Өндірістік үдерістерді механикаландыру және автоматтандыру кафедрасы Зертханалық сабактардын әдістемелік жоспары «Ет және балық өндірісі кәсіпорындарындағы құрал-жабдықтар»



бет6/17
Дата03.01.2022
өлшемі1.29 Mb.
#450474
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
зертханалык сабак ет және балық өндірісітерінің технологиялық машиналары мен жабдықтары

Зертханалық сабақ №4

Тақырыбы: Аралыстырғыштар құрылысымен танысу

Жұмыс мақсаты.

Бұл жұмыстың мақсаты аралыстырғыштар құрылысымен, оларды тиімді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерімен, есеп әдістерімен танысу, кинематикалыќ сұлбасын салу және бөлшектердiң жұмыс эскиздерiң жасау болып табылады.


Ет өнеркәсiбiнде шұжық, котлет, ет нанын өңдiру кезiнде сорты әртүрлi фарштың сонымен қатар майдалап ұсақтауға арналған оның компоненттерiң араластыру үшiн араластырғыштар қолданылады.

Араластыру мыналар көмегiмен жүзеге асады:



  • қозғалатын қалақшалар;

  • резервуарының айналуы;

  • массаны тесiктер, соплалар, тез айналатын жұмысшы органдар арқылы өткiзу;

  • сығылған ауа немесе бу арқылы;

  • ультра дыбыс, электргидравликалық әсер және т. б. арқылы.

Алғашқы үш тәсiл механикалық деп аталады, төртiншi-пневматикалық, ал соңғысы-кавитациялық немесе импульстi деп аталады.

Араластыру тәсiлдерiн, ыдыстың немесе араластырғыш типiн, конфигурация саның, қалақшаның формасымен қозғалыс жылдамдығын араластыратын массаның жағдайына, түрiне және басқа факторларына байланысты таңдайды.

Жұмыс алдында фарш араластырғыштын құйрықшасын әмбебап жетекке винтпен бекiтедi. Содан соң корпусқа бiлiктi қояды, үйкелiстi азайту үшiн цапфаларды тұзсыз тамақ майымен майлайдыда қақпақпен жауып гайкалармен бекiтедi.

Жетектi қосу алдында машинанын тиеу воронкасында сақтағыш заслонкаларын тексеру керек. Құрастыру аяқталған соң, жетектi қосып машина жұмысын бос күйiнде тексередi. Егер машина жұмыс iстеп тұрса, онда жұмысшы камераға аралыстыратын өнiмдi салады.

Араластыру бiткен соң заслонка жоғарыға көтерiледi, дайын масса айналып тұрған қалақшалармен ыдысқа итерiлiп түседi. Жұмыс бiткен соң фарш араластырғыштын механизмдерiн шешедi, жабысып қалған фарштан тазартып ыстық сумен жуып кептiредi.

Жұмыс орындау әдiстемесi


  1. Кинематикалық сұлбаны құрастыру.

  1. Негiзгi есептеулердi орындау.

  1. Өзiн тексеру сұрақтарына жауап беру.

1. Араластырғыштын өнiмдiлiгiн: Мо3/с, м3/са№) анықтау:

Мо = Vһj/t,

мұндағы: V – араластырғыш ыдысынын көлемi, м3;

t - араластыру процессiнiң уақыты, с;

j - ыдысынын көлемiн өнiммен толтыру коэффицентi (кесек еттi араластыру кезiнде 0,3-0,8; фаршараластырғыштарда 0,5-0,7; тiк аралыстырғыштарда 0,8-0,9).

2. Қажеттi қуатты анықтау NM:

NM = КNһrCһn3һdM5,

мұндағы: Nм –араластырғыштын бiлiгiндегi жұмысшы қуаты, кВт;

Dм - араластырғыштын диаметрi, м;

rс - араластырылатын ортанын тығыздығы, кг/м3;

n - араластырғыштын айналу жиiлiгi, айн/с;

КN – ортадан тепкiш Рейнольдс критерийiне байланысты қуаттын критерийi.

Reц = rсһnһdм2/mс,

Қуат критериi графиктен анықталады. Электрқозғалтқышты қуат қорынын коэффицентiн есепке алып

Nә = (Nр/hәһhбер)һb, кВт

Араластырғыштын интенсивтiгiн анықтау.

Планетарлық аралыстырғыштын бiр айналғандағы сақина ауданы:

fu = pһ(rс2 – r2), м2

мұндағы: rс және r – сыртқы және iшкi траектория радиустары немесе айналу осiнен араластырғыштын сыртқы және iшкi шеттерiнен өтетiн қисықтарына дейiнгi арақашықтық.

Өндеу процесiң интенсивтiгi, ол жалпы өнделген ауданның уақыт бiрлiгiнiң, резервуар түбiнiң ауданына қатынасы:

fм = fкһzһn/F, м2/(м2мин) (7.6)

мұндағы: fм - өңдеудiн меншiктi интенсивтiгi, м/мин; z - қалақшалардын саны; n - қалақшанын айналу саны, айн/мин; F – ыдыс түбiнiң ауданы, м2.
Өзiн тексеру сұрақтары.
1. Ет өнеркәсiбiндегi аралыстырғышттардын қолданылуы

2. Аралыстырғыштардын типi конструкциясы және өнiмдiлiгi бойынша классификациясы.

3. Аралыстырғыштардын жұмысшы органдары және олардын конструктивтiк ерекшелiктерi.

4. Аралыстырғыштардын пайдалы әсер коэффициентi.

5. Аралыстырғыштардын теориялық және нақты өнiмдiлiгi.

6. Аралыстырғыштардын орнату ерекшелiктерi.

7. Аралыстырғыштардын бұзылуы және оны жөндеу тәсiлдерi.

8. Аралыстырғыштармен жұмыс iстеу кезiндегi техника қауiпзiздiгi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет