Жоспары: Педагогикалық тәжірибе және озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым, маңызды белгілері


Шығармашылық топ қызметінің мақсаты мен міндеттері



бет7/9
Дата27.09.2023
өлшемі97.86 Kb.
#478786
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Озат тәжірибе (1)

2. Шығармашылық топ қызметінің мақсаты мен міндеттері
2.1. Мектептегі шығармашылық топ қызметінің мақсаты мектеп педагогтарының кәсіби қарым-қатынасын орнатуға жағдай құру, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту, кәсіби біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және жетілдіру.
2.2. Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешіледі: 
ортақ қызмет барысында кәсіби мәселелерді, оқыту және тәрбиелеу қиындықтарын шешу, инновациялық үрдісті меңгеруде бір-біріне көмек беру. шығармашыл пікірлес-педагог ұжымын қалыптастыру. жаңа педагогикалық әдістемелерді, технологияларды, дидактикалық материалдарды, сабақ конспектілерін дайындау, құру, апробациялау және кеңінен тарату.
3. Шығармашылық топ қызметін ұйымдастыру
3.1. Шығармашылық тобы мектепке дейінгі білім беру ұйымы педагогтарының немесе әкімшіліктің бастамасымен құрылады. Шығармашылық топ қызметі осы Ережемен және шығармашылық топтың ағымдық оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен реттеледі. 
3.2. Шығармашылық тобы еңбек өтілі әртүрлі педагогтардың қандай да бір мәселеге қызығушылықтарының бірлігі негізінде ерікті бас қосқан топ болып табылады.
3.3. Педагогтарының шығармашылық тобы ағымдық оқу жылына арналған өз жұмысының жоспарын құрады. 
3.4. Шығармашылық топ жетекшісі шығармашылық топ мүшелері таңдаған және ұжымның нәтижелі қызметінің формаларын ұйымдастыру дағдыларын меңгерген педагог болып табылады. Жетекші шығармашылық топ жұмысының тақырыбын, әдістері мен формаларын құру стратегиясын ұсынады, материалдарды қорытады, жүйелейді, ұсыныстарды талдайды және оларды топ талқысына шығарады..
3.5. Шығармашылық тобы барлық мәселені алқа болып шешеді, әрқайсысы қарастырылған тақырыпты дайындауға қатысады.
Педагогтар – шығармашылық топ мүшелері өзіндік практикалық материалдарын ұсынады, топ жетекшісінің және ұжымның шығармашылық тапсырмаларын орындайды, ұсынылған материалдарға қатысты өз пікірін білдіреді.
3.6. Шығармашылық топ отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі.
3.7. Шығармашылық топ жұмысының формасы іс-әрекеттің нәтижелі сипатында болады: теориялық баяндамалар, хабарламалар, семинар-практикумдар, пікірталастар, пікірсайыстар, іс-әрекеттің ашық көрсетілімі.
3.8. Шығармашылық топ жұмысының қорытындысы педагогикалық кеңесінде тыңдалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет