392
393
ғылыми қосымшалар
Сандуғаш еңбек жолын машина жүргізуші болып бастап,
өлгийдің музыкалық драма театрындағы оркестрде біраз уа-
қыт домбырашы болды. Қазір
Қазақтың ауыл шаруашылығы
институтының мал дәрігерлік факультетінде оқиды. Сандуғаш
халқының рухани мұрасына қатысты шежіре сөзді көп біледі.
Жылқыбаев Қойбағар /1900-1981/—күйші. Жезқазған об-
лысының Жаңаарқа ауданында туып-өскен. Әртүрлі жұ мыс-
тар атқарған еңбек адамы. Әйгілі күйші Шоңманұлы Тоқаның
көзін көріп, көптеген күйлерін, өмір деректерін білген.
1960 жылдары республикалық
халық шығармашылығы
үйі мен республикалық радиоға Тоқа Шоңманұлының «Жал-
ғыз шырақ», Бәйшеттің Қыздарбегінің «Жетім қыз» сияқты
күйлерін бас етіп, бірнеше күй жаздырған.
Кәбішев Өзбек /1921-1981/—күй аңызын айтушы. Қара-
ған
ды облысының Егіндібұлақ ауданында туған. өзбек—
Тәттімбеттің туған шөбересі. Тәттімбеттен Қыстай,
одан Кәбіш
/1880-1934/, одан өзбек туады. Күйші бабасының тұтын ған
заттары, суреті, медальдары мен грамоталары осы өзбектің
үйінде сақталып келді. өкінішке орай, 1928
жылы Тәттімбет тің
немересі Шайқы бай-болыстың тұқымы ретінде кәмпеске ле ніп,
тұтқындалған кезде, басқа туыстары күйші бабасына қа тыс ты
заттардың бәрін құртып жіберуге мәжбүр болған.
Семей музейіндегі Қазанғап пен Тәттімбеттің медальдарын
жазушы Сатаев
Амантай осы өзбектен алып, табыс еткен.
Керімқұлов Омархан /1935/—күйші. Алматы облысының
Еңбекшіқазақ ауданындағы Сөгеті ауылында тұрады.
1954 жылы Құлжа қаласында күйші-домбырашылардың
күй сайысы өтеді. 19 жасар омархан сонда 120 күйді мүлтіксіз
орындап, жеңімпаз атанады.
Күйшілікке Қожекенің баласы рақыш, Шіде секілді өнер
иелері баулыған. Заман ағымы,
тұрмыс тауқыметі омарханға
көп жылға дейін домбыра ұстатпады. оның күйшілік-дом-
бырашылық өнерінің қайта түлеуі еліміздің тәуелсіздік алуы-
мен байланысты. ол туралы газеттерде,
теледидарда бағалы
пікірлер айтылып, Жетісу өлкесіндегі күйшілік мектебінің есігі
қайта ашылғандай болды. омарханның өзі де күй шығарумен
айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: