ОҚУ Әдістемелік кешен



бет18/25
Дата14.06.2016
өлшемі1.96 Mb.
#135189
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

Компьютерлік желілер



Жоспар:

1. Компьютерлік желі.

2. Компьютерлік желілердің түрлері.

3. Негізгі желілік топологиялар.

4. Желілік технологиялар.

5. Мәліметтер базасы.



Әдебиеттер:

1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова

Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

4. Г.Евсеев, С.Симонович “WINDOWS 98 полный справочник в вопросах и

ответах”. Москва 2001.
1. Компьютерлік желі.

Компьютерлік желі- дегеніміз- бір – бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым –қатнас жасауына арналған апарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

Басқаша айтқанда желі деп. дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік апарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметтерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютердегі мәліметтер базасымен қатнас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:

-желімен қатнас құруды ұйымдастыру;

-лардың арасында мәлімет алмасуды басқару;

-елі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.



2. Компьютерлік желілердің түрлері.


Жергілікті және аймақтық – таратылған желілер.

Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлермен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.

Жергілікті желілер деп.-дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері ролін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.

Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді штекері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес комп’ютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп. аталады.

Аймақтық – таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстар өте қашықта орналасқан бір компанія компьютерлері арасында атқра алады.

Интернет дегеніміз- дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі.

Кез – келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама, интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.

Желі топологиясы оның негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.

Желілік техникалық құралдар- компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамассыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

Желілік программалық құралдар – компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамссыз етеді.

Интерфейстер – желінің функционалдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.


Протоколдар –желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатнас жасау ережелері. Функциональдық элементтер ролін әртүрлі құрылғылар және де программалық модуль дер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

3. Негізгі желілік топологиялар.


Желіні атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін.

Шиналық топология. М±нда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады.

Жұлдыз тәрізді топология. М±нда ортақтандырылған коммутациялық түйін – желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады.

Сақиналық топология. М±нда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын ара лап шығады да, он коректі комп’ютер қабылдған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі-кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

4.Желілік техникалыќ ќ±ралдар.

Жергілікті немесе аймаќты тармаќталѓан желілер архитектураларына байланысты негізгі компонеттер мен технологиялар мынадай бµліктерден т±рады:


Аппартыќ ќ±ралдар:

  • кабельдер;

  • серверлер;

  • желілік интерфейс таќшалары (NIC, Network Interface Card);

  • концентраторлар;

  • коммутаторлар;

  • аймаќтыќ тармаќталѓан желілер ‰шін баѓдарлауыштар (маршрутизаторлар);

  • аймаќтыќ тармаќталѓан желілер ‰шін ќашыќтан ќатынас ќ±ру серверлері;

  • аймаќтыќ тармаќталѓан желілер ‰шін модемдер;


Серверлер. Клиент/сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге ќосылѓан басќа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен ќолданбалы программаларды саќтауѓа арналѓан жоѓары кµлемді ќатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Б±ѓан ќоса серверде желілік операциялыќ ж‰йе (NOS, Network Operating system) орнатылып, ол шеткері ќ±рылѓыларды да басќара алады.

Желілік интерфейс таќшалары (NIC, Network Interface Card) ‰стелге ќойылатын жєне портативті алып ж‰руге ыњѓайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желідегі басќа ќ±рылѓылармен ќатынас ќ±ру ‰шін ќажет. Компьютер ж±мыс µнімділігіне бірсыпыра талаптар ќоятын єрт‰рлі дербес компьютерлерге арналѓан желі таќшаларыныњ кµптеген т‰рлері бар. Олар мєліметтерді тасымалдау жылдамдыѓыныњ µзгеруі мен желіге ќосылу тєсілдеріне байланысты єрт‰рлі болып келеді.

Модемдер жай телефон арналары арќылы Интернетке ќосылып, онымен мєлімет алмасу м‰мкіндігін береді. “Модем” деген сµз осы ќ±рылѓыныњ ќызметіне байланысты шыќќан, ол “модулятор/демодулятор” сµздерініњ ќысќаша т‰рі. Модем дербес компьютерден шыќќан цифрлыќ сигналдарды жалпы телефон арналары арќылы тасымалданатын аналогтыќ сигналдарѓа т‰рлендіреді. Ал екінші модем ќабылданѓан сигналдарды ќайтадан цифрлыќ формаѓа ауыстырады.


5. Мәліметтер базасы


Көбінесе қарапайым мәліметтер базасы бір компьютердің дискісінің бір немесе бірнеше файлында орналасады. Мұндай мәліметтермен бір адам жұмыс істей береді. Ал егер мәліметтер базасы ‰лкен компания үшін құрылған болса ше? Ондай да бұл мәліметтерді бір мезетте екі – үш адам пайдалануға тура келеді. Ал, ол компаниялардың филиадары әр жерде және бір-бірінен қашық орналасса ше? Мұндайда мәліметтер базасын қажет еткендер уақытша қалай пайдалана алады?

Сол компьютерлерді бір компьютерлік желіге біріктіріп мәліметтер базасын серверіне орналастыру керек. Желінің жұмыс станциялары жерделі терминал ролін атқарып, қажетті мәліметтерді керек кезінде мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверден с±рап, оның дискісінен альп отырады. Мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверге сұраныс түскен соң, керекті мәліметтер жұмыс станцияларына жіберіліп отырады. Серверлік компьютер әр жерде орналасқан ЭЕМ –дермен (яғни мәліметті пайдаланатын адаммен) тек желілік байланыс арқылы ғана мәліметтер алмаса алады.

Лекция №9
Интернет
Жоспар:

1. Интернеттің негізгі түсініктері.

2. Интернетке қосылу.

3. Word wide web – тің негізгі түсініктері.

4. Internet Explorer 5.0 программасымен жұмыс істеу негіздері.
Әдебиеттер

1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова

Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

4. Г.Евсеев, С.Симонович “WINDOWS 98 полный справочник в вопросах и

ответах”. Москва 2001.
1. Интернеттің негізгі түсініктері.

Интернет деп бүкіләлемдік компьютерлік торапты айтады. Интернет сөзінің тікелей аудармасы – желіаралық, яғни желілердің бірігуі деп түсінеміз. Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бір-біріне жалғануын айтады.

Барлық компьютерлік желілерден пайдаланудағы негізгі мақсат – олардың ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз ету.

Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, программалық және ақпараттық. Аппараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы және т.б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, қатқыл дискінің көлемі.

Қашықтағы компьютерлерде сақталған мәліметтер ақпараттық ресустарды құрайды.

Компьютерлік желідегі аппараттық және программалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты программалар қызмет етеді. Соңғы жылдары Интернет ұғымының мағынасы кеңейіп, ол Бүкіл әлемдік компьютерлік желі дегенді білдіреді. Шындығына келсек Интернет өзара тікелей қосылған компьютерлердің жиынтығы емес,ол қандайда бір ақпараттық кеңістікті құрайды.

Интернетте жұмыс істеу дегеніміз –– шындығына келгенде толығымен алғандағы Интернетте емес, тек оның көптеген қызмет түрлерінің біреуінде жұмыс атқару.

Қарапайым тілмен айтсақ, қызмет түрі деген қандайда бір ережелерге сай өзара қарым қатнаста болатын хаттама деп аталатын программалар жұбы.Осы жұптың программасының біреуі сервер, екіншісі –– клиент деп аталады. Әрбір қызмет түрінің әр алуан хаттамалары бар. Интернеттің қызмет түрлерінің хаттамалары қолданбалы хаттамалар деп аталады. Мысалы, Интернетке файылдарды жіберу үшін арнайы FTR қолданбалы хаттамасы пайдаланылады.Сәйкесінше интернеттен файл алу үшін мынадай іс әрекеттер жасау қажет:

Компьютерде FTR клиенті болып табылатын программа орнату;

 FTR қызметін ұсынушы сервермен байланыс орнату.

Тағы бір мысалы, электрондық поштаны қолдану үшін хабарды жіберу және қабылдау хаттамалары қажет. Ол үшін пошталық клиент программасы компьютерге орнатылады және пошталық сервермен байланыс түзіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет