Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет27/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

2-тапсырма. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз


Жер-Ананы аяла
«Жер» деген сөздің көп мағынасы бар. Жер дегеніміз – ел, Отан, халық. Адамдар үшін жерде жұмыс істеуден, өз жерін қорғаудан маңызды ештеңе болмаған.
Көпке дейін адамдар табиғатты, жерді өзіне бағындырғысы, табындырғысы келді. Жауды бағындырады, ал адамзаттың тіршілік көзі болған Жер-Ананы бағындыра алмайды! Шындыққа тура қарайтын уақыт келді, Жер-Ана қазір жаралы ...
Ядролық жарылыстар – жер үшін ең қорқынышты қауіп-қатер. Семейде алғашқы жарылыс 1949 жылдың 29 тамызында жасалыпты. Ал соңғысы 1989 жылдың 19 қыркүйегінде болды. Осы 40 жыл ішінде 470 ядролық жарылыс жасалған. Олардың 90-ы әуеде, 26-сы жер бетінде, қалғаны жер астында өткізілген. Оған қоса 175 химиялық қару сынағы өткізілген. Бір ғана Абыралы аймағы қаншама зардап шеккен. Ойлап қарасаңыз, Байқоңыр да сынақ алаңы. Бұларға Аралдың қасыретін қосыңыз.
Қазақстанның барлық аймағы көмекке зәру. Емдейтін, қорғайтын, аялайтын уақыт келді. Осы тұңғиықтан шығуға бола ма? Бүгінгі ұрпақ, бұл сіздердің азаматтық көзқарастарыңызға байланысты.
Сөздік
бағындыру – властвование
Арал қасыреті – трагедия Арала
мағына – смысл, значение
жарылыс – взрыв
бағындыру – подчинить
зардап шегу – жгучая боль
тіршілік көзі – источник жизни
тұңғиық – бездна
көзқарас – взгляд
көмекке зәру – нуждается в помощи
сынақ алаңы – полигон позиция


3-тапсырма. Есіңізде сақтаңыз!Әңгімелеңіз


Есте нені сақтап, нені сақтамау керек
Бір адам данышпаннан:
– Есте нені сақтау керек және нені ұмыту керек?– деп сұраған екен.
Данышпан:
– Егер біреу саған жақсылық еткен болса, есіңде сақта, ал егер өзің біреуге жақсылық еткен болсаң, оны ұмыт,– депті.
(Үнді ертегісінен)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет