Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже


Дескрипторлар мен бағалау критерийлерін ұсыну



Pdf көрінісі
бет37/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

5.Дескрипторлар мен бағалау критерийлерін ұсыну. Оқушыларға берілетін
тапсырманың орындау қадамдары мен бағалау критерийлеріне бөлімде берілген
грамматикалық тақырыпты қамтып, емле, тыныс белгілерін міндетті түрде
қосамын. Бұл әрекет оқушының тапсырманы жауапкершілікпен түсініп
орындауына, әдеби тіл нормаларының назардан тыс қалмауына, сауаттылық
деңгейінің артауына мүмкіндік берді.
Міне, осындай озық идеямен астасқан оқыту мен оқудағы белсенді әрекеттер бір-
бірімен үйлесіп, оң нәтижесін бергенде ғана педагогикалық шеберліктің
палитрасы құралады!
6.Әр тапсырмадан кейін кері байланыс пен сабақ соңында рефлексия
жүргізіп, оқушының тілдік бірліктерді орынды қолдануына кедергі келтіретін
тұстарды анықтап, түзету, толықтыру жұмыстарын жүргіземін.


7.Тиімділікті анықтау. Таңдалған әдістердің тиімділігін оқу мақсатына жету-
жетпеуінен, жиынтық бағалау нәтижелерінен, түрлі білім сынақтарынан анықтап,
жұмысыма талдау жүргіздім. Сабақ беретін сыныптарымда білім сапасының
артуынан, оқушыларымның білім, білігін, шығармашылығын, интеллектуалды
қабілетін танытатын түрлі конкурстарда жоғары жетістіктерге жетуінен
грамматикалық тақырыптарды мәнмәтінде меңгертудің тиімді тәжірибесін
қалыптастырғанымды ұқтым. Солардың ішінде негізгі жетістіктермен
таныстырайын. 
 «Қазақ тілі» пәнінен 10-сынып оқушыларының білім сапасының 
3 жылдық көрсеткіші
2020-
2021; 
60%
2021-
2022; 
67%
2022-
2023; 
82%
Оқушыларымның пәндік олимпиадаларда білім жетістіктері
Сабақ – білім негізін қалаудың, оқушының дарындылық қабілетін шыңдаудың
негізгі ортасы десек, теориялық білімді дұрыс меңгертудің, саралау жұмысын
жүргізудің нәтижесінде оқушыларым пән бойынша терең білімін таныта бастады.
2021-2022 оқу жылында оқушым Ә.С.жалпы білім беретін пәндер бойынша
республикалық пәндік олимпиаданың қалалық, облыстық кезеңінде І орын
жеңімпазы, 2023 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық
олимпиаданың жеңімпазы, Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен пәндік
олимпиаданың облыстық кезеңінде ІІІ орын жүлдегері, қалалық «Абайтану»
олимпиасында ІІ орын жүлдегері, «Ақберен» байқауында «Эссе жазу»
номинациясы бойынша ІІ орын жүлдегері, оқушым М. Ж. облыстық «Ұлт бірлігі
– болашақ негізі» эсселер конкурсының ІІ орын жүлдегері атанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет