Жоғары және орта мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздері пәні бойынша ДӘріс тезистері


Білім алушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдері



бет11/41
Дата17.03.2022
өлшемі1.59 Mb.
#456384
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Фоә

Білім алушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдері.


  • Физика бойынша білім алушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау

    Дәрістің қысқаша мазмұны:


    1. Білім алушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдері.
    Білім алушылардың үлгерімін тексеруді дұрыс ұйымдастыру олардың жұмыстарына бақылау жасау үшін қажет. Ол білім алушылардың ой-өрісінің дамуына, олардың ойлауы мен сөйлеуіне әсер етеді, олардың білімдерін жүйеге түсіреді, сондай-ақ мұғалімнің қолданған әдісінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Білім алушылардың өздерінің оқу еңбегіне есеп беріп тұруы оларды жауапкершілікке тәрбиелейді.
    Физикадан үлгерімді тексеруге – білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру кіреді. Білім алушылардың үлгерімін тексерудегі негізгі талаптарға – тексерудің жүйелілігі және бағаның әділ қойылуы жатады.
    Білім алушылардың физикадан білімін ауызша және жазбаша, ал іскерліктер мен дағдыларды эксперименттік және графиктік есептерді шығарудың, бақылау және лабораториялық жұмыстардың көмегімен тексереді.
    Білім алушылардың білімін тексерудің ең кең тараған түрі – ауызша тексеру. Оның көмегімен мұғалім мен білім алушының арасында тікелей байланыс жүзеге асады. Білімді ауызша тексеруді сабақтың барысында, қайталау уақытында және жаңа материалды оқып үйренуге дайындық кезінде, сабақтың соңында өткізуге болады.
    Білімді ауызша тексеру тәсілі екі формада: жеке және жаппай өтеді.
    1) жеке дара сұрауда білім алушылардың бірі тақтада физикалық құбылысты, заңды немесе құрылғының, приборлардың жұмыс істеу принципін, есептің шешуін жүйелеп түсіндіреді, тәжірибелер жасайды.
    2) білімді жаппай тексеруді сабақтың кез-келген кезеңінде өткізуге болады: материалды қайталағанда, жаңа материалды оқып үйрену процесінде және т.б.
    Білімді тексерудің жазбаша тәсілі бақылау жұмыстарын, тест тапсырмаларын өткізу жолымен жүзеге асады. Жұмыстың ұзақтығы түрліше болуы мүмкін: 10-15 минуттан бір сабақ бойына дейін. Бір сағаттық бақылау жұмысын бір тоқсанда бір-екі рет өткізеді.
    Жеке-дара практикалық тексеруде білім алушы қандай-да бір тәжірибені қайталап көрсетіп береді, прибордың, машинаның құрылысын, жұмыс істеу принципін түсіндіріп береді немесе физикалық шамаларды өлшеу тапсырмасын орындайды.
    Жаппай практикалық тексеруде мұғалім бүкіл сыныпқа тапсырма береді де, жұмыс барысын қадағалайды. Мұғалім өзінің бақылауларына және оқушылардың жазбаша есеп беруін негізге ала отырып баға қояды. Мұндай жұмыстардың қатарына лабораториялық жұмыстарды жатқызуға болады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет