«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет246/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Жаманғараев Совет /1929/—күйші. өзбекстандағы Бұха-
ра облысына қарасты Тамды ауданында туған. Әкесі Сүгірбаев 


392
күй аңыздар
Жаманғараның күйлерін тартып, аңыз әңгімелерін жеткізу ші, 
«Жас дәурен» /1960/, «өлеңдер» /1965/, «Құрдастар» /1966/ 
деп аталатын өлең кітаптары жарық көрген. 
Жантайлақұлы Қасихан /1914-?/—домбырашы, халық 
күйлерін насихаттаушы. МХр, Баян-өлгий аймағының Бұл ғын 
сұмынында туылған. оның әкесі Жантайлақ—әйгілі Көбеш 
батырдың нересі. 
Жантілеуов Қали /1902-1970/—Қр-нің халық артисі 
/1954/, белгілі күйші-домбырашы. орал облысының Жаңа-
қа 
ла ауданында дүниеге келген. ұстазы—әйгілі халық 
күй 
шісі Ерғалиұлы Мәмен /1858-1931/. Мәмен өз кезінде 
Құр манғазыға шәкірт болған. Қ. Жантілеуов 1934 жылы Қа-
зақ стан өнерпаздарының тұңғыш рет өткен слетіне қатысып, 
бірінші орын алған. Көп жылдар бойы Құрманғазы атындағы 
Мемлекеттік халық аспаптары оркестрінің домбырашысы бол-
ды. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерватория 
ның ха-
лық аспаптары кафедрасында /1945-1955/, Қазақтың Жамбыл 
атындағы мемлекеттік филармониясында /1955-1968/ еңбек етті. 
Қ.Жантілеуов Қазақстанның батыс өңіріндегі күйшілік 
өнер дің майталман білгірі, күйдің әрін тайдырмай халықтық 
дәстүрде орындаудың буынсыз шебері. ол кісіден тағылым ал-
ған күйші-композиторлар, домбырашылар: ү.омаров, Х.Тас-
танов, Қ.Мұхитов, Н.Тілендиев, Ә.Есқалиев, Қ.Ақмедияров, 
Ш.Әбілтаев, С.Балмағамбетов т.б. 
Жәлімбетов Нәби /1907-1989/—белгілі домбырашы. Қы-
зыл орда облысының Қазалы ауданына қарасты Ақсиық деген 
жерде туылған. Халықтың байырғы күйлерін көп біл ген, ол 
білгенін келістіре тартқан дәулескер домбырашы. Сыр бойын-
дағы Мырза, Айсүгір, Жалдыбай сияқты әйгілі күй ші лер дің 
дәстүрін жалғастырған соңғы өкілдерінің бірі. 
Нәби 1940 жылға дейін Қазалы темір жолында еңбек етіп, 
кейін Қызылорда облыстық филармониясында домбырашы-
лық қызмет атқарған. «Нар идірген», «Ақсақ құлан», «Құлан 
жорға», «Баулы ешкі» сияқты байырғы күйлерді белгілі дом-
бырашы, музыка маманы райымбергенов Абдулхамит нотаға 
түсірген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет