Назарбаев Қазақстан халқына кезекті


Дирижер - (фр. Diriger - басқару) -



бет46/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

Дирижер - (фр. Diriger - басқару) - хор ұжымының ұйымдастырушысы, жетекшісі.
Ду-воп (doo-wop) – өткен ғасырдың 50 жылдарда тараған поп-музыкасы-ның бір тармағы. Рок-н-ролл дәуірінде бұл бағыттың дамуы өте таңқаралық де-се болады, өйткені ол аспаптың сүйемелдеуінсіз а capolla (көбінесе 4 дауыста) айтылатын бағыт. Құрамы: ең жоғары тенор, екінші тенор, баритон және бас. Әуенді негізінен екінші тенор орындап, жоғары тенор болса, аспапта орындала- тын партияларды фальцетпен мың құбылтып, түрлендіріп ұстайды, ал баритон мен бас бэк-вокал ретінде екінші тенорға мықты сүйеніш қызметін атқарады.
Дыбыс биіктігі - музыка жүйесінде дыбыстардың дәлме-дәл, тепе-тең биіктікке келтірілуін «музыкалық құрылыс» дейміз. Бүгінгі халықаралық музыкалық құрылыс негізгі секундына 440 тербелістен тұратын бірінші октаваның ля дыбысы болып есептеледі. Осыған сүйене отырып, қалған төмен және жоғары орналасқан дыбыстарды жүйелі күйге келтіріп, дұрыстайды. Сондықтан бірінші октаваның «ля» дыбысы музыка әлемінде халықаралық биіктік өлшемінің үлгісі болып жарияланған. Музыкалық дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін ең әуелі олардың биіктігі мен ұзақтығын белгілей білу қажет. Жалпы музыканы түсіну үшін оның осы екі қасиетін бірдей шамалап, тани білу шарт. Музыкалық дыбыстарды жазу үшін «нота» деп аталатын шартты таңба қолданылады.
Дыбыс қатары - жоғары не төмен бағытта тізбекпен орналасқан музыкалық жүйенің дыбыстары.
Дыбыс күші – біздің есту сезімдеріміздің дыбыстың қатты немесе жай шығуын қабылдауы. Дыбыстың күші дыбыс тербелісінің шегіне – амплитудасына немесе тербелу қимылының серпілісіне байланысты. Серпіліс көлемі неғұрлым кең болса, ды быс солғұрлым күшті болып келеді, серпіліс тарылған сайын – дыбыс жай (баяу) шығады.
Дыбыс тембрі дыбыстық бояу, оның жағымдылығы, әсемдігі, жұмсақ немесе ащы, ашық үнділігін танытатын айыру белгісі, ажары. Мысалы, скрипканың үнін трубадан немесе бір әншінің даусын екінші бір әншінің даусынан ажыратуға мүмкіндік туғызатын - дыбыстың ажары, бояуы. Сонымен, музыкалық дыбыс деп – белгілі биіктігі, ұзақтығы, күші және тембрі (үн бояуы) бар дыбысты айтамыз. Демек, музыкалық дыбыстың төрт түрлі қасиеті бар. Музыкада тек әуезді дыбыстар ғана емес, сондай-ақ шулы дыбыстар да (мысалы, дауылпаз, тарелка, т.б.) қолданылады. Алайда шулы дыбыстар музыкалық дыбыстардан айрықшаланып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет