Нагашбаева нуршат талгатқызы



Pdf көрінісі
бет25/38
Дата13.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#460680
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
Қазақ әдебиетіндегі интермәтінділік және постмодерндік деконструкция

««Кімді не бұзады? Неге бұзады?» деген сауалдарға көпшіліктен тиіп-
қашып жауап алып болысымен ол газетке үңіліп тұрып: «Сүндетке отырғызу 
деген түбі тоқталады, босқа даурықпаңдар» деп мүлде қиямпұрыс әңгіме 
бастады.
Немен, неме-не? – Пікән оған төніп үңіле қарады. 
– 
Ертеңгі күнге реально қарау керек деймін. Енді жүз жылдан соң 
жер бетінде мұсылман да, кәпір де болмайды, ұлт деген атымен жойылады. 
Қазағың да құриды... 


59 
– 
Невадада ядролық қару сыналыпты, - деді Виктор. – Қуаттылығы 
150 килотонна. 
Жұрт үндемеді. 
– 
Мәссаған, - деді ол сәлден соң. – Дәл осындай қару біздің Семейде де 
жарылыпты. 
Жұрт оған көзінің астымен қарап қойды.
– 
Мұсылман елінде сана жоқ, - деді ол қарап тұрмай. – Иран мен 
Ирак кешегі бір шайқаста бір мың екі жүз елу адам жоғалтыпты. Оларға 
қашан ес кірер екен». 
Қаламгер әңгіме арасынадығы осындай қауесетті ретроспекция және 
проспекция қызметінде пайдаланады да, романға қосымша ақпар қосады
сонымен мазмұндық-астарлы қабат түзейді. Ал жиылған халықтың реакциясы 
содан кейінгі болатын оқиғаларға да реакциясы ретінде көрсетілгендей.
Көркем мәтінде, ресми коммуникациядағыдай емес, қауесетті 
жақтаушылардан гөрі, керісінше, қолдаушылар немесе растаушылар көп. 
Ондай жағдайлар қолданылатын тілдік бірліктер (деседі, көрінеді, депті-міс, 
ілініпті-міс), лексика-морфологиялық бірліктер арқылы аңғарылады.
Автордың сол қауесетті таратушыларға деген көзқарасы да мынадай 
күрделі баяндауыштар арқылы көрініп отырады: «тамсана отырып, көзімен 
көргендерден естіген хикаясын айтып шықты». 
Тағы да бір мысал келтірейік. Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ» 
романындағы үзіндіге назар аударалық: 
«– Мынау елдерде, - деді мүдіріңкіреп қалып. Оның «мынауы» жақынға, 
ал таяғының тым жоғары көтерілуі алысқа сермегендей еді... Жаяудың одан 
арғы сөзі Олжабекті тіпті шатастырды.
– 
Әуелде осындай колхоз болған екен, ещтеме шықпайтын болған соң 
таратып жіберіпті ғой. 
Қай елдер? – деп Олжабек елең ете түсті.
Осы мына Кіші жүз. Білгіштері көзін тапса керек. Япыр-ай, анық 
хабар бар ма? 
Жел соқпай шөп басы қимылдай ма?.. 
Солай-ау». 
Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романынан үзінді келтірелік: 
«Тибет тауы, алтын мен күмістің дүние жүзіндегі ең бай қорласының 
бірінен саналады. 
Мыңдаған жылдар бойына жинала берген алтын мен күмістің қоры
- деседі, білетіндер. – Тибетке Рафаилов керуені барған шақта, «төгіліп-
шашылып...» дегендей, мейлінше арзан болыпты». 
Мұхтар Мағауиннің «Көкбалақ» романындағы қауесет арқылы сол 
заманның тарихи шындығы ашылады: «...Іс ыңғайын аңдаған үлкендер көлденең 
әңгімеге көшкен. Қысыр сөз емес, бәрін толғантқан, көбінің көңіліне қауіп 
ұялатқан оқиғалар төңірегіндегі кеңес. Көктемнен бері шұбырған - басқындар 
ғана көрінеді. Ақтардың қалың тобы әлі ішкі жақта. Қаржысып, аянбай 


60 
соғысып жатыр деседі. Бірақ қызылдардың тегеурініне шыдамайтын тәрізді. 
Ортасынан ойылып, сөгіле қашыпты деген лақап та бар. Қарқаралыға 
ілініпті-міс. Осы Бұлғыртау өңіріне, әйтпесе, әрірек асып, Нарын жақта 
бекінбек. Күш жинап, қырғын соғыс жасамақ. ... 
 
Тоқсаба бұл әңгімелердің ешқайсысын көңіл қойып тыңдамады. ...»
Қаламгер бұл әңгімеге қатысып отырған адамдардың сөздерін жалпылап 
берген де, қауесет сөздерді ретроспекция және проспекция қызметінде 
пайдаланады. Осындай тағы бір мысал келтірейік. Ғабиден Мұстафиннің 
«Дауылдан кейін» атты романындағы мына бір үзіндіге назар аударалық: 
«–Естіген құлақта жазық жоқ. Айта берейін. Аманның сөзіне 
қарағанда, жоғары жақтан «оңқай», «солақай» деген біреулер шығып, 
Лениннің орнына отыруға таласып жатса керек. «Оңқайы» мен сияқты 
асықпайтын көрінеді, Социализмге өгіз аяқпен қыбырлап бір жетеміз дейді 
білем. Ал, «солақайы» Тәуке сияқты асығыс, шарт-шұрт деседі. Қайсысы 
болса да, ел билеп оңдырмас. 
– 
Кім билетеді оларға?! Кім сыйлайды оларды?! - деп Тәуке бұрқ 
етті».
Тарихта белгілі, Лениннің орнына отыру үшін елде талас-тартыс болды. 
«Ақтар» мен «қызылдар» («Большевиктер» мен «меньшевиктер») тартысын 
автор «оңқай» мен «солақай» деп бергенімен, қалың оқырман кім туралы екенін 
біліп отырары анық. Жеңіске жеткен «солақай»-лардың («қызылдар») билеу 
тәсілін де автор дәл жеткізген секілді.
Поэзиялық шығармалардағы қауесет көбіне көлемі үлкен балладалар мен 
поэмаларда кездеседі. Ақын қауесет пен өз сөзін қатар қоя отырып, қарсы 
шығу, қауесет пен өз сөзін өзара әрекеттестендіру арқылы бүтін бір оқиғаны 
жан-жақты жеткізеді. Мысалы, мына бір үзіндіге назар аударалық:
«Жайылды ел ішіне бала бақсы, 
 
Жұрттың сөзі - «бақсының алды жақсы 
 
«Көріп кел, айтқандары теріс кетпейді. 
 
Қобызшы, жауырыншы, құмалақшы! 
 
Құрт ауру болды деп жорып қойған, 
 
Байбосын да, елі де Сұлушашты. 
 
Сол бақсы қаңғалақтап өзі келді, 
 
Байбосын боп жүргенде алдырмақшы. 
 
Жалаңбас, жалаңаяқ, үсті өрім, 
 
Жырым-жырым жіберген балақ, жеңін 
 
Жауырыны қақпақтай, тостаған көз, 
 
Қарыс маңдай, қыр мұрын, жұқа ерін... 
 
Жұрт шуласты: «шіркіннің тұлғасын ай! 
 
Неткен бақсы қиянат біткен керім! 
 
Көріп кел екендігі рас шығар, 
 
Мына түрмен бұл бақсы болмас тегін!»» 


61 
Бұл - Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасынан үзінді. Үзіндіде ел 
арасына таралған бақсы туралы қауесет сөздер келтірілген. Ілияс 
Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы: 
««Ол күнде осы тауда жалғыз жан жүр,
 
Дүниеден аулақтанған дабыл-дүбір. 
 
Қара шал қайыңды отыр көлеңкелеп, 
 
Бір қу бас шал үстінде ілулі тұр. 
 
Неткен жан, әлде даңғыл, әлде мұңғыл? 
 
Бұл өзі күңірентіп айтады жыр»,- 
 
Осылай ертегі қып кетуінде
 
Елдің де ескі ауызында жоқ па екен сыр?» деген жолдар да жыршы шал 
туралы ел арасына таралған қауесет келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет