Жоба Қазақстан Республикасының Заңы «Волонтерлік қызмет туралы»


-бап. Волонтер және волонтерлік ұйым ретінде есепке алу



бет6/7
Дата01.03.2024
өлшемі80 Kb.
#493758
1   2   3   4   5   6   7
ПЗРК О волонтерской деят кз

11-бап. Волонтер және волонтерлік ұйым ретінде есепке алу

1. Волонтерлік қызметті ұйымдастыруды ретке келтіру мақсатында волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарды есепке алу (тіркеу) жүзеге асырылуы мүмкін.


2. Белгіленген тәртіппен тіркелген волонтер мен волонтерлік ұйым жоспарланған және жүзеге асырылатын волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және волонтерлік акциялар, оларды өткізу орны мен уақыты туралы, оларды өткізуге қойылатын талаптар туралы ақпарат алуға құқылы.


12-бап. Волонтерлерді үйлестіруші

1. Волонтерлерді үйлестірушіні волонтерлік қызметті ұйымдастырушы немесе волонтерлік бағдарламаны (жобаны) немесе волонтерлік акцияны іске асыруға жауапты волонтерлік ұйым тағайындайды не оны волонтерлер тобының құрамына кіретін волонтерлер өздерінің қатарынан сайлайды.


2. Волонтерлерді үйлестіруші волонтерлерге нұсқау береді, олардың арасындағы жұмысты бөледі, әрбір волонтердің жұмыс орны және көлемін айқындайды, олардың жұмысты орындауын бақылайды.
3. Волонтерлерді үйлестіруші тікелей уәкілетті мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, волонтерлік қызметті өзге де ұйымдастырушылармен және өзге де волонтерлік ұйымдармен, сондай-ақ волонтерлер топтарымен өзара іс-қимыл жасайды.
4. Волонтерлерді үйлестіруші волонтерлерге жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін және жазатайым оқиғалардан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді үйретуді қамтамасыз етеді.


13-бап. Волонтерлік ұйым

1. Волонтерлік ұйым волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) әзірлейді және іске асырады және волонтерлік қызметті ұйымдастырушымен, басқа да волонтерлік ұйымдармен бірлесіп немесе волонтерлерді дербес тарта отырып жеке өзі, волонтерлік акциялар өткізеді.


1.1. Волонтерлік бағдарламаның мақсаты волонтерлерді пайдалана отырып іске асырылатын әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар кешенін бекіту болып табылады.
1.2. Волонтерлік бағдарламаның негізгі міндеті:
- волонтерліктің инфрақұрылымын дамыту;
- азаматтар мен волонтерлік ұйымдардың волонтерлік белсенділігін ынталандыру жүйесін дамыту;
- волонтерлер мен волонтерлердің үйлестірушілерін дайындау жүйесін жетілдіру;
- әртүрлі волонтерлік ұйымдар және волонтерлік еңбекті пайдаланатын өзге де қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар арасында әріптестік өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру болып табылады.
2. Волонтерлік ұйым қызметін осы Заңның 12-бабына сәйкес жүзеге асыратын волонтерлерді үйлестірушіні тағайындайды.
3. Волонтерлік ұйымның волонтерлерді оқыту үшін білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды өтеусіз негізде тартуға, арнайы семинарлар, тыңдаулар, жұмыс бабындағы кездесулер, волонтерлердің слеттерін өткізуге құқығы бар.
4. Волонтерлік ұйым өзі белгілеген тәртіппен волонтерлерді көтермелеуді жүзеге асырады, сондай-ақ волонтерлік қызметті ұйымдастырушыға, өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарға заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу және (немесе) наградтау үшін неғұрлым ерекшеленген волонтерлердің кандидатураларын ұсынады.
5. Волонтерлік ұйым, егер бұл волонтермен жасалған жазбаша нысандағы азаматтық-құқықтық шартта көзделген жағдайда, волонтерге арнайы киім береді және оның жол жүруіне, тұруына, тамақтануына, қажетті жеке қорғану құралдарын, құрал-саймандарды сатып алуына жұмсаған шығыстары мен өзге де шығындарын өтейді.
6. Волонтерлік ұйым волонтер этикасының кодексін әзірлейді және бекітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет