Кіріспе бөлім. ҚАрым-қатынастың ҚҰрылымы мен психологиялық функциялары


Әдемілігіңіз ішкі әлеміңізге сай ма?



бет8/8
Дата04.07.2016
өлшемі0.73 Mb.
#178365
1   2   3   4   5   6   7   8

Әдемілігіңіз ішкі әлеміңізге сай ма?

Мақсаты: оқушылардың өзіндік бағалауын, қарым – қатынасын анықтауға арналған.

Барысы: оқушыларға сұрақтар оқылады,сол сұрақтарға жауап беруі керек. олардың бірнеше жауаптары бар.

Сұрақтар.



  1. Жақсы әшекей бұйымды сатып аларда бірінші нені басшылыққа аласыз?

А) неғұрлым қымбат болса, соғұрлым тәуір

Б) өзіме ұнағанын аламын

В) елдің кеңесіне сүйенемін


  1. Сыйланған сыйлықтың қайсысы көбірек қуантады?

А) әдемі гүл

Б) қымбат иіс суы

В) шын көңілмен берілген кез –келген сыйлық


  1. Жаңа киім таңдағанда нені басшылыққа аласыз?

А) жаңа үлгідегі киімдерді таңдаймын

Б) өзіме ұнағанын

В) ақшама қараймын


  1. Сіз тігуге тапсырыс берген киім дайын болды. Бірақ сізге үйлессімсіз. Сіз не істейсіз?

А) қайта жөндеуге беремін

Б) көңіл күйім бұзылып шкафқа лақтыра саламын

В) жақындарымның біріне сыйлай саламын


  1. Жолдасыңыздың костюмінде ұсақ долақтар бар болса, оған қандай көйлек таңдар едіңіз?

А) сондай жолағы бар

Б) бір түстісін

В) түсі сәйкес келетін сәнді көйлек






1

2

3

4

5

А

Б

В



4

3

2



4

2

3



2

4

3



3

4

2



3

2

4



Қорытынды


10 –13 ұпай

Сіз өзіңізге аса қатты сын көзбен қарайсыз. өзіңізге көңіліңіз толмайды. Есіңізде болсын өзін сыйламаған адамдарды өзге де көзге ілмейді. Тым сыпайысыз. Басты кемшілігіңіз - өзіңізге сенбейсіз. өз пікіріңізден гөрі елдің сөзіне құлақ асқанды жөн көресіз. өміріңізді өзгерткіңіз келсе өзіңізге көп көңіл бөліңіз.

14-17 ұпай

Өзіңізге сенімдісіз. Нәзік тартымды жансыз. Айналадағы адамдармен тіл табыса аласыз. өзгелер сыртыңыздан қызыға қарайды, кейбіреулер тіптен сізге ұқсағысы келеді. Ал сіз өзіңізге не қолайлы не қолайсыз, не үйлеседі, не үйлеспейді, кімге ұнайсыз кімге ұнамайсыз әрдайым біліп жүресіз.

18-20 ұпай

Тым тәкаппарсыз. Басқаны көзге ілмейсіз. Көкірек кере берсеңіз елді мезі етесіз. Сәл жұмсарып кіші пейіл болуға тырысасыз, қиналған адам көрсеңіз көмегіңізді аямаңыз.

5 қосымша.
Тест. “ Өмірлік тәжірибе туралы ойланайық”
Мақсаты: орта және жоғарғы сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиелілігін анықтау.

Жүргізілу жолы: тест өткізілуінің сәтті болу үшін қатысушылардың ақиқат жауаптары қажет. Бұл үшін анонимділік үлгісін таңдағаныңыз (парақтың бұрышына ұл бала – ұ, қыз бала –қ деп белгіленсе жеткілікті.

Нәтижені өңдеу қолайлы болу үшін төмендегідей парақ дайындалады.


Сұрақ №

Жауап әріптері


А

б

в

1










2










3










4










Дауыс ырғағы жауап таңдауға әсер етпес үшін тест сұрақтары біріңғай қоңыр дауыспен оқылады.

Оқушылар ұсынылған жауаптардың бірін (а,б,в)* белгісімен белгілеуі қажет.


  1. Сіздің жолыңызда адам тұр. Сізге өту қажет. Сіздің әрекетіңіз?

А) айналып өтемін

Б) адамды жылжытамын да өтемін

В) көңіл күйіме байланысты


  1. Қонақтар арасынан сырт келбеті көріксіз жалғыз отырған қызды (ер баланы) байқадыңыз. Не істейсіз?

А) ешнәрсе, менің жұмысым қанша,

Б) алдын-ала білмеймін, жағдайға байданысты

В) барып дереу ғңгімеге тартамын


  1. Сіз мектепке асығып барасыз. Жолда бір адамға нашар болып қалды. Не істейсіз?

А) мектепке асыығамын.

Б) егер біреу көмекке ұмтылса менде барамын

В) 03 хабарлап, өтіп бара жатқандарды тоқтатамын.


  1. Сіздің таныстарыңыз жаңа пәтерге келіп жатыр. Олар жасы келген адамдар, сіз не істейсіз?

А) өз көмегімді ұсынамын

Б) мен біреудің өміріне араласпаймын

В) егер сұранса, әрине көмектесемін


  1. Сіз құлпынай сатып алып жатырсыз. Сатушы сізге соңғысын өлшеп берді. Сіздің артыңыздан ауруханадағы ұлына апарғысы келгенін бірақ құлпынайдың жетпей қалғанын айтқан өкінішті дауысты естідіңіз. Не істер едіңіз?

А) әрине өкініш білдіремін, бірақ біздің қиын уақытта не істейсің?

Б) бұрылып жартысын ұсынамын

В) білмеймін, менің өзіме де қажет болатын шығар


  1. Сіздің таныстарыңыздың бірі әділетсіз жазаланғанын естідіңіз. Бұл жағдайда не істейсіз?

А) қатты ашуланып өкпелеткен адамды соңғы сөздеріммен балағаттаймын

Б) ешнәрсе, өмір әділетсіз

В) өкпелеген адамды жақтаймын


  1. Сіз кезекшісіз. Еденді сыпырып жүріп ақша тауып алдыңыз. Не істер едіңіз?

А) мен тауып алдым, енді менікі болады

Б) ертең кім ақша жоғалтқанын сұраймын

В) мүмкін өзіме қалдыратын шығармын


  1. Емтихан тапсырып жатырсыз. Неге сүйенесіз?

А) көмекші қағаздар (шпаргалка) әрине, емтихан- бұл лоторея,

Б) емтихан алушының шаршағанына

В) өз біліміме


  1. Сізге кәсіп таңдау қажет. Сіз мұны қалай жасайсыз?

А) үйдің жанынан табамын

Б) жоғары жалақысы бар жұмыс істеймін

В) жер бетінде құнды нәрсе жасағым келеді


  1. Ұсынылған саяхаттың 3 түрінің қайсысын қалайсыз?

А) Қазақстан бойынша

Б) экзотикалық елдерге

В) дамыған жетекші елдердің біріне


  1. Сіз сенбілікке келдіңіз, бірақ еңбек құралдарының барлығы таратылып кеткен. Сіз не істейсіз?

А) әңгіме айтып тұрамын ар жағы белгілі болады

Б) келгендерді белгілеп жатпаса дереу үйге қайтып кетемін

В) біреумен қосылып жұмыс істеймін

Сиқыршы сізге ешқандай жұмыс істемей – ақ қамтамасыз етілген өмір ұсынып тұр. Бұл сиқыршыға сіз не деп жауап берер едіңіз?

А) алғыс айтып келісе кетемін

Б) бірінші біліп аламын қанша адамды мұндай өмірмен қамтамасыз еткенін

В) бас тартамын

13 сізге қоғамдық тапсырма берілді. Оны орындағыңыз келмей тұр. Не істер едіңіз?

А) ол туралы ұмытып кетіп, тек талап етілгенде ғана есіме түсіремін

Б) әрине орындаймын

В) есіме түсірмес үшін себебін іздеп қашқақтаймын

14 Сіз керемет танымал емес музейде болдыңыз. Бұл туралы біреуге айтасыз ба?

А) иә, дереу айтып оларды музейге апаруға тырысамын

Б) білмеймін

В) неменеге айтамын, әркім өзіне қажеттіні өзі шешсін


  1. Ұжым үшін кім пайдалы іс орындай алатындығы жөнінде мәселе көтерілді. Бұл сәтте сіз не істер едіңіз?

А) қолымды көтеріп жұмысты жасағым келетінін айтамын

Б) менің фамилиямды біреудің айтқанын күтіп отырамын

В) келісуге мен өз уақытымды бағалаймын


  1. сіз жолдастарыңызбен шуақты жылы күнде саяжайға жиналдыңыздар. Сізге телефон соғып маңызды, ортақ іс үшін жол жүруіңізді кейінге қалдыруды сұранады сіз не істейсіз?

А) жоспарға сәйкес саяжайға кетемін

Б) бармаймын әрине қаламын

В) менің жолдастарымның не айтатынын күтемін


  1. Сіздің ит асырағыңыз келеді. Үш нұсқаның қайсысын таңдайсыз?

А) үйсіз күшік

Б) сізге ұнайтын тамымал ересек ит

В) сирек тұқымды қымбат ит


  1. Жұмыстан дем алуға жиналдыңыз. Сізге “ маңызды іс бар” - деп айтып жатыр. Не істер едіңіз?

А) демалысқа құқым бар екенін еске саламын

Б) істеймін

В) басқалары не айтатынына қараймын


  1. сізбен балағаттап сөйлесті. Бұған қалай қарайсыз?

А) солай жауап беремін

Б) мұнда тұрған ешнәрсе жоқ деп елемеймін

В) байланысымды үземін


  1. Сіз скрипкада нашар ойнайсыз (немесе басқа музыкалық аспапта). Сіздің ата-анаңыз сізді қайта-қайта мақтап қонақтарға ойнап беруді сұранды. Не істер едіңіз?

А) ойнап беремін

Б) ойнамаймын

В) мақтағаны жағымды, бірақ ойнаудан қашқақтап себеп табамын.


  1. Қонақ шақыруды ойладыңыз. Қай нұсқаны дұрыс көресіз?

А) барлық асты өзіңіз дайындайсыз

Б) “ кулинария” дүкенінен жартылай фабрикаттар сатып алу.

В) қонақтарды кафеге шақырамын


  1. Мектепті ерекше бір жағдаймен жауып тастады деп естідіңіз. Бұл жаңалықты қалай қабылдайсыз?

А) қатты қуанамын, қыдырамын

Б) мазасызданамын, өзіндік білім алуға жоспар құрамын

В) жаңа хабарларды күтемін


  1. Сіздің көзіңізше сіздің жолдастарыңызды мақтап жатса, сіз өзіңізді қалай сезінесіз?

А) қатты қызғанамын, маған жайсыз

Б) мен қуаныштымын, өйткені менің өзімнің де жетістіктерім бар

В) басқалары сияқты мен де қошеметтеймін


  1. Сізге ерекше қызыл қаламсап сыйлады. Көшеде сізге екі бала кездесіп, сыйлықты беруін талап етті. Не істейсіз?

А) беремін, денсалық қымбат

Б) олардан қаламсап жоқ деп қашып кетуге тырысамын

В) сыйлықты бермеймін, күресе кетемін


  1. Жаңа жыл жақындағанда нені жиі ойлайсыз?

А) жаңа жылдық сыйлық туралы

Б) каникул мен еркіндік

В) қалай өмір сүрдім, енді жаңа жылда қалай өмір сүремін


  1. Музыканың сіздің өмірдегі ролі

А) ол маған би үшін қажет

Б) рухани жоспарыма ләззат сыйлайды

В) ол маған қажет емес


  1. Үйден ұзаққа кеткенде өзіңізді қалай сезінесіз?

А) туған жерім түсіме енеді

Б) үйде болғаннан гөрі өзімді жақсы сезінемін

В) байқамаймын


  1. Ақпараттық телебағдарламаларды көргенде кейде сіздің көңіл күйіңіз бұзылады ма?

А) жоқ, егер менің тірлігім жақсы жүріп жатса

Б) иә, қазіргі уақытта жиі бұзылады

В) байқамадым


  1. Сізге алыс, таулы ауылға кітап беріп жіберу ұсынылды. Сіз не істейсіз?

А) қызықтыларын таңдап алып келемін

Б) менде қажетсіз кітап жоқ

В) егер бәрі әкеліп жатса менде әкелемін


  1. Жердегі қымбат бес орынды, бес қымбат тарихи жиынды,бес қымбат ұлы адамдардың есімін атай аласыз ба?

А) иә, атай аламын

Б) жоқ, өмірде қызық нәрсе көп

В) ойланбаппын, санау керек екен


  1. Адамның жасаған ерлігі туралы естігенде басыңызға қандай ой келеді?

А) бұл адамның өзінің жеке қызығушылығы болған

Б) атын шығаруға сәті түсті

В) көңілім толып қатты таң қаламын
Шынайы жауабыңыз үшін рахмет!
Алынған нәтижелерді өңдеу: оқушылар әрбір таңдауда жасаған таңдау санын есептеп жалпы оқушылардың санының пайызын шығару қажет. 10,17,21,25,27 нөмірлерінің жауаптары есепке қосылмайды.

Жеткілікті адамгершілікті: оқушыларда адамгершілікті тәрбиенің жеткіліктілігі және “ басқа адамға” бағытының қалыптасуыкелесі нұсқаларда 13 санынан асқан жағдайда көрсетіледі.

А бағаны а * сұрақтары 1,4,14,15,27,29,30

Б бағаны б * сұрақтары 5,7,13,16,18,20,22,23,28

В бағаны в * сұрақтары 2,3,6,8,9,11,12,19,24,31
Кейбір өнегесіздік өзімшілдік позицияны таңдау саны келесі нұсқаларда 13 санынан асқан жағдайда көрсетеді:

А бағаны 2,3,5,7,8,12,13,16,18,20,22,31

Б бағаны 1,4,6,9,11,19,27,29,30

В бағаны 14,15





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет