Халықтың денсаулығына жəне адамгершiлiкке қарсы қылмыстар;
11)
Экологиялық қылмыстар;
12)
Көлiктегi қылмыстар;
13)
Мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар;
14)
Басқару тəртiбiне қарсы қылмыстар;
15)
Сот төрелiгiне жəне жазалардың орындалу тəртiбiне қарсы қылмыстар;
16)
Əскери қылмыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет