Назарбаев Қазақстан халқына кезекті



бет55/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

Музыкалық тақырып - қайталанбас бейнесін және мән-мағынасын анықтайтын музыкалық шығарманың негіз салушы бөлігі.
Музыкалық шығармалар - жалпы айтқанда әрбір музыкалық пьеса, соның ішінде халық әні немесе аспапты импровизация.
Нота (итал. Nota - таңба, белгі) музыкалық дыбыстарды жазу үшін «нота» деп аталатын шартты таңба қолданылыды. Нота - ақ немесе қара дөңгелекше болып келеді.
Нота жақтауы - нота белгілері орналасатын көлденеңнен жатқан параллель бес сызық.
Ноталық стан - музыкалық дыбыстардың белгілі бір биіктігін көрсетіп жазу үшін көлденең жатқан бір-біріне параллель бес сызықтан тұратын «ноталық станға» (нота таңбалары жазылатын бес сызық, немесе ноталық бес сызық) орналастырылады. Кейде «нота сақтауыш» деп де атайды. Реттік саны төменнен жоғарыға қарай саналады.
Нотаның ұзақтығын ұлғайтатын қосымша белгілер - ноталық жазылуда таңбаның негізгі ұзақтығынан басқа, оның ұзақтығын ұлғайтатын қосымша белгілер де қолданылады. Оларға жататындар:
Нүкте - берілген ұзақтықты жартысына дейін ұлғайтады. Нүкте нота басының оң жағына қойылады.
Екі нүкте – берілген нота ұзақтығының жартысына және тағы да төрттен бір бөлігіне шейін созылады.
Лига (ойыс 38 сызық) – бір биіктікте қатар тұрған ноталарды ойыс сызықпен бір-біріне байластыру арқылы созылым ұзақтығын ұлғайтады.
Фермата – нотаны белгілі бір шексіз уақытқа ұзартатын белгі. Фермата ортасында нүктесі бар кішкене доғашамен белгіленеді: фермата таңбасы нотаның астынан да, үстінен де қойылады, дегенмен ферматада да шексіз бар: ол берілген нотаныекі есе ұзартады.
Нюанс (фр. Nuance - әсерлеу) - музыкалық шығармалардың үндерінің түрлі сазбен, нақышпен, күшпен әсерленуі, түрленуі. Нюанстарға екпіндер, өзгермелі таңбалардың барлық түрлері жатады.
Октет – а) 8 адамнан құралған музыкант- орындаушылар; ә) 8 аспапқа арналып жазылған музыкалық шығарма.
Өлшем - такт ішіндегі әлді, әлсіз үлестердің ұзақтық өлшемі. Өлшем шығармалардың жүрісін, желісін бір екпінге, белгілі бір тепе-тең үлестерге келтіріп орындалуын қамтамасыз етіп тұрады. Өлшемдер жай бөлшектермен белгіленеді. 2/4, 3/4, 4/4, 6/4.
Опера – сөз, сахналық көрініс пен музыка синтезіне негізделетін музыкалық- драмалық шығарма, музыкалық-театралды өнердің түрі. XVI-XVII ғасырлар шеңінде Италияда пайда болған. Түрлері: опера-балет, опера – буффа, опера- водевиль, опера-комик, опера-семисериа, опера-сериа.
Оpaтоpия - XVI ғ. Pим шipкeyшiлepi хaлықты бибилия оқyғa тapтa бacтaды. Боcyaқыттapындa шipкeyдeн тыc бipepeкшe жepлepдe, яғни «оpaтоpиялapдa» библия оқып отыpып epeкшe бipcapынмeн pyхты жaндaндыpaтын әyeндep шығapғaн. Cондықтaн бұл шipкey әндepiн оpaтоpия дeп aтaп кeткeн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет