124
Эпилептоидты тип. Бұл типтің негізгі ерекшеліктері: көңіл
- күйінде кек сақтау, қайғыру кезеңдері басым. Осы көңіл - күйге
байланысты аффектілік мазасыздану, агрессиясын тежей алмау
жағдайы болады. Жасөспірім кезеңде күшіне сену, конфликтіге
жиі келуі, кек сақтағыштық, лидерлік, өшпенділік қасиеттер тән.
Истероидты тип. Эгоизм және өзін көрсету
ерекшеліктері
өте айқын. Айналадағы адамдар реакциясына өте сезімтал, тез
бейімделеді, қандай жағдай болсада, қандай рөл болсада тез
игереді, үнемі ортада, басқалардың
зейінін өзіне аударғанды,
таңқалдырғанды, ерекше көрінуді қалайды.
Тұрақсыз
тип.Бұл
типтің
жасөспірімдеріне
тән
ерекшеліктер: ерік - жігері әлсіз, өзгелердің әсеріне тез беріліп
кететін, өзінің нақты мақсатының болмауы. Оның әрекеттері
көбінесе кездейсоқ сыртқы әсерлерге
байланысты және келеңсіз
топтар ортасында жиі болуынан мектептен, үйден, жұмыстан
кетеді. Ішімдікпен, нашақорлыққа бейім. Қатаң тәртіпті жағдайда
ұнамды қасиеттерді қалыптастыра алады.
Комформды тип. Бұл типтің негізгі сипаттары: айналадағы
жағымды жағдайлар мен құндылықтарға үнемі және тұрақты
бағдарлану, толықтай ортаның қысымына бағыну, өзінің тұрақты
пікірі
мен қызығушылығының болмауы, жаңаны қиындықпен
қабылдауы және өмірдегі өзгерістерге бейімделуі қиын.
Тұлғаның мінез-құлық сипаттарының тұтас кешенді бірлігі
типтік сипаттарын зерттеу әдістемелері: Көп профильді
Миннесот тұлғалық сұрақ-жауап. К.Леонгард, А.Е.Личко, т.б.
сұрақнамалары
Достарыңызбен бөлісу: