390
391
ғылыми қосымшалар
«рассвет» совхозындағы Бүрліағаш бөлімшесінде туып-өскен.
Жас кезінен Сарыарқаны, Алтай мен Тарбағатайды,
Моңғо лия-
дағы Қобда аймағын көп аралаған. Қалмақ, қытай тілдерін де
еркін сөйлеген.
ол әсіресе Қазақстанның орталық, шығыс өңіріне қатысты
ру
шежіресін, жер жайын, топонимдік аңыз-әңгімені мейлін ше
көп білген адам.
Жақанов Илья /1936/—жазушы, композитор. Жамбыл
об
лысының Сарысу ауданына қарасты «Жаңатас» (бұрынғы
«Ілгерібас» колхозы) совхозында туған. Әйгілі қобыз күйшісі
Дүкенұлы ықыластың аталас ұрпағы. 1963-1984
жылдары
Қазақ радиосының музыка редакциясында еңбек етіп, қазақ
музыкасын насихаттауда елеулі еңбек еткен.
и.Жақанов қазақ музыкасы мен қазақ өнерінің майтал-
мандарына арналған «Қайта оралған ән» /1968/, «Хош бол
вальс» /1968/, «Екі жирен» /1971/, «Махаббат вальсі» /1983/,
«Аққулар қонған айдын көл» /1988/
сияқты кітаптардың және
көптеген радиопьесалардың авторы. оның «Нені ойладың»,
«Даниярдың әні», «Әсел», «Жайлаукөл кештері», «Түнгі сыр»,
«Толағай», «Балқан тау» сияқты ондаған әндері жұртшылық қа
кеңінен танымал.
Жалмышев Сағын /1936/—домбырашы. Туып-өскен же-
рі—Атырау облысы. Сағын домбыра тартуды жеті жасынан
бастаған. 1958 жылы әскери
міндетін өтеп қайтқан соң, Аты-
рау қаласында Қр-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,
күйші Құсайынов Сейілхан ұйымдастырған Нұрпейісова
Дина атындағы ұлт аспаптар оркестріне қатысады. Мұның өзі
Сағынның домбырашылыққа біржолата
ден қоюына себепші
болады. Бұл жолда оған ұстаздық етіп, көп тағылым берген
адамдар: күйші-композитор Тілендиев Нұрғиса,
домбырашы-
лар өскенбаев Мұрат, Сұлтанов Фазыл, Есқалиев Әзилдолла.
С. Жалмышев Құрманғазы, Дәулеткерей, Боғда, Сейтек,
Қазанғап сияқты дәулескер күйшілердің жүзге тарта күйін
орындайды. оның тартқан күйлері күйтабақ
болып шық-
қан. Қазақ радиосының теледидардың, Қр Ғылым академия-
сы Әдебиет және өнер институтының қорында Сағын тартқан
көптеген күйдің үнтаспасы сақталуда.
Достарыңызбен бөлісу: