Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты күндізгі және сырттай оқыту нысандары бойынша экономикалық мамандықтар студенттері үшін диплом



бет3/5
Дата01.07.2016
өлшемі476.5 Kb.
#171293
1   2   3   4   5

3.2 Диплом жұмысына материал жинау
Жұмыстың негізгі бөлімі диплом алдындағы тәжірибені өту барысында орындалады.

Диплом алдындағы тәжірибеде диплом жұмысын жазу үшін материалдар жиналады. Оның негізгі мазмұны диплом жұмысының міндеттеріне сай анықталады. Материалдарды жинау ұйымның құрылымын, технологиясын, өндірістің ұйымдастырылуын, экономикасын мұқият зерттеуден басталады, содан кейін ұйымның қаржылық қызметін сипаттайтын мәліметтер жиналады.

Жұмыс орнында студент тақырып бойынша сандық мәліметттерді жинақтап, зерттеп, жалпылап, одан кейін талдап, сәйкес қорытынды жасайды, нақты бір жұмыс участогы бойынша жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді, оны тәжірибе бойынша жетекшімен немесе мамандармен талқылап келіседі.

Ұйымның жұмысын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштердің маңызды көзі мемлекеттік және басқа да оперативтік, статистикалық және бухгалтерлік есептер, ағымдағы және перспективалық жоспарлар болып табылады. Сонымен қатар ұйымның бірнеше жылдық есептерімен танысу керек, ол көрсеткіштерін динамикасын алуға мүмкіндік береді.

Материалдар жиналғаннан кейін тапсырмаға сай нақты сұрақтың талдауы жасалады. Бұл жерде диплом жұмысын жазушының сыни және творчестволық қабілеті көрінеді.

Диплом жұмысын дайындауда студент саланы дамыту бойынша қабылданған мемлекеттік шешімдерді басшылыққа алуы керек. Диплом жұмысының тақырыбына қатысты жағдайды білудің қажеттілігі, алдыңғы қатарлы ғылым жетістіктерін қолдану қажеттігі студенттің келесілерді кеңінен қолдануын қажет етеді: 1. заң актілерін; 2. Әдеби және нормативтік көздерді; 3. Басқа да материалдарды.




3.3

Жұмысты ұйымдастыру және диплом жұмысын орындау барысын бақылау

Дипломдық жұмысты сапалы және өз уақытында орындау, қабылданған шешімдердің дұрыстығы бойынша барлық жауапкершілікті студент – диплом жұмысының авторы өз мойнына алады.

Дипломдық жұмыс бойынша студентке көмек көрсету үшін аса маңызды сұрақтар бойынша кеңес беру ұйымдастырылады. Жұмыстың жетекшісі студентке жиналған материалдарды, әдебиет көздерін, зерттеу мәліметтерін дұрыс қолдануға көмектесіп, жұмыстың жекелеген бөлімдерін орындаудың күнтізбелік мерзімдерінің сақталуын бақылайды.

Дипломдық жұмыс бойынша жұмыс істеу барысында 3-4 процентовка жүргізіледі, онда диплом жазушы арнайы комиссия алдында алдын-ала алынған нәтижелер, орындалған есептеулер, графиктік материалдарды көрсетеді.

Диплом жұмысының орындалу барысын бақылаудың мақсаты студентке оны орындау бойынша оперативті көмек көрсету және оны мерзімінде аяқтауды қадағалау.

Бірінші тексеру диплом алдындағы тәжірибеден кейін ұйымдастырылады, оған студент диплом жұмысы бойынша бекітілген тапсырма, тапсрымаға сәйкес жинақталған барлық материалдарды әкеледі. Бұл тексерудің нәтижесінде студент диплом жұмысын орындауға жіберіледі.

Диплом жұмысын орындау бойынша кезең сайын есеп беру мерзімін факультет деканы бекітеді. Бекітілген мерзімде студент жетекші және кафедра (диплом жұмысын орындау барысын қадағалау комиссиясы) алдында есеп береді, олар өз кезегінде жұмыстың дайындық деңгейін тіркейді. Тексеру қорытындысы кафедра мәжілісінде қарастырылып факультет деканатына мәлімет беріледі, соның нәтижесінде диплом жұмыстарын өз уақытында және сапалы орындау бағытында нақты шешімдер қабылданады. Сонымен қатар, бітіртуші кафедра жүйелі түрде диплом жұмысының жетекшілерінің диплом жұмысының орындалу барысы туралы ақпаратын тыңдап отырады.

Дипломдық жұмысты орындаушы диплом жұмысын толық көлемде, тапсырмада бекітілген уақытында аяқтауы керек. Аяқталған жұмысқа дипломдық жұмысты орындаушы, ғылыми жетекші, норма бақылаушы қол қояды.

Аяқталған диплом жұмысы жетекшінің пікірімен бітіртуші кафедраның меңгерушісіне ұсынылады, ол дипломдық жұмысты қорғауға жіберу туралы мәселені шешіп, жұмысқа қол қояды. Қажет болған жағдайда қорғауға жіберу немесе жібермеу туралы мәселе кафедра мәжілісінде қаралады.

Бекітілген талаптарға сәйкес келетін дипломдық жұмыстарды кафедра рецензиялауға жібереді, рецензиялау диплом жұмысын қорғау мерзімінен кемінде бес күн бұрын жүргізілуі керек.




    1. Ғылыми жетекшінің міндеті

Бітіртуші кафедраның ұсынысы бойынша профессорлар, доценттер, неғұрлым тәжірибелі оқытушылар арасынан ректордың бұйрығы бойынша ғылыми жетекшілер тағайындалады. Жетекші ретінде сонымен қатар басқа ұйымдардағы ғылыми қызметкерлер, біліктілігі жоғары мамандар тағайындала алады.

Ғылыми жетекші студентке ғылыми-әдістемелік көмек ұсынады. Ол:


    • дипломдық жұмыстың жоспарын жасауға қатысады, жоспар уақыт өте келе нақтылануы мүмкін ;

    • дипломдық жұмысты орындау тапсырмаларын береді;

    • студентпен бірге дипломдық жұмыстың орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік жоспар кестесін жасайды. Күнтізбелік жоспар кесте – бұл студент пен ғылыми жетекшінің біріккен жұмысын анықтайтын жұмыс құжаты болып табылатындықтан пікір және рецензиямен бірге дипломдық жұмыстағы конвертке салынады;

    • студентке дипломдық жұмыстың мазмұнына байланысты қажетті негізгі, анықтамалық, статистикалық әдебиеттер және т.б. көздер бойынша кеңес береді;

    • күнтізбелік жоспар кестеге сәйкес белгіленген жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын қадағалай отырып, кеңес беру кестесін құрайды;

    • диплом жұмысының (жобаның) барлық тарауының көлемін белгілейді және диплом жазушы мен кеңес берушінің жұмысын үйлестіреді.

    • дипломдық жұмыстың орындалуы аяқталғаннан соң, жұмыс жайлы пікір жазады. Оның мазмұны белгіленген талаптарға қаншалықты сәйкес екенін көрсетіп, қысқаша мінездеме береді.

Аяқталған дипломдық жұмысты студент өз қолын қойып ғылыми жетекшісіне ұсынады. Қарап шыққаннан кейін ғылыми жетекші диплом жұмысына жазбаша пікір жазады. Мақұлдаған жағдайды ғылыми жетекші диплом жұмысына қол қойып, қорғауға жібері туралы жазбаша пікірімен кафедра меңгерушісіне ұсынады. Мақұлдамаған жағдайда жетекші диплом жұмысына қол қоймайды, бірақ жазбаша пікір жазып онда өзінің қорғауға жібермеу туралы шешімін негіздейді.

Аталған материалдар негізінде кафедра меңгерушісі диплом жұмысы бойынша соңғы шешім қабылдап, титулдық парақта сәйкес жазу жазады. Кафедра меңгерушісі студентті қорғауға жіберуге болмайды деп есептеген жағдайда бұл мәселе міндетті түрде студенттің және ғылыми жетекшінің қатысуымен өтетін кафедра мәжілісінде қарастырылады. Кафедра мәжілісінің қаулысы бекіту үшін декан арқылы Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ ректорына ұсынылады.

Ғылыми жетекші диплом жұмысына жазбаша пікір беруге міндетті.

Жұмыс тақырыбы бойынша ғылыми жетекшінің пікірінде келесілер болуы керек:



  1. Тақырыптың өзектілігі, оның экономикалық қарым-қатынастар жүйесіндегі ролі, экономиканың даму тенденциясына сәйкестігі. Аталған тақырыпты қарастырудың қажеттігі.

  2. Жұмыс құрылымының негізгі ерекшеліктері, тараулардың (бөлімдердің) қысқаша сипаттамасы, жұмыс тақырыбының бөлімдер мазмұнына сәйкестігі. Тақырыптың қажет сұрақтарының толық баяндалуы.

  3. Тақырып сұрақтарын баяндаудың теориялық негізделгендігі, әдеби көздерді қолдана білуі.

  4. Тәжірибелік материалдарды талдау әдістерін меңгергендік дәрежесі: тереңдігі, жүйелілігі, есепті қолдана білуі.

  5. Практикалық мәліметтерді қолдану көлемі, оларды талдау сапасы.

  6. Қорытынды, ұсыныстардың қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы объективті қажеттіліктерге сәйкестігі, оларды нақты экономикалық өмірде қолдану мүмкіндігі.

  7. Дипломдық жұмыстарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі (мазмұны бойынша, көлемі, рәсімделуі бойынша).

  8. Автордың өз беттілік және жеке дара творчестволық дәрежесі.

  9. Жұмыстың оң және кері жақтарының сипаттамасы, кемшіліктер, қателер.

  10. Қорғауға жіберу туралы ұсыныс.

Пікірдің соңында келесідей қорытынды жасалады: «Дипломдық жұмысжоғары мектеп қоятын талаптарға сай келеді (келмейді) және қорғауға жіберіледі (жіберілмейді)».

Пікір құрылымының үлгісі қосымшада берілген.




    1. Диплом жұмысына сын-пікір берушінің міндеті

Бітіртуші кафедра ұсынған дипломдық жұмысты факультет деканы сын-пікір берушіге жібереді.

Сын-пікір берушілердің тізімін өндіріс, ғылым саласы мамандары арасынан бітіртуші кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша ректордың бұйрығымен бекітеді. Сын-пікір берушілер ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері, оқытушылары шақырылуы мүмкін.

Сын-пікір берушілердің қорғалатын диплом жұмысы профиліне сай базалық жоғары білімі немесе ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы болуы керек.

Сын-пікір (Қосымша) диплом жұмысының сапасын бағалайтын қорытынды тексеру нәтижесі болып табылады. Сондықтан сын-пікір беруші келесілерді көрсетуі керек:


  1. Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және тәжірибелік маңыздылығы.

  2. Дипломдық зерттеу тақырыбының берілетін біліктілік бойынша маман даярлау профиліне сәйкестігі.

  3. Қорытындылар мен ұсыныстардың өз беттілігі және ерекшелігі.

  4. Жағымды жақтары, кемшіліктер және дау туғызатын ұйғарымдар.

  5. Диплом жұмысының кәсіпорын үшін құндылығы.

  6. Жұмысты рәсімдеу сапасы, қорытындылар мен ұсыныстардың болуы.

  7. Студенттің ЖОО алған білімін тәжірибелік міндеттерді шешуде қолдана білуі, мәселені шешу дәрежесі, зерттеудің аяқталғандық дәрежесі.

  8. Балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалауды және сәйкес академиялық дәреже немесе біліктілік беру мүмкіндігін көрсете отырып аргументтелген қорытынды.

Сын-пікір фирмалық бланкте жазылып, мөр басылып, сын-пікір берушінің қолы қойылады. Онда сын-пікір берушінің лауазымы, ғылыми дәрежесі және жұмыс орны мен мерзім қойылады. Сын-пікірді диплом жұмысымен бірге сын-пікір беруші кафедраға жібереді Сын-пікірдің мазмұнымен студент және оның ғылыми жетекшісі МАК (Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы) мәжілісіне дейін танысады.
4 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
4.1 Диплом жұмысын рәсімдеу бойынша талаптар


  1. Диплом жұмысының мәтінін баяндау және рәсімдеу осы әдістемелік Ереженің талаптарына сәйкес орындалады. Диплом жұмысының мәтінінің парақтары және диплом жұмысына енгізілген суреттер мен кестелер А4 форматына сәйкес болуы керек.

2. Диплом жұмысы компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты «Times New Roman», кегль 14. Диплом жұмысының көлемі 60-90 бет.

Диплом жұмысының мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.

Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.

Дипломдық жұмыстағы тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі.

Жалқы есімдерді қысқартып келтіруге, ұйымдар мен кәсіпорындардың атауын көрсетуге рұқсат етіледі.

Диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», сонымен қатар тараулардың атаулары құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс, оларды беттің жоғары жағында ортасында бас әріптен бастап, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай толық шрифтпен басу қажет.

Диплом жұмысын бөлімге және бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.

Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.

Дипломдық жұмыстың тарауларының бүкіл құжат шегінде реттік саны болу қажет. Олар нүктесіз араб сандармен белгіленген және абзацтан жазылуы тиіс. Бөлімшелер (параграфтар) әр тараудың шегінде реттік саны болуы керек. Бөлімшенің реттік саны тарау мен бөлімшелердің нүкте арқылы бөлінген реттік санынан тұрады. Бөлімшенің реттік санының соңында нүкте қойылмайды. «Тарау», «бөлімше» сөздері тақырыпшада жазылмайды. Дипломдық жұмыстың әр тарауын жаңа беттен бастау керек. Бір тараудың ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.

Дипломдық жұмыстың «Мазмұнына» тараулар мен бөлімшелердің беттері көрсетілген нөмірлері мен атаулары кіреді. «Мазмұны» деген сөзді бас әріптермен тақырыпша ретінде мәтінге симметриялы түрде жазады.

Кіріспе, тараулар, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және әр қосымша жаңа беттен басталады.

Мәтіндегі абзац мөлшері бес белгіге тең (1,0 см).

Диплом жұмысының беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды. Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер және ЭЕМБ арқылы жасалған басылымдар диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.
Мысал:

1 Типтер мен негізгі мөлшерлер

1.1

1.2 } Диплом жұмысының бірінші тарауы пунктерінің номерленуі

1.3

2 Техникалық талаптар

2.1

2.2 } Диплом жұмысының екінші тарауы пунктерінің номерленуі

2.3
Егер диплом жұмысында бөлімшелер бар болса, онда пункттердің номерленуі бөлімше шеңберінде болуы керек, пункттің номері тараудың, бөлімшенің номерлерінен тұрады. Номердің соңында нүкте қойылмайды.
Мысал:

3 Сынау әдістері

3.1 Аппараттар, материалдар және реактивтер

3.1.1

3.1.2 } Үшінші тараудың бірінші бөлімшесі пункттерінің номері

3.1.3

3.2 Сынауға дайындалу

3.2.1

3.2.2 } Үшінші тараудың екінші бөлімшесі пункттерінің номері

3.2.3
Иллюстрациялар

Диплом жұмысындағы иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек.

А4 форматынан кіші түсірілген суреттер болған жағдайда олар стандартты ақ қағазға желімденуі керек.

Иллюстрациялардың реттік нөмірлері және атаулары болуы тиіс, ол суреттің астында жолдың ортасынан жазылуы тиіс


Сурет 1. Банктік жүйені талдау
Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет. Сілтеме жасауда «ә суретке сәйкес» деп жазылуы керек.
Кестелер

Кестелер көрсеткіштерге салыстырмалы құрылымдық-қарқынды талдау жүргізу үшін келтіріледі. Кестенің атауы оның мазмұнын ашатындай және қысқа болуы тиіс. Кестенің атауы кестеден жоғары сол жағына қарай, абзацсыз нөмірленіп бір жолға сызықша арқылы жазылады (мысалы: 1-кесте - «ААМЗ» АҚ-ң 2007 -2009 жж. жекелеген өнімдерінің сату көлемі). Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады. Барлық кестелерге диплом жұмысында сілтемелер болуы тиіс.

Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады (бұл ретте кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды), ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы».

Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

Кестелердің шрифт мөлшерін мәтіндегіден кем алуға, яғни №12 кегльмен жазуға рұқсат беріледі.

Кестенің рәсімделуінің мысалы:
3-кесте – «Саулет» ЖШС-нің 2007-2009 жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жылдар

2009 жылдың алдыңғы жылдарға қатысты өзгерісі, %

2007

2008

2009

2007

2008

Өнімді сатудан түсімдер

мың теңге

104814,8

110856,0

117562,0

112,2

106,0

Сатылған өнімнің өзіндік құны

мың.

теңге


78925,5

83308,3

88169,6

111,7

105,8

Негізгі қызметтен табыс

мың.

теңге


25889,3

27547,7

29392,4

113,5

106,7

Қызметкерлердің орташа айлық саны

адам

76

76

78

102,6

102,6

Қуаттарды пайдалану коэффициенті

%

77,6

73,9

78,4

101,0

106,1

Жаңа тауардың үлесі

%

0

5

4,8




96,0

Нарықтағы үлесі

%

0,5

0,53

0,59

118,0

111,3

Сату рентабельділігі

%

24,7

24,8

25,0

101,2

100,6

Е с к е р т у – [ 1;2; 3] әдебиеттер негізінде автор құрастырған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет